1) 11-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:
1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, ендіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.».
34. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылады және нығайтылады.».
35. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
35-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекітеді;»;
5) 8-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктердi, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық қолдап отыруды;
2) телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау жүргiзуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.»;
7) 11-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың 2 және 5-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 13-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уәкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерін міндетті есептік тіркетуді жүргізеді.
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (үлестер, пайлар) пакеті, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалары бар шетелдік теле-, радиоарналарды Қазақстан Республикасының аумағында тарату Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатыстырылатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындалу кезінде заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде көрсетілген заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.»;
11) 19-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
35-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
35-тармақтың 12) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;»;
13) 27-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі «тәртібін» деген сөзден кейін «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақтың 14) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға тек қана телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттың негізінде жол беріледі.»;
15) 42-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.».
36. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«9) Бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
2) 9-баптың 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын бекітеді;
10) Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;
3) 10-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»;
4) 11-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»;
5) 18-баптың 3) тармақшасы «веб-порталы» деген сөздерден кейін «және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері электрондық құжат нысанында «электрондық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мәтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі.
2-2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен реттеледі.
2-3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мәні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.»;
7) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 4-тармағындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай» деген сөздер «Бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын.
37. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат):
12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «тұлға» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын» деген сөздермен толықтырылсын.
38. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 9-тараудың тақырыбындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-қосымшаның 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
30. | Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу | Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік | |
»;
4) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 37 және 38-тармақтармен толықтырылсын:
«37. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
38. Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама.».
39. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 2) тармақшасындағы және 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 12) және 14) тармақшаларын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 24-і.
№ 419-V