2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде осы Кодекстің 387-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты болатын жағдайда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау бойынша міндет осы тұлғаларға жүктеледі.
392-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Кедендік транзитттің кедендік рәсімімен орналастырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар:
1) осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
2) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын шығарудан бас тарту;
5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығарылымын жою;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын тәркілеу немесе оларды мемлекеттің меншігіне айналдыру;
7) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кеден органының кідіртуі;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын шығару жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру басталған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын), кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары, егер кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатындай болса, төленуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда, кедендік әкету баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Кейіннен Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы нақты мәліметтерді анықтау кезінде кедендік әкету баждары осындай нақты мәліметтерді негізге ала отырып есептелінеді және кедендік әкету баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес іс-қимылдар, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, осындай тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
6. Егер кедендік әкету баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантынан өзге тұлғаға берілген жағдайда, мұндай өзге тұлға кедендік әкету баждарын төлеу бойынша декларантпен ынтымақты міндетте болады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 45-1-тараумен толықтырылды (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
45-1-тарау. Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы сала сындағы экспериментті іске асыру кезінде кедендік декларациялаудың, электрондық сауда тауарларын шығарудың және кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері
392-1-бап. Осы тарауда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және тараптарының бірі жеке тұлға болып табылатын мәміле шеңберінде Интернет желісін пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлғаларға өткізуге арналған тауарлар;
2) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен шетелдік адам арасындағы мәміле шеңберінде Интернет желісін пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден халықаралық пошта жөнелтілімдерінде немесе осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы әкелген тауарлар;
3) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментке қатысушылар - уәкілетті орган, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган, электрондық сауда операторлары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлғалар;
4) электрондық сауда операторлары - уәкілетті орган Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті (бұдан әрі - эксперимент) іске асыруға қатысуға жіберген және электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
5) электрондық сауда тауарлары - жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары.
392-2-бап. Электрондық сауда операторларын айқындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын экспериментті іске асыруға қатысуға жіберу өтініш негізінде және олар осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтаған кезде жүзеге асырылады.
2. Электрондық сауда операторы ретінде экспериментті іске асыруға қатысу туралы өтінішті заңды тұлға уәкілетті органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште еркін нысанда береді.
3. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерге сәйкестігін қарайды.
Өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті орган өтініш берушіні тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өтініш беруші осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерге сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган өтініш берушіні электрондық сауда операторы деп танудан бас тартады.
Өтініш беруші бұзушылықтарды жойғаннан кейін, өтініш уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта қаралады.
392-3-бап. Экспериментке қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Электрондық сауда операторлары кеден органдарымен:
1) үшінші елдердің электрондық сауда алаңдарының электрондық сауда операторы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғалардың атына осындай тауарлар туралы беретін мәліметтерді өзгеріссіз түрде кеден органдарына ұсыну арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
Электрондық сауда операторлары алынған мәліметтердің әкелінген электрондық сауда тауарларымен сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда, электрондық сауда операторлары кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізеді;
2) электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
3) кедендік баждарды, салықтарды есептеу және төлеу;
4) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар жасау арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
2. Электрондық сауда тауарларын алушы жеке тұлғалар электрондық сауда операторларымен:
1) электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін қажетті мәліметтерді беру;
2) электрондық сауда операторына тиесілі кедендік төлемдердің, салықтардың сомаларын төлеу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
392-4-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығару
1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында болуы және пайдаланылуы үшін кеден органдарының кедендік рәсімдерге орналастырмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауына және шығаруына жатады.
2. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды декларант - осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлға дербес не декларанттың (жеке тұлғаның) атынан электрондық сауда операторлары жасайды.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды кеден органы Комиссия бекіткен кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелеріне сәйкес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
392-5-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану және кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындау
1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі болып табылады.
2. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін осындай тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, оның ішінде тауардан оны тұтынғанға дейін бөлінбейтін және (немесе) тауар бөлшек сатылым үшін ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, тауардың көлемі немесе өзге де сипаттамалары) оларды есептеу және қолданылатын мөлшерлеме түрлері үшін негіз болып табылады.
3. Әкелінетін электрондық сауда тауарларының құны осындай тауарларды сатып алу туралы құжатта (чектер, шоттар, банктік төлем құжаттары) көрсетілген олардың қорытынды құны туралы ақпарат негізінде, ал электрондық сауда операторлары кедендік операцияларды жасаған кезде - осындай тауарларды сатып алу туралы электрондық сауда операторлары электрондық сауда алаңынан алған мәліметтер (мұндай ақпарат болған кезде) негізінде Комиссия бекіткен нысан бойынша экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді.
4. Электрондық сауда тауарларының құны анық, сандық жағынан анықталған және құжатпен расталған ақпарат негізінде мәлімделуге тиіс.
5. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік алымдар алынбайды.
6. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекіткен нысан бойынша экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не электрондық сауда операторлары пайдаланатын және шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын электрондық түрдегі өзге де құжатты (бұдан әрі - өзге электрондық құжат) тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
8. Электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғада кедендік төлемдерді төлеу міндеті туындайды. Электрондық сауда тауарларын дербес кедендік декларациялау кезінде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуші декларант болып табылады. Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды декларанттардың атынан электрондық сауда операторлары жүзеге асырған кезде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер электрондық сауда операторлары болып табылады, бұл ретте электрондық сауда операторлары кедендік төлемдерді төлеуге шеккен шығындарды өтеу бөлігінде электрондық сауда операторлары мен декларанттар арасындағы өзара қатынастар шарттық негізде жүзеге асырылады.
