Уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.
6. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есепті қарайды және мақұлдайды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты айқындайды.
Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есепті тиісті мемлекеттік органдарға жібереді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
7. Қаржы мониторингі субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жарияланған ақпаратты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларына енгізілген бағдарламаларды іске асыру кезінде уәкілетті орган жасаған тұлғалардың тізімдерін ескереді.
Қаржы мониторингі субъектілері:
1) технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелдерін қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалауға, айқындауға, құжаттамамен тіркеп-белгілеуге және жаңартуға;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеуге;
3) өз клиенттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелі дәрежесін, сондай-ақ уәкілетті органнан алынған ақпарат пен мәліметтерді ескере отырып сыныптауға міндетті.»;
17) 12-бапта:
5-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын жеке тұлғалардың тізімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары мен уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады;»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Уәкілетті орган дереу, бірақ ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастайды және қаржы мониторингі субъектілеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және ұйымдарға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою мерзімін тоқтату туралы өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастыру арқылы хабарлайды.»;
7-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қате енгізілген не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ одан алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар уәкілетті органға өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы «өтінішті» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы «жүргізуге құқылы.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
«8-2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша енгізілген, қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлға өзінің және дербескіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен оны алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша енгізілген, қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы жеке тұлғаның кінәлі екендігі туралы үкім шығарған және (немесе) шешім қабылдаған шет мемлекеттердің құзыретті органдарына терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен оны алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары мен уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
18) 12-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «қаржы мониторингі субъектісін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын және ұйымдарды - тиісті хабарлама жіберу арқылы, ал қаржы мониторингі субъектілерін өз интернет-ресурсында осындай хабарламаны орналастыру арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 12-2-баптың 2-тармағы «органға» деген сөзден кейін «дереу, бірақ күдік туындағаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 13-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі «немесе терроризмді қаржыландыру» деген сөздерден кейін «, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;
1-1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ерікті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі, сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бір бөлігін қайтару жөніндегі операцияларды жүргізуден бас тартуға;»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «терроризмді қаржыландыруға» деген сөздерден кейін «, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «, тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолдану» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 14-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен бірлесіп, қолданыстағы өзара іс-қимыл тетігі шеңберінде жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7 (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилак- тикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
22) 2-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бұқаралық ақпарат құралдарынан және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған деректерді талдау арқылы тек қана осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8 (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) беру бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамдары бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді және бақылау субъектісіне (объектісіне) жібереді.
4. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - бұзушылықтарды жою туралы көрсетілген нұсқаманың табыс етілгені (алынғаны) жөнінде белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта не курьерлік қызмет арқылы - нұсқаманың алынғанын тіркеу күнінен бастап;
3) жеке кабинет арқылы - қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінен нұсқама алынған күннен бастап бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді (субъект (объект) алды) деп есептеледі.
5. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған бақылау субъектісі (объектісі) осындай нұсқаманы алған күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күні мерзімінде және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей, уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды ұсынуға міндетті.
6. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі (объектісі) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген(алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған қарсылықты уәкілетті органға ұсынуға құқылы.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне тиісті бақылау субъектісін (объектісін) енгізуге негіздер болып табылады.»;
23) 15-баптың 2, 4) және 5) тармақшаларындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 16-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.»;
13-4) тармақшадағы «кірістерді заңдастыру (жылыстату)» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады;»;
13-7) тармақша «және тізімді жүргізу тәртібін айқындайды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-10) тармақшамен толықтырылсын:
«13-10) қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органынан сұрау салу келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы туралы ақпарат жібереді;»;
25) 17-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысуы мүмкін ұйымдарды және (немесе) жеке тұлғаларды іріктеу өлшемшарттарын бекітуге;
2-2) терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру белгілері бар операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімдерін жасауға және көрсетілген санаттағы тұлғалардың қызметіне терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан өз құзыреті шегінде талдау және мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қаржы мониторингі субъектілеріне жіберуге;»;
4) және 6) тармақшалардағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 18-бапта:
тақырып «органдарымен» деген сөзден кейін «және АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы, 1) және 2) тармақшалардағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті.» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін секторлық бағалауды үш жылда бір рет жүргізуге міндетті.»;
2-тармақта:
1-2) тармақшадағы «терроризмді қаржыландыру», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «терроризмді қаржыландыру», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген құзырет шеңберінде осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.»;
3-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды,» деген сөздер алып тасталсын;
27) 19-1-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 19-2-бапта:
1-тармақтағы «терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздерменауыстырылсын;
2-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау туралы сұрау салулар келіп түскен кезде қаржы мониторингі субъектілерінің атына тиісті хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтатып қою жөніндегі шараларды дереу қабылдауға міндетті.»;
5 және 7-тармақтардағы «және терроризмді қаржыландыру», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 19-3-бапта:
тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бақылау-қадағалау іс-шаралары шеңберінде сұрау салуларға жауап ретінде шет мемлекеттердің тиісті органдарынан өздері алатын көмектің сапасына мониторингті жүзеге асырады.
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық ынтымақтастықтың сапасын одан әрі арттыру үшін шет мемлекеттерден алынған көмек туралы ақпаратты пайдаланады.»;
30) 19-4-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландырумен» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қылмыстық кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «және терроризмді қаржыландырумен» деген сөздер «, терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: