3) 19-7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.».
18. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 12) тармақшасындағы және 18-баптың 1-тармағының 7-4) тармақшасындағы «Кеден одағы», «Кеден одағының» деген сөздер тиісінше «Еуразиялық экономикалық одақ», «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж.,№ 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат;2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):
17-1-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат):
1) 1-баптың 14) және 31-1)тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - ұйымдардың стандарттарын және консорциумның стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптауыштарын, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;»;
«31-1) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
2) 5-баптың 8) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;»;
3) 7-баптың екінші бөлігінің 11) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді, бекітеді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
«14) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымның қызметін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;»;
4) 8-баптың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасындағы «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.
Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
5. Егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.»;
6) 40-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары және (немесе) шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібінің бұзушылықтарын жою туралы нұсқама беруге;».
21. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 18-баптың 1, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттық бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақталған кезде резиденттер мен бейрезиденттер шектеусіз жүзеге асырады.»;
«3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жолчектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына мiндеттi кедендік декларациялауға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығарылуы және мақсаты туралы мәліметтер көрсетіле отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналғанқұжаттық бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына мiндеттi кедендік декларациялауға жатады.
5. Аффинирленген құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 29-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасау, ақпарат алмасу, оның ішінде электрондық нысанда ақпарат алмасу тәртібі, сондай-ақ осындай ақпарат алмасу шеңберіндегі мәліметтер тізбесі бірлескен актімен айқындалады.».
22. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықаралық іскерлік операциялар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін:
тауарлар экспорты - Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;
тауарлар импорты - Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу;»;
2) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.».
23. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат):
1-баптың 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері - қазақстандық өндірушілер өндірген және:
Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын;
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;».
24. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімдерде міндетті түрде уәкілетті органға ұсына отырып жүзеге асырады.».
25. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 26-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында өзгеде кедендік рәсімдермен, оның ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болуы және қойылуы мүмкін.»;
2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттармен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылады және кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.».
26. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат;2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы магистральдық құбыржолмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.».
28. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 16-1-баптың 1-тармағында:
«Құрылықтық қайраңда», «құрылықтық қайраңның», «өндіру», «құрылықтық қайраңда», «құрылықтық қайраң», «жүзуге құқығы бар», «, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен» деген сөздер тиісінше «Континенттік қайраңда», «континенттік қайраңның», «игеру», «континенттік қайраңда», «континенттік қайраң», «жүзу құқығын пайдаланатын», «және бақылаудың өзге де түрлерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарада көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.».
29. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат):
14-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;».
30. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат):
66-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралдарын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану үшін шығарумен, ішкі тұтыну үшін шығарумен, Қазақстан Республикасына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінгендерді шығарумен байланысты кедендік операциялар жасалғаннан кейін көлік құралдарын он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге;».
31. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат):
1) 37-баптың 1, 3, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен бекітілген, Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялаудың орындалу үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттарға қарағанда тауарлардың экспортын немесе импортын көбірек шектеу немесе бұрмалау әсері болмауға тиіс.
Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар және рұқсаттар беру тәртібі мен шарттары халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.»;