1. Ислам банктері ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі - коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.»;
20) 4-1-тарау мынадай мазмұндағы 52-12-баппен толықтырылсын:
«52-12-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен исламдық қаржыландыру
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 52-8-бабының ережелері қолданылады.
Осы баптың мақсаттары үшін ислам банкінен тауарды сатып алатын және оны кейіннен үшінші тұлғаға сататын жеке немесе заңды тұлға банктің клиенті деп аталады.
2. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыру деп мынадай талаптар сақтала отырып, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
1) ислам банкі және банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта банктің клиенті тауарды кейіннен сатуды жүзеге асыратын үшінші тұлға (осы баптың мақсаттары үшін - үшінші тарап) көрсетіледі;
2) коммерциялық кредит туралы шарт бойынша банк клиентінің тауарды сатып алуы, сондай-ақ банк клиентінің тауарды үшінші тарапқа кейіннен сатуы ислам банкінің қатысуымен жүргізіледі;
3) коммерциялық кредит банктің клиенті ислам банкінен сатып алған тауарды банк клиентінің үшінші тарапқа өткізуі шарттарымен беріледі. Бұл ретте, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша өткізілген тауарға меншік құқығы коммерциялық кредит туралы шарт жасалғаннан кейін дереу үшінші тарапқа өтеді, үшінші тараптың тауардың ақысын төлеуі тауар мен осы тауардың құжаттары оған берілгеннен кейін кідіртілместен, мұндай тауарды ислам банкінің тауар берушіден сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және ислам банкі халықаралық тауар биржаларында не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі биржадан тыс нарықта сатып алатын тауар айқындалады. Ислам банкі және банктің клиенті сол бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір мезгілде сатуды жүзеге асыруға құқылы емес;
5) банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды ислам банкінің үстемеақысын есептеместен, осындай шартта көрсетілген көлемде және баға бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуды жүзеге асырады;
6) тауарды ислам банкіне сатуды жүзеге асыратын тауарды сатушы тауарды кейіннен сату жүргізілетін үшінші тарап бола алмайды;
7) ислам банкі, банктің клиенті және үшінші тарап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
3. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады:
тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес егемен рейтингі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
тауар биржасында жасалған биржалық мәмілелердің көлемі мен саны жөніндегі ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, мұндай банк операциясы коммерциялық кредит беру туралы шарт ресімделе отырып, сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен және үшінші тараптың қатысуымен исламдық қаржыландыру деп танылмайды.»;
7-тармақтың 21) тармақшасы 2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
21) 60-1-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Біріктірілетін банктің кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелері бірігу жүзеге асырылатын банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген банк шоттарын жүргізуді бірігу жүзеге асырылатын банк жүзеге асырады.
4. Біріктірілетін банк бірігу жүзеге асырылатын банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, біріктірілетін банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың біріктірілетін банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтарымен бірге беруге құқылы.
5. Бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарының деректемелерінің (оның ішінде, біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу мерзімінің шеңберіндегі қажетті мерзімде депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын біріктірілетін банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Мұндай нұсқауларды орындау біріктірілетін банктің корреспонденттік шоты пайдаланыла отырып жүргізіледі. Бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
6. Қайта ұйымдастыру рәсімінің шеңберінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді бірігу жүзеге асырылатын банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
7. Банкті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі қажетті мерзім аяқталғаннан кейін:
1) бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
2) депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
Бұл ретте:
бірігу жүзеге асырылатын банк депозитордың банк шотына талапты (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттарына ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) бірігу жүзеге асырылатын банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, осындай банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) бірігу жүзеге асырылатын банк олардың біріктірілетін банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен бірігу жүзеге асырылатын банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді бірігу жүзеге асырылатын банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және бірігу жүзеге асырылатын банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Бірігу жүзеге асырылатын банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 22) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 61-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
1. Банк кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) (бұдан әрі - сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны банк, консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) жүргізуі мүмкін.
Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақта көзделген операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияларды уәкілетті органмен келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Банк, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Осы тармақтың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады.
Банк активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде міндеттермелерді беруге қарсы депозиторлардың қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор банктің міндеттемелерді беруіне жазбаша бас тартумен күнтізбелік он күннен кешіктірмей банкке жүгінуге міндетті. Депозитор бас тартуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген, депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді.
Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқарушысының), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) активтер мен міндеттемелерді беруі банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімінсіз жүзеге асырылады.
Банк шоттарына банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар, депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері депозиторлардың міндеттемелерді беру бойынша қарсылықтарының болуына қарамастан сатып алушы банкке беріледі.
5. Кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады.
6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы.
7. Сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады.
8. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін:
1) сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
2) депозиторлардың сатып алушы банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
Бұл ретте:
сатып алушы банк депозитордың банк шотына талаптар (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, орындалмаған талаптарды сатып алушы банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес- сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы банк олардың банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді сатып алушы банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және сатып алушы банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Сатып алушы банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.
9. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының ережелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде қолданылмайды.
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары бойынша осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен, осындай депозиторларға жаңа банк шоттарын ашады, жеке сәйкестендіру кодтарын береді және осы баптың 8-тармағында көзделген, депозиторлардың банк шоттарына қойылған талаптарды, оның ішінде банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) орындайды.
10. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген, банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Борышкер құқықтарды (талаптарды) берген банкке өзінің міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық мөлшерде орындаған жағдайда, осы орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады.
11. Банк активтері мен міндеттемелерін беру шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мiндеттемедегi тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады.
12. Осы Заңның 61-4-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде банк активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
13. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді берген банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
14. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
15. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 23) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) мынадай мазмұндағы 61-4-баппен толықтырылсын:
«61-4-бап. Еншілес банктен бас банкке активтер мен міндеттемелерді беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері
1. Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде бір мезгілде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде бір мезгілде беру жөніндегі операция бір шарттың шеңберінде уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.
2. Осы баптың мақсаттары үшін еншілес банк деп осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде беретін және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде қабылдайтын еншілес банк түсініледі.
3. Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бас немесе еншілес банктің жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттарына жаңа кредиторды, кепіл ұстаушыны көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етпейді.
Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілгердің және өзге де тұлғалардың басқаға беруге келісімі талап етілмейді. Бұл ретте, жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады.
4. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты (тапсыру актісі қоса беріле отырып) сатып алушы банк берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен, бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредитор туралы мәліметтерді құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу мақсатында уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) береді.
Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредиторға үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан тіркелген ауыртпалықтар, тыйым салулар, мүлікке иелік етуге қатысты өзге де шектеулер бар мүлікке құқықтардың өтуі үшін де негіз болып табылады.