2. Жұмыскерді іссапарға жіберу шарттары, тәртібі, мерзімі, іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу мақсаттарына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлғалар арасындағы келісіммен айқындалады.
Заңды тұлғаға (оның филиалдарын, өкілдіктерін және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда) бір жылда жұмыскерлердің орташа тізім санының он пайызынан астамы бір мезгілде іссапарға жіберілген жағдайда, іссапарға жіберу қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет.
3. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
4. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыстың орындалу орны көрсетіле отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң, еңбек шартының қолданысы жалғастырылған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер атқарған жұмыс орнын (лауазымын) беруге міндеттенеді.
5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады.
6. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап аталған факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етеді.
7. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен қабылдаушы тарапқа жүктеледі.
8. Іссапарға жіберуге:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан қабылдаушы тарап жұмыскерлерін ауыстыру;
2) бос тұрып қалған (қабылдаушы тарап жұмыстарды уақытша тоқтата тұрған), қабылдаушы тарап банкроттық рәсімін жүзеге асырған, қабылдаушы тарап жұмыскерлерді жұмыстан шығару қатері төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізген жағдайда жұмыстарды орындау мақсатында жол берілмейді.»;
«43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
1. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты алған өндірістік жарақатына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіптік еңбекке жарамдылығынан айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған шарттармен оны жұмыстан босатуға міндетті.
2. Жұмыскер денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің осындай негіздер бойынша уақытша ауысудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.»;
22) 44-бапта:
бірінші бөліктегі «орташа жалақысын сақтай отырып,» деген сөздер «орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жүкті әйелді мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама негізінде, орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына уақытша ауыстыруға міндетті.»;
23) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде және еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары сақтала отырып, басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді.»;
24) 46-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.»;
25) 47-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «(қатысу үлестерінің)» деген сөздер «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 48-бапта:
2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұмыскерді еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырған жағдайда;
6) егер әрекеттері немесе әрекетсіздігі өзінің, оның ішінде басқа да жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға, өндірістік жарақаттар мен аварияларға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі жол жүрісі қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.»;
4-тармақтағы «қабілетсіздігі бойынша» деген сөздер «жарамсыздығы бойынша әлеуметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда, жұмыскердің жалақысы, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақысы және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдері сақталады.»;
27) 50-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
28) 51-бапта:
2-тармақтағы «медициналық қорытынды» деген сөздер «анықтама» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ «жұмысқа шығатын күні» деген сөздерден кейін «не жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 52-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұмыскер, басшы мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеген;»;
10) тармақшадағы «тиісті актімен расталған,» деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақша «қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «қызмет көрсететін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзінің қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өз мүддесінде немесе үшінші тұлға мүддесінде пайдаланатын» деген сөздермен толықтырылсын;
18) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің атқарушы органының басшысы, оның орынбасары не жұмыс берушінің актісінде айқындалған жұмыс беруші филиалының, өкілдігінің және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің басшысы еңбек міндеттерін бұзған;»;
«23) заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының, алқалы атқарушы органы мүшелерінің өкілеттіктері немесе заңды тұлға атқарушы органының жекелеген мүшесінің, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктері заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған;»;
30) 53-бапта:
6-тармақтағы «13),» деген цифрлар алып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «жұмыс беруші уәкілеттік берген адам» деген сөздер «жұмыс берушінің өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу жұмыскердің медициналық куәландыруды өтуден бас тартуы туралы актімен расталуға тиіс.
