62) 140-бапта:
тақырып «мүшелерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен, алқалы атқарушы органы мүшелерімен, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерімен және корпоративтік хатшымен еңбек шартын жасасу және тоқтату, еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен шарттары, материалдық және тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмысынан шеттету осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, заңды тұлға құрылтайшылары, мүлкінің меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген тұлға (орган) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, заңды тұлғаның атқарушы органы, ішкі аудит қызметі, корпоративтік хатшысы туралы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
«атқарушы органның» деген сөздер «заңды тұлға атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«еңбек шарты жасалады не құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның» деген сөздер «, алқалы атқарушы органының мүшелерімен жаңа еңбек шарты жасалады не заңды тұлға құрылтайшыларының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«онымен» деген сөз «олармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Атқарушы органның басшысын жаңа мерзімге тағайындаған (сайлаған, лауазымға бекіткен)» деген сөздер «Заңды тұлға атқарушы органының басшысы, алқалы атқарушы органының мүшелері, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері және корпоративтік хатшы жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған, лауазымға бекітілген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлік «мүшелеріне» деген сөзден кейін «, ішкі аудит қызметінің жұмыскерлеріне және корпоративтік хатшыға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«Заңды тұлғаның» деген сөздерден кейін «алқалы» деген сөзбен толықтырылсын;
«тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының ерекшеліктері ескеріле отырып, құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның» деген сөздер «және басқа да мүшелеріне, ішкі аудит қызметінің жұмыскерлеріне және корпоративтік хатшыға тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының ерекшеліктері ескеріле отырып, заңды тұлға құрылтайшыларының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
63) 148-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар тараптардың өкілдері болып табылады:
1) республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің өкілетті өкілдері;
2) салалық деңгейде - тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының, салалық кәсіптік одақтардың, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өкілетті өкілдері, ал олар болмаған кезде - салалық ұйымдар;
3) өңірлік деңгейде:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде - жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы бірлестігінің (қауымдастығының, одағының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық немесе республикалық маңызы бар қала және астана бірлестігінің өкілетті өкілдері;
аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде - жергілікті атқарушы органдардың, шағын кәсіпкерлік жөніндегі аудандық немесе облыстық маңызы бар қала бірлестігінің, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің өкілетті өкілдері.
Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы өз бетінше қалыптастырады. Әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдеріне тең құқықтар мен өкілеттіктер беріледі.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
64) 150-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу және жасасу мерзімдерін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді комиссиялар бекітеді.»;
65) 152-баптың 1-тармағындағы «республикалық бірлестіктері» деген сөздер «республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 153-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы;»;
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау туралы;»;
4) тармақшаның үшінші абзацындағы «шекті» деген сөз «ең төмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы ережелер көзделуге тиіс.»;
6), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
6-тармақта:
2) тармақшадағы «қарау тәртібі» деген сөздер «қарау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңестің қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс.»;
67) 156-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шарт жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он жұмыс күні ішінде қарауға және осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
3. Ұжымдық шарт шетелдік заңды тұлғалардың ұйымдарында да, филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарт жасалады.»;
68) 159-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын - келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.
Осы Кодексте айқындалған тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін келісу комиссиясын құру туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұжымдық шартта ұйымның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде келісу комиссияларын құру көзделуі мүмкін.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің жазбаша келісімі болған кезде дауды оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.»;
5, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
«7. Белгіленген мерзімде келісу комиссиясының шешімі орындалмаған, мәселелер реттелмеген жағдайларда, жұмыскер немесе бұрын еңбек қатынастарында болған адам не жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
8. Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті.»;
69) 160-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
«жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған» деген сөздер «еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған» деген сөздер «жүгінген кезде не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамаған кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда келісу комиссиясы еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастай алады және дауды мәні бойынша шеше алады.
Келісу комиссиясы жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскердің белгіленген мерзімдерде келісу комиссиясына жүгінбеу себептері дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды.
Осы Кодекске сәйкес жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай;
басқа еңбек даулары бойынша - жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.»;
70) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Жұмыскерді жұмысына қайта алу
1. Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшін жалақысындағы айырма, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа төленеді.
