10-баптың 3-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6-2) тармақшасында:
«сотталғандының», «шешімінің» деген сөздер тиісінше «сотталғандығының», «актісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5-1) және 11-1) тармақшаларындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған бенефициарлық меншік иесі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар заңды тұлға болып табылатын;»;
4) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-баптың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағының 48) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-қосымшаның 35-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 4-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 13-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 2) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 2-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың төртінші және бесінші бөліктеріндегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыруды» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 35-3) тармақшамен толықтырылсын:
«35-3) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»;
3) 19-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада:
«таратуға» деген сөз «мінсіз іскерлік беделі жоқ, оның ішінде таратуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«соттың шешімі» деген сөздер «сот актісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4) 19-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мінсіз іскерлік беделі жоқ;».
38. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»;
2) 12-баптың 3-тармағы «ашып көрсетуді,» деген сөздерден кейін «құрылтайшылардың (қатысушылардың) мінсіз іскерлік беделі бойынша талаптарды,» деген сөздермен толықтырылсын.
39. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы және 6-баптың 3-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 19 қыркүйек
№ 219-VIII ҚРЗ