7-2. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу жұмыскердің кінәлілік әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын растайтын негіздемелер көрсетіле отырып, ішкі тергеп-тексеру актісімен расталуға тиіс. Ішкі тергеп-тексеру тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.»;
10-тармақтағы «хабарламасы бар хатпен» деген сөздер «табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 55-бапта:
1-тармақтағы «(қатысу үлесінің)» деген сөздер «(жарғылық капиталға қатысу үлесінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық қызметшімен еңбек шарты осы Кодекстің 139-бабы 8-тармағының талаптары орындалған жағдайда, басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық кәсіпорынға жұмысқа ауыстырылуына байланысты тоқтатылады.»;
32) 56-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті жұмыс күні өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.»;
4-тармақтағы «тараптардың келісімі бойынша хабарлама кері қайтарылып алынуы» деген сөздер «жұмыскер хабарламаны кері қайтарып алуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 57-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «тұруға ықтиярхаттың» деген сөздер «шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жұмыскер келісімшарт бойынша әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты көрсеткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тоқтатылуға жатады.»;
34) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша бас тартқан кезде не жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.»;
35) 61-баптың 3-тармағындағы «тапсырылады не оған хабарламасы бар хатпен» деген сөздер «табыс етіледі не оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «13),» деген цифрлар алып тасталсын;
37) 65-бапта:
1-тармақтағы «осы Кодекстің 65 және 66-баптарының» деген сөздер «осы баптың және осы Кодекстің 66-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «болған кезеңде шығарылмайды.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде шығарылмайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «хабарламасы бар хатпен» деген сөздер «табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 66-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «шағым жасау кезеңінде тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «шағым жасау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде тоқтатыла тұрады.»;
39) 69-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
40) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеуге міндетті.»;
41) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.»;
42) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекелеген жұмыс түрлерінде жұмыскерлерге өндіріс пен еңбек технологиясына және оларды ұйымдастыруға байланысты ауысымішілік үзілістер беріледі, бұлар жұмыс уақытына қосылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістердің ұзақтығы мен оларды беру тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.»;
43) 85-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің» деген сөздер алып тасталсын;
44) 92-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.»;
45) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.»;
46) 96-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі жұмыскердің орташа жалақысы есебінен есептеледі.»;
47) 97-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «туыстары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ зайыбы (жұбайы) және (немесе) олардың жекжаттары (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (қарындастар), ата-аналары (ата-анасы), балалары, атасы, әжесі, немерелері)» деген сөздермен толықтырылсын;
48) 99-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
«еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
«еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктердегі «еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы параққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 100-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті.»;
50) 110-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы төлеу осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес түнгі сағаттарға және осы Кодекстің 109-бабына сәйкес мереке немесе демалыс күндерінің сағаттарына жеке жүргізіледі.»;
51) 111-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Екінші тарапты қосымша жұмыс тоқтағанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар ете отырып, жұмыскердің - қосымша жұмысты орындаудан бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін жоюға құқығы бар.
Тапсырманың мерзімінен бұрын күші жойылған немесе жұмыскер қосымша жұмысты орындаудан бас тартқан кезде жұмыс беруші жұмыскерге жұмыс істеген кезеңі үшін жалақы төлеуге міндетті.»;
52) 113-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.»;
«3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.»;
53) 117-бапта:
2-тармақтағы «бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітетін салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді» деген сөздер «бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «бірлестіктері» деген сөзден кейін «(қауымдастықтары, одақтары)» деген сөздермен толықтырылсын;
54) 123-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер нұқсан, салдарынан міндеттерді тиісінше орындау мүмкін болмаған еңсерілмейтін күш не аса қажеттілік, қажетті қорғаныс, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы мән-жайларына байланысты туындаса, жұмыскердің жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады.»;
55) 124-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзімді әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде - жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.»;
56) 130-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын кезде жұмыскерлерге тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде болған әрбір күні үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, газ тарату жүйелері (оның ішінде елді мекендер шегіндегі сапарлар кезінде), магистральдық құбыржолдар, магистральдық байланыс желілері және олардағы құрылысжайлар, радиорелелік желілер және олардағы құрылысжайлар, электр берудің әуе желілері және олардағы құрылысжайлар, байланыс объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.»;
57) 133-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.»;
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;»;
5) тармақшадағы «қабілетсіздік күндері үшін төленбейді.» деген сөздер «жарамсыз күндері үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.»;
58) 134-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскердің еңбек шартын өз бастамасы бойынша, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша хабардар ете отырып бұзуға құқығы бар.
6. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартының алда бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.»;
59) 135-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік «тамақтануын,» деген сөзден кейін «жиналу пунктінен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс беруші еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық жұмыс әдісін қолдану тәртібін айқындайды, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыскер вахтада болған кезінде жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) жұмыс беруші белгілеген тәртіптемені сақтауға міндетті.»;
3-тармақ «он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер,» деген сөздерден кейін «жүктілігі туралы анықтама берген,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ:
«аспайтын кезең» деген сөздерден кейін «немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына кейіннен жұмыскерге жұмыс істеген сағаттары үшін демалыс күндері (сағаттары) беріле отырып, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыс уақыты режимін (бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасынан) вахталық жұмыс әдісіне өзгертуге жол беріледі.»;
60) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үй жұмыскерімен еңбек шартының тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша хабарламаның мерзімдері, сондай-ақ жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлем жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді.»;
61) 138-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.»;