2) 4-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;»;
3) 8-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі
4) 11-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктермен және ескертпемен толықтырылсын:
«Осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарының өз кірістеріне сәйкестігін бақылауды, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияларда көрсетілген, осы мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуі, атап айтқанда осы баптың 3-тармағында аталған адамдар есепті күнтізбелік жыл ішінде сатып алған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп мөлшерде асып кетуі аталған адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылығына алып келеді.
Бұл ретте, егер мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың есепті күнтізбелік жыл ішінде сатып алған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстары көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшері шегерілгенде аталған адамдардың есепті күнтізбелік жыл ішіндегі кірісінің мөлшерінен асып кетсе, онда аталған адамдар теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылуға немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылуға жатады, сол сияқты олардың өкілеттіктері тоқтатылады.
Шығыстардың кірістерге осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген сәйкес келмеуі анықталған адамдар туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған, шығыстары кірістеріне сәйкес келмейтіні анықталған адамдарды жұмыстан шығаруға немесе атқарып жүрген лауазымынан босатуға, сол сияқты өкілеттіктерін тоқтатуға құқығы бар мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) тиісті лауазымды адамдарын аталған адамдарды жұмыстан шығару немесе атқарып жүрген лауазымынан босату, сол сияқты олардың өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған, шығыстары кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, келесі үш жыл бойы мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналаса алмайды.
Ескертпе. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстарын жабу көздері деп салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ көрсетілген шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған, есепті жыл және алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде алынған кірістерді растайтын, уәкілетті органдардың, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, үшінші тұлғалардың, шет мемлекеттердің құзыретті органдарының деректері және басқа да ақпарат көздерінен алынған деректер түсініледі.»;
5) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді, оларды сақтамау жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) негіз болып табылады.»;
6) 13-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде (мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) қызметін жүзеге асыратын адамдар тиісті квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдарды атқаруға құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және пайдаланылуы кірістер алуға алып келетін өзге де мүлікті сатып алған жағдайда осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарт нотариаттық куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариаттық куәландырылған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
7) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде, атқарушы органында) өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) жекжаттарымен бірге лауазымдарды атқаруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде, атқарушы органында) бірлескен қызметті (жұмысты) болғызбайтын лауазымға ауысуға жатады, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы жұмыскерлердің біреуі қызметтен шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзге де босатылуға жатады.»;
8) 16-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Квазимемлекеттік сектор субъектісінде негізгі міндеті осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын жауапты адам айқындалады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын жауапты адам мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.»;
9) 20-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) квазимемлекеттік сектор субъектісінде әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпарат алмасу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіруді;»;
10) 24-бапта:
1-тармақтағы «қызметкері» деген сөз «жұмыскері» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен көтермеленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамдарға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің көтермелеу бөлігіндегі ережелері:
1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Көрсетілген ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3 және 24-4-баптармен толықтырылсын:
«24-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл бойы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғауды;
2) адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету мақсатында осы адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді қамтиды.
24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау
1. Өзі жұмыскері болып табылатын (болған) ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам тарапы болып табылатын жеке еңбек дауын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылатын келісу комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілін міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары жоқ ұйымдарда өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекеттік органның немесе ұйымның аталған адамның тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау, сондай-ақ адамды жұмыстан шығарудың (атқарып жүрген лауазымынан босатудың) немесе басқа лауазымға ауыстырудың негізділігін анықтау үшін құрылатын тәртіптік комиссиясының немесе өзге де алқалы органының (бұдан әрі - алқалы орган) ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды немесе жұмыстан шығарылмайды (атқарып жүрген лауазымынан босатылмайды) немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қаралатын алқалы орган отырысына қатысуға міндетті түрде шақырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган немесе басқа ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдарды келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жібереді.
Көрсетілген отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі қатыса алады.
3. Келісу комиссиясының шешіміне немесе алқалы орган отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан оның мүшелері қол қояды.
Келісу комиссиясы шешімінің не алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесі шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының қорытындылары бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы шешімінің немесе алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не прокуратураға жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте көрсетілген хабарламаны жіберу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның сотқа жүгінуіне кедергі болып табылмайды.
24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын тиісті мемлекеттік органда не ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетілген жағдайда осы адам жұмыс істейтін мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы, келісу комиссиясының немесе алқалы органның мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
2. Өзі жұмыскері болып табылатын мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не осы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында адам осы мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына жүгінген кезде мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде уәкілетті мемлекеттік орган аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, жұмыскермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасқан, жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабары бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген басшымен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалады.
4. Адам осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісімнің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның осы Заңның 24-4-бабының 2-тармағында көзделген хабарламасы келіп түскен мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы, егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында осындай келісім жасалған болса, осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін және оның нысанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
24-4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың құқықтары
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарды қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты алуға;
2) уәкілетті мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзінің хабарын қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес шағым жасауға;
3) осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім алу үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуге;
4) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл ішінде оны тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуіне байланысты деп пайымдаған жағдайда келісу комиссиясының немесе алқалы органның осы мәселелерді осы Заңның 24-2-бабында көзделген тәртіппен бұрын қарамауы шартымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2. Адам осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының негізінде жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жүгіну негізділігі анықталған жағдайда жолданым келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік органның не басқа ұйымның басшысына осы Заңның 24-2 және 24-3-баптарында белгіленген тәртіппен осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелерді қайтадан қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:
1) хабарлама жіберілетін мемлекеттік орган не ұйым басшысының тегі мен аты-жөні;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы;
4) мемлекеттік орган не ұйым басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адаммен, егер бұрын осы адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу міндеті туралы, сондай-ақ мұндай келісім жасалған жағдайда адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария еткені үшін жауаптылығы туралы ескерту.
Бұл ретте мемлекеттік органның не ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жолданымы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысын өткізуге және қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға міндетті.»;
10-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Заңның 11-бабы 9-тармағының күші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
11. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-тармақтың 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі
1) 16-баптың 3-тармағында:
14) тармақшадағы «негізінде», «шығарылған азаматты;» деген сөздер тиісінше «негізінде және осы тармақтың 14-1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша», «шығарылған;» деген сөздермен ауыстырылсын;