2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлғалар кеден органы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы тармақтың екінші бөлігін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде көрсетілген арнаулы оңайлатулармен қатар, осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген арнаулы оңайлатуларды қолдану мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған уәкілетті экономикалық операторлардың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген талаптар қойылады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық операторлар осы Кодекстiң 532-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарт сақталған кезде, сондай-ақ ол уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті тіркеген күнге дейін кемінде екі жыл уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде болған кезде үшінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш бере алады.
Егер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған болса, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді есептеген кезде оған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезең кірмейді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы тармақ ескеріле отырып беріледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде жеті жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бес жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде үш жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында белгіленген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне заңды тұлғаны қосу шарттары енгізілгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшалары қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін көрсетілген шарттарға сәйкес келтіреді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 571-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер
Кеден органдары 2021 жылғы 1 наурызға дейін шығарған камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастарға осы Кодекстің камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша шығарылатын тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаларға қолданылатын ережелері қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 123-VI