2. Жеке еңбек дауын қарау бойынша келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға жатады. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімді орындауды кідірткен кезде келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін жалақысын немесе жалақысындағы айырманы төлеу туралы шешім шығарады.»;
71) 163-баптың 2-тармағындағы «бірлестігі» деген сөз «бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 164-бапта:
1 және 2-тармақтар «бірлестігі» деген сөзден кейін «(қауымдастығы, одағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «бірлестіктеріне» деген сөзден кейін «(қауымдастықтарына, одақтарына)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «бірлестігі» деген сөзден кейін «(қауымдастығы, одағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
73) 165-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «бірлестігі» деген сөзден кейін «(қауымдастығы, одағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «бірлестігі» деген сөзден кейін «(қауымдастығы, одағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «бірлестігімен» деген сөзден кейін «(қауымдастығымен, одағымен)» деген сөздермен толықтырылсын;
74) 166-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тараптардың келісімімен тепе-теңдік негізде айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы кіреді.»;
75) 172-баптың 1-тармағы «бірлестігіне» деген сөзден кейін «(қауымдастығына, одағына)» деген сөздермен толықтырылсын;
76) 173-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша «бірлестігімен» деген сөзден кейін «(қауымдастығымен, одағымен)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бірлестігінен» деген сөзден кейін «(қауымдастығынан, одағынан)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «бірлестігі» деген сөзден кейін «(қауымдастығы, одағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
77) 176-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда;» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықтың тыныс-тіршілігін энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, авиациялық, теміржол, автомобиль, қоғамдық және су көлігі, байланыс, денсаулық сақтау бойынша қамтамасыз етумен тікелей байланысты ұйымдарда, егер жұмыскерлер өкілдерінің жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісімі негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін қызметтердің ең төмен тізбесі мен көлемі сақталмаса;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қызметін тоқтата тұру ауыр және қауіпті салдарлармен байланысты болатын қауіпті өндірістік объектілерде, егер негізгі жабдықтардың, механизмдердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілмесе;»;
2-тармақ алып тасталсын;
78) 181-баптың 1-тармағында:
7) тармақшадағы «денсаулығына зақым келу тәуекелі» деген сөздер «орын алған кәсіптік тәуекел» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «орташа» деген сөз алып тасталсын;
79) 182-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексеруге өз қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар.»;
2-тармақта:
1), 3) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіптік тәуекелге бағалау жүргізуге және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оны барынша азайту және болғызбау жөнінде шаралар қолдануға;»;
«3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімін тексеруді ұйымдастыруға;»;
«13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді бір ай мерзімде жазбаша немесе еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы беруге;»;
16) тармақшадағы «еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «меншікті қаражаты есебінен өткізуге міндетті.» деген сөздер «өз қаражаты есебінен өткізуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіруге және оның жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыруға міндетті.»;
80) 184-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «немесе құлайтын заттар бар» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым (екі және одан көп) жұмыс жүргізген кезде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады.»;
81) 186-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбекке жарамсыздыққа не қайтыс болуға әкеп соққан, еңбек міндеттерін орындауға байланысты жұмыскерлер денсаулығының зақымдануы, егер олар:»;
82) 187-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жұмыс беруші жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзіне белгілі бола салысымен дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға шарт жасасқан сақтандыру ұйымын хабардар етеді.»;
83) 190-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «еңбек жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес және комиссия мүшелері көпшілігінің пікірлері ескеріле отырып ресімделуге тиіс.
Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің) тұжырымдарымен келіспеген жағдайда, ол тергеп-тексеру аяқталған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің уәжді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне «ерекше пікірге қара» деген ескертпемен қол қояды.
3. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шегушінің немесе оның сенім білдірген адамының, жұмыскерлер өкілінің жұмыс берушіге жазбаша өтініш беруге құқығы бар, ол он жұмыс күні ішінде олардың өтінішін қарауға және мәні бойынша шешім қабылдауға міндетті.
4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді:
1) жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келіспеушілік жағдайында мемлекеттік еңбек инспекторы немесе сот;
2) жұмыс беруші, жұмыскер мен төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы не қауіпті өндірістік объектілерде болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор арасындағы келіспеушілік жағдайында тиісті жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы немесе сот қарайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторының еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері жөніндегі шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.»;
5-тармақта:
7) тармақшадағы «бас» деген сөз алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шегушіге (оның отбасы мүшелеріне) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы бұйрығы;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көрсетілген материалдар болмаған жағдайда, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісінде себептері көрсетіле отырып, тиісті ақпарат көрсетіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмесін жұмыс беруші еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға береді. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмесін жеті жұмыс күні ішінде аумақтық полиция органына жібереді, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.»;
84) 193-бапта:
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу мақсатында жұмыс берушілерге кедергісіз баруға;»;
«6) жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде оларды бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға) құқығы бар.
Ұйымның Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, мұны жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын тоқтата тұру (тыйым салу) жолымен жою мүмкін болмайтын сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы ұйымның қызметін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға) құқылы.
Осы тармақшада жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер деп жұмыскерлердің өндірістік жарақаттар алу ықтималдығын не қайтыс болу тәуекелін түсіну керек;»;
10) тармақша «жұмыскерлерді» деген сөзден кейін «, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбек қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «талап қоюларды» деген сөздер «талап-арыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 195-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«1. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.»;
бірінші абзацтағы «1.» деген цифр алып тасталсын;
1) тармақшада:
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы акт осы Кодекстің 193-бабының 6) тармақшасына сәйкес берілген қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы талап-арыз бойынша сот азаматтық іс қозғағанға дейін қолданылады.»;
86) 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Декларациялау өлшемшарттарды (көрсеткіштерді) салыстыру арқылы жүзеге асырылады, олар бойынша жұмыс беруші өз қызметінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өз бетінше бағалау жүргізеді.
Жұмыс беруші декларациялау бойынша мәліметтерді еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге енгізеді.
Қызметі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты табыс етіледі, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін қалыптастыру кезінде ескеріледі.»;
87) 201-баптың 1-тармағындағы «тәуекелдерді» деген сөз «кәсіптік тәуекелді» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 202-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімін тексеруді ұйымдастыруға;»;
89) 203-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді.»;
«4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексерулер жүргізуін ұйымдастырады.».