10) 260-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосылған құн салығын төлеушіде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, осы баптың 3-тармағын қолданатын қосылған құн салығын төлеуші, осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың пропорционалды әдісін қолдануға құқылы.»;
11) 262-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.»;
4-тармақтың 12), 13), 14), 15) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 396-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;»;
13) 397-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
14) 398-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру щеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша, осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.»;
15) 399-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 398-бабының 9-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:
салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда - осы Кодекстің 397-бабының 1-тармағына сәйкес;
салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда - осы Кодекстің 397-бабының 1-1-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.»;
16) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
16) 581-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті органның интернет-ресурсында ол туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашылған банк шоты бар, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде сатып алушы банк берген банк шоттарының орнына бас банк банк шоттарын және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банк шоттарының орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банк шоттарын ашу кезінде қолданылмайды.
Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
230-баптың үшінші бөлігіндегі «, облыстық және аудандық» деген сөздер «және облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат):
8-бап:
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;»;
6-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-баптың 5-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-1-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен, екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруды;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-бапта:
1) тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекітілген өкілеттіктері шегінде жүргізетін қызметті (операцияларды) қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
4) 8-бапта:
3-тармақта:
1) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды;»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды;»;
7-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды;»;
2) тармақшаның сегізінші абзацындағы «резиденті емес - заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ олардың акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды.» деген сөздер «бейрезиденті - заңды тұлғаларды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды.»;
8-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін облигацияларды;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз мүлкін сатумен айналысуға құқылы.»;
5) 11-2-баптың 4-тармағында:
2) тармақшадағы «жылжымайтын мүлікті» деген сөздер «жылжымалы және жылжымайтын мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қабылдаған жағдайда» деген сөздер «қабылдаған не олар кепілге өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2014 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
6) 15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге қолданылмайды.»;
7) 16-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;»;
7-тармақтың 8) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 17-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген, пайдаланған және (немесе) оған билік еткен жағдайда инвестициялық портфельді басқарушыға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
7-тармақтың 9) тармақшасы 2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
9) 29-бап мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының талаптары осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу нәтижесінде, сондай-ақ егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкке басқа банкті біріктіру нысанында оны қайта ұйымдастырған кезде банктің филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді ашуына және (немесе) жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайда орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын ұлғайтуға байланысты оған қолданылмайды.»;
7-тармақтың 10) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
11) 34-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы баптың 4, 5, 8 - 11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.»;
12) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.»;
13) 40-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз қарыздар (бланкілік қарыздар) бере алмайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.»;
3-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банк меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның эмитациялаған бағалы қағаздарын сатып алуға әкеп соғатын мәмілені жасаса алмайды.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, мұндай мәмілелердің үлгілік шарттарын банктің директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 3-1-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға әкеп соғатын, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.»;
7-тармақтың 14) тармақшасы 2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
14) 48-баптың 1-тармағының л-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«л-1) банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат беру;»;
15) 48-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға, сондай-ақ осы Заңның 61-2-бабында көзделген банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;»;
16) 50-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 4 - 8-тармақтарында көзделген ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8) және 8-1) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар, оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
7-тармақтың 16) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3 және 61-4-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;»;
«8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты заңды тұлғаға, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктiң еншілес ұйымына осы кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алатын активтерді тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;»;
17) 52-5-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке және заңды тұлғаларды:
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыру;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен қаржыландыру;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі өз ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер өздерінің ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын иемденеді, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлік басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, көлік құралдарын және өзге де жылжымалы мүлікті тіркеуді қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының есебін жүргізеді.»;
18) 52-6-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен кіріс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болған жағдайда, ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бір бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозит шығынды болған кезде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде кіріс болмаған кезде) сыйақы алу құқығын жоғалтады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ислам банкінің тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде кіріс алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша кірістің және (немесе) ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.»;
19) 52-8-бапта:
тақырып және 1-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«52-8-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру