оны танып қоюды болғызбайтын жағдайларда;
сот талқылауына басқа қатысушылардың оны сырттан байқауынсыз;
қажет болғанда бейне, дыбыс жазуға және жауап алу барысын түсіріп алудың өзге де тәсілдеріне тыйым сала отырып жауап алуы;
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жақындауға тыйым салу;
8) қорғалатын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғалатын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулысының негізінде бір мезгілде жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мынадай шараларының бірнешеуін не біреуін таңдайды және қолданады:
1) жеке күзет, тұрғынжайын және өзге де мүлкін күзету;
2) жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету;
3) қауіпсіз орынға уақытша орналастыру;
4) қорғалатын адамдар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) басқа тұрғылықты жерге көшіру, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыру, жұмысқа орналасуына көмектесу;
6) құжаттарды ауыстыру;
7) сырт пішінін өзгерту.
Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру және сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің айрықша шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігін басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады.
3. Осы бапта көзделген қауіпсіздік шараларын іске асыру мақсатында «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін.
8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер қатерін төндіретін адамға оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін екендігі туралы ресми алдын ала ескерту
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қорғалатын адамдарға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер жасау қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер жасау қатерін төндіретін адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екендігі туралы ресми алдын ала ескерту жасайды. Қылмыстық процесті жүргізетін орган жасаған алдын ала ескерту адамға қолхат алынып хабарланады.»;
5) 10-бапта:
тақырыптағы «(сезіктіге)», «таңдап алу» деген сөздер тиісінше «(күдіктіге)», «қолдану» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «(сезікті)», «таңдап алуға» деген сөздер тиісінше «(күдікті)», «қолдануға» деген сөздермен, үшінші бөліктегі «(сезікті)» деген сөз «(күдікті)» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Жақындауға тыйым салу
Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жақындауға тыйым салу белгіленеді.»;
7) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Жеке күзет, тұрғынжай мен өзге де мүлікті күзету
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қорғалатын адамдардың келісімімен олардың жеке күзетілуін, тұрғынжайлары мен өзге де мүлкінің күзетілуін қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда өртке қарсы және күзеттік дабылдатқыш құралдары, қорғалатын адамның келісімімен бақылаудың техникалық құралдары орнатылады, телефон нөмірлері мен пайдаланылатын көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері өзгертілуі мүмкін.
15-бап. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қорғалатын адамдарға жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарын, сондай-ақ оларға қатысты болуы мүмкін құқыққа қарсы қолсұғушылықты тіркеу және қауіптілік туралы хабарлау үшін техникалық құралдарды бере алады.
Осы Заңның 3-бабы бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған адамдарға қару, оның ішінде қызметтік, жауынгерлік қару немесе өзін-өзі қорғау қаруы да берілуі мүмкін. Қорғалатын адамдардың өздеріне берілген қаруды сақтауы, алып жүруі және қолдануы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру тәртібін, олардың түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
8) 17-баптағы «Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін» деген сөздер «Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21, 21-1, 21-2, 22, 23, 24, 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қауіпсіздік шараларын қолдану және жүзеге асыру
Осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді:
1) 1-тармақтың 1), 2), 3) және 7) тармақшалары бойынша - қылмыстық істі жүргізіп жатқан органдар;
2) 1-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары бойынша - соттар;
3) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшалары бойынша - қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
4) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы бойынша - жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
5) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы бойынша - уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
6) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар жүзеге асырады.
Әскери соттардың судьяларына, прокурорларға, әскери полицияның, әскери-тергеу бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, сол сияқты олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысты қауіпсіздік шараларын тиісті әскери бөлімнің қолбасшылығы немесе тиісті әскери мекеменің бастығы да жүзеге асыра алады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға осы Заңның нормаларын орындауға өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетуге міндетті.
Қылмыстық іс одан әрі тергеп-тексеру үшін басқа қылмыстық қудалау органына берілген кезде қорғалатын адамның қауіпсіздігі шараларын іске асыруды істі өзінің іс жүргізуіне қабылдаған орган жүзеге асырады.
21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Қорғалатын адамдар болып табылатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтардың қауіпсіздігі Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызмет, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарындағы қорғалатын адамға қатысты тиісті мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшіні Қарулы Күштердің, әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының басқа әскери бөліміне;
2) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан, қорғалатын адамға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекетті жасау қатері төнуі мүмкін әскери қызметшіні Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқа әскери бөліміне;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін өзі қызмет өткеріп жатқан орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не өзге арнаулы мемлекеттік органға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының қызметкерін өзі қызмет өткеріп жатқан орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не өзге құқық қорғау органына, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөліміне ауыстыру да (іссапарға жіберу де) қолданылуы мүмкін.
