«3. Лицензия экспорттық бақылауға жататын, Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға немесе өнімге беріледі.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған мөлшерде жекелеген тауар түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін бас лицензия;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық беретін айрықша лицензия;
3) сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір мөлшерде лицензияланатын тауарды экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін біржолғы лицензия.
Лицензиар тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған бас және айрықша лицензиялар беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе) импорттауға бас және айрықша лицензиялар берілмейді.»;
«5. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде өзгеше ескерілмесе, тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған бас лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін - квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен белгіленеді.
6. Экспортқа және импортқа арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органы белгілейді.»;
2) 2-қосымшаның 51 және 212-жолдарындағы «Кеден одағының», «Кеден одағына» деген сөздер тиісінше «Еуразиялық экономикалық одақтың», «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 51-құжат):
1) 1-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) төлеушілер - «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған тұлғалар;»;
2) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, осы баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу және қайтару «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 20-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):
1) 1-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
2) 3-баптың 2) тармақшасындағы «5 және 6-тармақтарын» деген сөздер «5-тармағын» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағында:
57) тармақшаның төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын;
58) тармақша алып тасталсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын» деген сөздер алып тасталсын.
35. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат):
43-баптың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтылуға тиіс.».
2-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 124-VІ