Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы
(2021.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндеттi кепілдік беру туралы заңнамасы
3-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты мен қағидаттары
2-тарау. Депозиттергe міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтық мәртебесі және оның қызметi
4-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру
5-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері мен функциялары
6-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдіктерi
7-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен міндеттерi
8-бап. Алып тасталды
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
9-бап. Уәкілетті орган мен депозиттерге міндеттi кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздерi
3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
11-бап. Қосылу шарты
12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлері және оларды төлеу тәртібi
13-бап. Қатысушы банктің құқықтары мен міндеттерi
14-бап. Қатысушы банктің атауын өзгерту салдары
4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
15-бап. Қатысушы банкті депозиттерге міндеттi кепілдік беру жүйесінен шығару
16-бап. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін бір мезгілде беру ерекшеліктерi
5-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері. Кепілдік берілген өтемді төлеу мөлшері мен тәртібi
17-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілерi
18-бап. Кепілдік берілген өтем
19-бап. Депозиторлардың кепілдік берілген өтем алу құқықтары
20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
7-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Дауларды қарау тәртібi
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң депозиторлар - жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келісімнің негізінде депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеу жөніндегі рәсімдерді орындайтын банк;
2) банк - екінші деңгейдегі банк;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
4) жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердің осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтін төлемдері;
5) кепілдік берілген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит;
6) кепілдік берілген өтем - осы Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозит бойынша депозиторға төлейтін ақша сомасы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі - төлемдердің электрондық порталы) - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі - депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы - кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қатысушы банк - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);
8) қатысушы банктің куәлігі - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке беретін және оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатынын куәландыратын құжат;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) қосылу шарты - банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндеттi кепілдік беру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты мен қағидаттары
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.
2. Мыналар:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді азайту;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) арнайы резервті қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі қағидаттары болып табылады.
2-тарау. Депозиттергe міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтық мәртебесі және оның қызметi
4-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және жарғының негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы - жалғыз акционерi болып табылады.
5-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері мен функциялары
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің негізгі міндеттерін орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепілдік берілген өтемді төлейді;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) активтерді инвестициялайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) арнайы резерв қалыптастырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
6-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдіктерi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.
7-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен міндеттерi
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:
1) қатысушы банктердің жарналар төлеуін талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;
3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органнан қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алуға;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердің жарналарды толық әрі уақтылы төлеуіне бақылау жасауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктің депозиторларына осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік берілген өтем төлеуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкілетті органға қатысушы банктердің Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
8-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.