3. Ауысу кезінде әскери қызметші, қызметкер негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдаланылуы қамтамасыз етіле отырып, тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалады.
4. Қорғалатын адамды ауыстыру (іссапарға жіберу) оның жазбаша түрде білдірген келісімімен жүзеге асырылады.
21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Күзетпен ұсталынатын немесе қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу орындарындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігі оған қатысты осы Заңның 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары не Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген өзге де шаралар қолданылып қамтамасыз етіледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) қорғалатын адамды немесе қорғалатын адамға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекетті жасау қатерін төндіретін адамды күзетпен ұстайтын және жазаны өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстыру да;
2) қорғалатын адамды және қорғалатын адамға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекетті жасау қатерін төндіретін адамды бөлек ұстау да қолданылуы мүмкін.
22-бап Қауіпсіздік шараларын қолдану негіздері
Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғалатын адамға қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде мемлекеттік қорғауға жататын адамның ауызша (жазбаша) өтінішінің негізінде немесе өз бастамасы бойынша қауіпсіздік шараларын қабылдайды.
23-бап. Қауіпсіздік шараларын қолдану тәртібі
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мемлекеттік қорғауға жататын адамнан өзіне қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері туралы ауызша (жазбаша) өтінішті алған соң не нақты қатер туралы куәландыратын жеткілікті деректер келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген өтінішті немесе келіп түскен деректерді тексеруге және оны (оларды) алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану не оларды қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік қорғауға жататын адамға тиісті қаулының көшірмесі табыс етіле отырып, ол қабылданған шешім туралы дереу хабардар етіледі.
Кідіртуге болмайтын жағдайларда қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім дереу қабылданады.
2. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартуға не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы қаулыға сотқа немесе прокуратураға шағым жасалуы мүмкін. Шағым дереу қаралуға жатады.
3. Судья немесе прокурор қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартқан не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы қаулы қабылдаған жағдайда шағым жоғары тұрған соттың немесе прокурордың дереу қарауына жатады.
4. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулыны алған соң осы Заңда көзделген жеке қауіпсіздіктің қажетті шараларын таңдайды, оларды қолдану мерзімдері мен тәсілдерін айқындайды, бұл туралы тиісті қаулы шығарады.
5. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің таңдап алынған шаралары, оларды өзгерту, толықтыру және қолдану нәтижелері туралы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органға хабар береді.
6. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адаммен қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар айқындаған тәртіппен, осы Заңға сәйкес қауіпсіздік шараларын қолдану шарттары, тараптардың өзара міндеттемелері мен жауаптылығы туралы жазбаша түрде шарт жасасады. Қолданылатын қауіпсіздік шаралары қорғалатын және басқа да адамдардың зейнетақымен қамсыздандырылу, тұрғын үй, еңбек және өзге де құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс.
7. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамды ішкі орнықтылықтың бұзылуын болғызбауға, қауіпсіздік шараларын қолдануға байланысты жайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға, қылмыстық процеске қатысуға байланысты әлеуметтік зиянды салдарды барынша азайтуға бағытталған психологиялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.
Соттан басқа, қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларының қабылдануына қарамастан, қылмыстық процеске қатысушы адамға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін негіздер болған кезде оны жүргізуге міндетті.
8. Кәмелет жасқа толмағандарға немесе өздерінің дене немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтары мен мүдделерін өз бетінше іске асыру мүмкіндігінен айырылған адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану олардың заңды өкілдері тартыла отырып жүзеге асырылады. Заңды өкілдердің осы Заңда көзделген шектерде өздері өкілдік ететін жеке тұлғалардың құқықтары сияқты құқықтары бар.
24-бап. Қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімдерді орындаудың міндеттілігі
1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдері, олардың атына жіберілген атқарушы органдардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті.
2. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың лауазымды адамдары мен басқа да жұмыскерлері өздеріне осы Заңмен жүктелген міндеттерді шешуде мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдарға жәрдем көрсетуге міндетті және көрсетілген органдар мен олардың өкілдеріне өз құзыреті шегінде қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқылы емес.
