6. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
12-баптың 1-тармағындағы «еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары І және ІІ топтардағы мүгедектерге жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күніне дейін» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар І және ІІ топтардағы мүгедектерге ұзақтығы 15 жұмыс күніне дейін жыл сайынғы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 8-І, 62-құжат; 2018 ж., № 10, ст.32):
23-бапта:
бірінші бөліктегі «ұсынуы» деген сөз «ұсынулары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «сондай-ақ» деген сөзден кейін «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат):
35-баптың 6-тармағындағы «еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына ( Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 24-ІІ, 120, 122-құжаттар):
27-баптың 7-тармағы алып тасталсын.
10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат):
9-баптың 1-тармағы «Ұлттық палата» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 13-тарауында көзделген әлеуметтік әріптестік жүйесінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасында:
«қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған» деген сөздер «жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі сайланбалы кәсіподақ органдарында бола алмайды.»;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Кәсіподақтардың халықаралық байланыстары
Кәсіподақтар жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін халықаралық кәсіподақтар бірлестіктеріне кіруге, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.
Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және бірлесіп еңбекшілердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және жобаларды іске асыруға құқылы.»;
4) 10-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
3-тармақта:
«және жергілікті кәсіподақтардың» деген сөздер «кәсіподақтың қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сот тәртібімен таратылуына» деген сөздер «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үш айдан алты айға дейінгі мерзімге сот тәртібі мен тоқтата тұруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады.
3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу үшін республикалық кәсіподақтар бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы «әріптестік» деген сөзден кейін «және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 12-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кемінде екі ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың) аумағында мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің тиісті аумақта кемінде екі мүшелік ұйымы болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
3-2. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың жұмысына қатысу үшін аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органын хабардар етуге тиіс.»;
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «жөніндегі өңірлік үшжақты» деген сөздер «және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салалық кәсіподақтың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері және (немесе) мүшелік ұйымдары болуға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу үшін салалық кәсіподақ тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органын хабардар етуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салалық кәсіподақтың республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.»;
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «жөніндегі салалық үшжақты» деген сөздер «және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті кәсіподақтың салалық кәсіподақтың және (немесе) аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде олардың құрамына кіруге құқығы бар.»;
9) 17-бапта:
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, сондай-ақ ұжымдық шарт ережелері бойынша сауаттылығын арттыру, келіссөздер жүргізе алу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге;»;
«8) кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің жазбаша өтініштері негізінде олардың мүдделерін кәсіподақ мүшелеріне арналғандай шарттарда білдіруге;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сайланған немесе қайта сайланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге сайланбалы кәсіподақ органдарының негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері туралы ақпарат беруге міндетті.»;
10) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «, сондай-ақ өзіне шарттық негізде уәкілеттік берген қызметкерлердің» деген сөздер «атынан, сондай-ақ кәсіподаққа жазбаша өтінішпен уәкілеттік берген, кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 25-баптың 4-тармағы «кезеңіне» деген сөзден кейін «еңбек шартының мерзімі шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 33-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр
№ 321-VІ