392-6-бап. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімі осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылады.
2. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанттары атынан электрондық сауда операторлары жасайды.
3. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталады.
4. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осы Кодекстің 216-бабы 2-тармағы бірінші абзацының ережелері қолданылмайды.
5. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын сақтау осындай тауарлардың декларанттары болып табылатын электрондық сауда операторларының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) жүзеге асырылады.
6. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы:
1) жеке тұлғалар Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын сатып алғаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен;
2) кеден органдары осы Кодекстің 241-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан электрондық сауда тауарларын жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін танумен аяқталады.
7. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
8. Осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін - Комиссия көздеген ерекшеліктері бар тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық түрде ұсыну арқылы жеке тұлғаларға сатуға арналған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғаға жеткізу үшін құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетуге жол беріледі.
9. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған, оларды сатып алған жеке тұлғаларға берілген электрондық сауда тауарлары осы баптың 8-тармағына сәйкес тауарларға декларация берілгенге дейін электрондық сауда операторлары тауарларды шығару туралы өтініш бергеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.
10. Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не осы баптың 8-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару үшін, оларды осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын өзге де электрондық құжатты электрондық сауда операторлары кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ жеке тұлға осы тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Шығарудан бас тартылған кезде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не көрсетілген тауарларға қатысты өзге де электрондық құжатты электрондық сауда операторлары тауарларды шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
392-7-бап. Электрондық сауда операторларының жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
1. Электрондық сауда операторлары тауарлар Қазақстан Республикасына келгенге дейін немесе келген кезде кеден органдарына электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған, экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты толтыру және кеден органдарының ақпараттық жүйесіне жіберу арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін немесе жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы жеткізетін тауарлар туралы ақпаратты (бұдан әрі - тауарлар туралы мәліметтер) электрондық түрде ұсынады.
Электрондық сауда операторларының экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты толтыруы және ұсынуы әкелуі күтілетін немесе келген электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтерді кеден органдарының ақпараттық жүйесіне беру, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде көрсетілген мәліметтерді өңдеу және электрондық сауда операторлары мен кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауы арқылы мұндай мәліметтерді автоматты режимде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияға айналдыру арқылы жүзеге асырады.
Электрондық сауда операторларының экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты кеден органдарының ақпараттық жүйесіндегі клиенттік жұмыс орнынан тікелей беруіне жол беріледі.
2. Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация не өзге де электрондық құжат тауарлар келгенге дейін және оны кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркегенге дейін жіберілген кезде электрондық сауда операторлары кедендік төлемдерді, салықтарды экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты тіркеген күнге қолданыста болатын шетел валюталарының бағамына сәйкес есептейді.
3. Электрондық сауда операторларының дербес шоттарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу есебіне есептен шығару және есепке жатқызу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияларды не өзге де электрондық құжатты шығарудан бас тартылады.
4. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес электрондық сауда операторларының үй-жайларында жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасының шарттары тауарларға қолданылған жағдайда, электрондық сауда операторларының үй-жайларында электрондық сауда тауарларымен бірге электрондық сауда операторларының атына жалпы жүкқұжат бойынша немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар бойынша келіп түсетін басқа да тауарлар сақталуы мүмкін.
392-8-бап. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
1. Бұрын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары оларды сатып алған жеке тұлғаларға жеткізу үшін кеден қоймасынан осындай тауарларды беру және кеден қоймасы рәсімін аяқтау мақсатында тауарларға декларация берілгенге дейін Комиссия бекіткен тауарларды шығару туралы өтініштің негізінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылады.
2. Бір өтініште бір жеке тұлғаның бір интернет-алаңда сатып алған электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Электрондық сауда операторлары Комиссия бекіткен тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктеріне сәйкес тауарларға декларация берілгенге дейін оны толтырады және кеден органдарының ақпараттық жүйесіне жібереді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты оларды 392-6-баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін электрондық сауда операторлары кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ көрсетілген кезеңде кеден қоймасынан әкетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, Комиссия бекіткен экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны беруге тиіс.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кезінде кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері бойынша есептеледі және төленеді.
6. Кедендік баждар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін төленеді.
7. Кедендік төлемдерді электрондық сауда операторлары экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын шетел валюталарының бағамына сәйкес есептейді.
392-9-бап. Электрондық сауда операторларының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
1. Электрондық сауда операторлары:
1) электрондық сауда тауарларын алушылар болып табы латын жеке тұлғалардан, электрондық сауда алаңдарынан кедендік операцияларды жасау үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не басқа да құпия ақпаратты қамтитын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға;
2) жеке тұлғадан кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуге шеккен шығындардың өтемақысын талап етуге;
3) осы Кодекстің 158-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, талап етілмеген (алушы қабылдамаған) электрондық сауда тауарларын жөнелтушіге қайтару бойынша кедендік операцияларды жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.