25-бап. Қорғалатын адамдардың құқықтары
Қорғалатын адамдардың:
1) өздеріне, өздерінің отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы білуге;
2) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдарға осы Заңның 7-бабында санамаланған нақты қауіпсіздік шараларын өздеріне қатысты қолдану немесе қолданбау не олардың күшін толық жою туралы өтінішхат беруге;
3) қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға;
4) осы Заңда көзделген қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану не олардың күшін жою туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
26-бап. Қорғалатын адамдардың міндеттері
Қорғалатын адамдар:
1) өздеріне қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану шарттарын және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның заңды талаптарын орындауға;
2) өздеріне қатысты қатер төнген әрбір жағдай немесе құқыққа қарсы әрекеттердің фактілері туралы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органға дереу хабар беруге;
3) қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өздеріне берілген мүлікті күтіп-ұстауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға берілген мүлікті сатқан, басқа адамға берген немесе қасақана бүлдірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болуға;
4) өздеріне қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария етпеуге;
5) қажет болған кезде жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарын, техникалық құралдарды және қаруды пайдалануды оқып-үйренуге міндетті.»;
10) 26-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері туралы өтініштер немесе деректер бойынша қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардан сұратуға және олардан алуға;».
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қорғалатын адамға қатысты қажетті жеке қауіпсіздік шараларын таңдап алуға, оларды қолдану тәсілдері мен мерзімдерін айқындауға, қолданылатын жеке қауіпсіздік шараларын қажет болған кезде өзгертуге және толықтыруға;»;
5) тармақшадағы «жүргізуге құқығы бар.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда көзделген жағдайларда қорғалатын адамдардың жеке қауіпсіздігі шараларының күшін жоюға құқығы бар.»;
11) 27 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Қауіпсіздік шараларының күшін жою
1. Қауіпсіздік шараларының күші қорғалатын адамға қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері жойылған, қорғалатын адам осы Заңның 23-бабының 6-тармағында көрсетілген шартты жасасудан бас тартқан немесе қорғалатын адам осы шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда не егер қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган объективті деп таныған өзге де негіздердің туындауына орай қауіпсіздік шараларын одан әрі қолдану мүмкін болмаса, жойылады.
2. Қауіпсіздік шараларының күші Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және осы Заңда көзделген тәртіппен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органның уәкілетті лауазымды адамының уәжді қаулысымен немесе соттың үкімімен жойылады.
3. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы жазбаша өтініші немесе қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органның олардың күшін жою туралы өтінішхаты үш тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады. Қабылданған шешім туралы қаулы шығарылады, ол шығарылған күні қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органға жіберіледі, сондай-ақ өзіне қатысты көрсетілген қаулы шығарылған адамға табыс етіледі.
4. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларын жалғастыру туралы мәселені шеше отырып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан не үкім шығарылған кезде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдардың уәкілетті лауазымды адамдары жеке қауіпсіздік шараларының күшін жою үшін кейіннен негіздер туындаған жағдайларда, кейіннен прокурорды хабардар ете отырып, өз қаулысымен жеке қауіпсіздік шараларының күшін жоюға құқылы. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға қорғалатын адамның жеке қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы өтініші келіп түскен кезден бастап үш тәулікке дейінгі мерзімде қаралады. Оны қарау нәтижелері туралы тиісті қаулы шығарылады, оның көшірмесі кейіннен прокурор хабардар етіле отырып, өтініш берушіге табыс етіледі.
5. Қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және осы Заңның 23-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
«29-бап. Мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Қауіпсіздік шараларын қолдануға байланысты шығыстарды қорғалатын адамға жүктеуге болмайды.
Тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға, сондай-ақ сырт пішінін өзгертуге байланысты жәрдемақылар төлеу мен шығыстарды өтеуді қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;
12) 30-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін адамдардан басқа, қорғалатын адамдарға олардың қылмыстық процеске қатысуына байланысты өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік кепілдіктер қорғалатын адамға нұқсан келтіруге кінәлі адамнан осы қаражат кейіннен өндіріп алына отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қамтамасыз етіледі.».
7-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі
7. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды;».
8-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі
8. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2-тармағында:
9) тармақшадағы «босатылған, сондай-ақ», «шығарылған адам қабылданбайды.» деген сөздер тиісінше «босатылған, сондай-ақ осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жұмыстан шығару немесе өкілеттіктерін тоқтату жағдайын қоспағанда,», «шығарылған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған, мұндай жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін үш жыл өткен соң құқық қорғау қызметіне кіруге құқылы адам қабылданбайды.»;
2) 80-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, қызметкердің шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты;».
9-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бас тап қолданысқа енгізіледі
9. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «мемлекеттік немесе» деген сөздер «осы тармақтың 11-1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жұмыстан шығару немесе өкілеттіктерін тоқтату жағдайын қоспағанда, мемлекеттік немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған, мұндай жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін үш жыл өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы;».
10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам - мемлекеттік қызметтегі адам, мәслихат депутаты, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанына дейін уақытша атқаратын адам, сондай-ақ офицерлер құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әскери лауазымына уақытша тағайындалған немесе оның міндетін уақытша атқаратын адам;»;