3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруі -
тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдіктауар нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша уәжді шешiмді беру мерзімін бұзуы -
сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын алу үшін Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына - алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеден органдарынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы немесе кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осындай қызметті жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
525-бап. Тауарлардың кету тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету тәртібін бұзу не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды ұсынбау -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
526-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында шаралар қолданбау
Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар және осындай тауарлардың тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы көрсеткен өзге де орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етпеу-
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өтетін көлiк құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен жүргізілетін құқыққа сыйымсыз операциялар, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
538-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, кеден қоймасын немесе еркiн қойманы, бажсыз сауда дүкенiн иеленушілердiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне ауыстыру тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 541-бап алып тасталсын;
6) 542-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және егер кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат міндетті болса, мұндай құжатта қамтылған шарттарды, тауарларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу -»;
7) 543-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «, сол сияқты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«тәркiлене отырып» деген сөздерден кейін «немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетпеу -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөліктегі «тауарлар мен көлiк құралдарының», «тауарлар мен көлiк құралдарына» деген сөздер тиісінше «тауарлардың және (немесе) көлiк құралдарының», «тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 545-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау
Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
9) 546-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«546-бап. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі»;
10) 547-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
11) 548-бапта:
Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткiзу»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткiзу, яғни тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының белгіленген жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
12) 549, 550 және 551-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу
Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ қолдан жасалған сәйкестендіру құралын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралын пайдалану -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кедендік декларацияда жәнекедендік мақсаттар үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шығарылған елі туралы белгiленген нысан бойынша мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден босату немесе кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерін төмендету үшін негіз беретін не оларды төлеу жөніндегі міндетті орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі -
жеке тұлғаға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарлар туралы мәліметтерді анық емес мәлімдеу, яғни тұлғаның көрсетілген құжаттарда тауарлар, таңдап алынған кедендiк рәсім, кедендік құн туралы белгiленген нысан бойынша мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлімдеуі немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерін төмендетуге алып келетін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
13) 552-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылаудан тыс не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не декларацияланбай немесе анық емес декларацияланып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау және сатып алу -»;
14) 554, 555, 556 және 557-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендiк баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген (өндіріп алынған) кедендiк баждарды, кедендікалымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген аванстық төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -