11-1) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»;
мынадай мазмұндағы 11-4), 11-5) және 11-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-4) скорингтік модуль - клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру тәуекелі үшін әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қамтитын, қаржы мониторингі субъектілері ерікті негізде пайдаланатын автоматтандырылған жүйе;
11-5) тәуекелдерді секторлық бағалау - қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында пайдалануға бейімділік тұрғысынан сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін бағалау;
11-6) тәуекелдерді ұлттық бағалау - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерінің деңгейлері мен мүмкіндіктерін Қазақстан Республикасында жиналған деректерді талдау тәсілімен айқындау;»;
4) 2-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
5) 2-1-баптың бүкіл мәтіні бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 2-2-бапта:
тақырып «Осы Заңның» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші абзац «мынадай» деген сөзден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 3-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақшадағы «тұлғалар жатады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
22) ұялы байланыс операторлары жатады.»;
8) 4-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер операция сомасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 1 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
бәс тігуді, ойын мекемелерінде құмар ойынын және лотереяны, оның ішінде электрондық нысанда өткізу нәтижелері бойынша қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз нысандарда ұтыс алу;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшалай нысанда сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;»;
2) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең, баламалы немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:»;
үшінші абзацта:
«бағалы металдарды және асыл тастарды,» деген сөздер алып тасталсын;
«олардан жасалған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының пайдасына немесе оның атынан клиент ақшамен жасайтын операциялар;
клиент жасайтын, клиенттің пайдасына, клиенттің атынан немесе клиенттер арасында жасалатын цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару;
қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының клиенті жасайтын, клиентінің пайдасына, клиенті атынан немесе клиенттері арасында жасалатын ақшамен операциялар.
Осы тармақшаның жетінші абзацында көзделген талаптар қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушыларына қолданылады.
Цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару кезінде соманың теңгедегі баламасы шетел валютасында тіркелген құны бар цифрлық активті операция жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған валюта айырбастау бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертациялау арқылы, осындай операция жасалған күнгі цифрлық активті айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі;»;
4) тармақшада:
екінші абзацтағы «қолма-қол ақша нысанында» деген сөздер «қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды,» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
8) тармақшадағы «қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.» деген сөздер «қатысты болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
операцияны жасау нәтижесі жылжымалы мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымалы мүлікті сатып алу-сату;
мыналарды:
аффинирленген алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізу және бағалы металдардың эталондық үлгілерін сатып алу жөніндегі мәмілелерді;
жер қойнауын пайдаланушылардан өндіруге арналған лицензия негізінде өндірілген бағалы металдарды сатып алу жөніндегі мәмілелерді;
бағалы металдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сатуға байланысты мәмілелерді қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;
10) егер клиент қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын, тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәміле бойынша операция сомасы 500 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 500 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, қаржы мониторингіне жатады.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен» деген сөздер «кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың», «Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың» деген сөздер тиісінше «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 5-бапта:
1-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: жеке сәйкестендіру нөмірін, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеп-белгілеу;»;
2-2) тармақшада:
үшінші бөліктегі «кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған, оның ішінде скорингтік модульде тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру тәртібін айқындайды.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, сақтандыру ұйымдары, қор биржалары, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркеп-белгілемеуге құқылы;»;
3-1-тармақтың 1) тармақшасы оныншы абзацындағы «аспаса, қолданылмайды.» деген сөздер «аспаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«клиент - жеке және (немесе) заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын төлеу және міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін алу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, қабылданбайды;»;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бүкіл мәтіні бойынша «және терроризмді қаржыландыру», «немесе терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру», «, терроризмді қаржыландыру немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бесінші бөлігіндегі «және терроризмді қаржыландырудың» деген сөздер «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі «тауар биржаларын» деген сөздерден кейін «, тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 6-1-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), Қазақстан Республикасы бейрезидентінің жеке басын куәландыратын құжатының деректері, құжаттың түрі, құжатты берген органның атауы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда), сондай-ақ туған күні мен жері, тұратын жерінің мекенжайы;»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 8-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «3-2)» деген цифрлар «3-3)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;»;
3-тармақтағы «3-2)» деген цифрлар «3-3)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
12) 9-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде респондент - шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты, оның ішінде оны тіркеген мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкциялар қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттамамен тіркеп-белгілеуге;»;
2) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 10-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің төртінші абзацындағы «қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді, ақпаратты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды жеке кабинет арқылы ұсынады.
Қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінде:
1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелері;
2) ішкі бақылау қағидалары;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткені туралы сертификат болады.
Жеке кабинетті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат пен мәліметтердің бар-жоғына қарамастан, уәкілетті органның бөлінген байланыс арналарындағы жеке кабинетте тіркелуге міндетті.»;
14) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі, операциялар туралы деректер, сондай-ақ операцияларға қатысушылар, күдікті қызметті айқындау белгілері туралы ақпарат, қаржы мониторингіне жататын күдікті қызмет жөніндегі қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты клиенттің қызметі күдікті деп танылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
15) 11-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату)» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақта:
екінші абзац «тауар биржаларын» деген сөздерден кейін «, тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «және 18)» деген сөздер «, 18), 21) және 22)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қаржы мониторингі субъектілері және олардың жұмыскерлері клиенттерге және өзге де тұлғаларға уәкілетті органнан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен күдікті операциялар жасайтын ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін алғаны туралы хабарлауға құқылы емес.»;
8-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Тәуекелдерді бағалау тәуекелдерді ұлттық бағалаудан және тәуекелдерді секторлық бағалаудан тұрады.
Тәуекелдерді ұлттық бағалауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларының негізінде жүргізеді.
Тәуекелдерді секторлық бағалауды қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасы негізінде жүргізеді. Тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасын қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдар әзірлейді.
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректерді жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге ұлттық бағалау жүргізудің қорытындылары бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.
4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде ұсынымдар жіберуге, сондай-ақ осындай ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін бағалауға құқылы.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) үндеулерін қарайды және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды.