5. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасалған күннен бастап осы Заңның 30-бабында көзделген банк операциялары мен өзге де операциялар және қызмет түрлері бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және онда құқықтары (талаптары) берілген банктің барлық құқықтары мен міндеттері болады.
6. Акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде еншілес банктің активтерін бас банкке беру, осы баптың 1-тармағында көрсетілген келісімнен басқа, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, уәкілетті органнның қосымша рұқсаттарын, келісімдерін немесе хабарламаларын бас банктің алуын талап етпейді.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операция жүзеге асырылғаннан кейін банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензия еншілес банктің уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрдегі өтінішіне байланысты өз қолданысын тоқтатады.
8. Банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға:
өз атауында «банк» деген сөзді сақтап қалуға құқылы;
осы бапта көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген, бас банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы;
өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша кредитордың (банктің, қарыз берушінің) құқықтары мен міндеттерін сақтап қалады;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құрады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейінгі өтпелі кезеңде бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға уәкілетті органның лицензиясынсыз банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруына, оның ішінде депозиторлардың бас банкке берілген банк шоттары бойынша еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып жүзеге асыруына байланысты аударым операциялары;
2) бас банктің корреспонденттік шотын ашу және жүргізу;
3) депозиттерді қабылдау, ұлттық басқарушы холдингтің, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банк шоттарын ашу және жүргізу;
4) осы баптың 8-тармағына сәйкес банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзіне берілген және өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша қарыз операциялары.».
8-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат):
9-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4 бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.».
9. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
3-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
2) 16-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
2-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға - 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.».
10. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалдары берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде - жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде, тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалдары өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.
Үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтардың, тыйым салулардың, мүлікке иелік етуге өзге де шектеулердің болуы, жаңа кепіл ұстаушы бұл жөнінде хабардар етілген жағдайда, мәміле бойынша талаптарды басқаға беруді мемлекеттік тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.».
11. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ислам лизингі - осы Заңның 2-1-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ислам банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын лизингтің бір түрі.»;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне өтуі
Ислам лизингі шартын қоспағанда, лизинг шартында лизинг алушының күні бұрын айқындалған баға бойынша лизинг нысанасын меншікке сатып алу құқығы не міндеттемесі көзделуі мүмкін.»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Ислам лизингін жүзеге асырудың ерекшеліктері
24-1-бап. Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Ислам лизингі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары:
1) лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
2) лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде сыйақы алуына тыйым салу болып табылады.
Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы (бұдан әрі - сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін төлеуді жүргізеді.
6. Лизинг алушының міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді.
24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.
3. Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
4. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.
5. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады.
24-3-бап. Ислам лизингі шарты
1. Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:
1) шарт нысанасы;
2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;
4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;
5) лизинг нысанасының тіркелген құны;
6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;
7) шарттың қолданылу мерзімі.
2. Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді. Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.
3. Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.
4. Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.
5. Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.
7. Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар.
24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп тану салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.».
12. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;»;
2) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру - сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалғансақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.»;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;
2) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру түрлерімен біріктіріле алмайды.»;
4) 11-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы - жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде, мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңда немесе» деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде директорлар кеңесі бекітеді.»;
6) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Исламдық сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сақтанушы исламдық сақтандыру шартын жасасқан кезде исламдық сақтандыру ұйымынан сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындысын сұратуға құқылы.»;
8) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. «Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
«3-1. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық» және «өмірді сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
«4-1. Тек қана исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық» және «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
9) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы
4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін ғана).»;
12-тармақтың 10) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 26-бап мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Бас банктің сақтандыру холдингі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде акцияларын еншілес банк берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуына уәкілетті органның келісімі бас банктің осы акцияларға меншік құқығы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.»;
11) 32-баптың 6-тармағының 9) тармақшасындағы «, зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
Исламдық сақтандыру қағидаттары:
1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;
2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;
3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінан туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.
5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.
6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.