Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамдарға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің көтермелеу бөлігіндегі ережелері:
1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Көрсетілген ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3 және 24-4-баптармен толықтырылсын:
«24-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл бойы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғауды;
2) адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету мақсатында осы адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді қамтиды.
24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау
1. Өзі жұмыскері болып табылатын (болған) ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам тарапы болып табылатын жеке еңбек дауын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылатын келісу комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілін міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары жоқ ұйымдарда өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекеттік органның немесе ұйымның аталған адамның тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау, сондай-ақ адамды жұмыстан шығарудың (атқарып жүрген лауазымынан босатудың) немесе басқа лауазымға ауыстырудың негізділігін анықтау үшін құрылатын тәртіптік комиссиясының немесе өзге де алқалы органының (бұдан әрі - алқалы орган) ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды немесе жұмыстан шығарылмайды (атқарып жүрген лауазымынан босатылмайды) немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қаралатын алқалы орган отырысына қатысуға міндетті түрде шақырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган немесе басқа ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдарды келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жібереді.
Көрсетілген отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі қатыса алады.
3. Келісу комиссиясының шешіміне немесе алқалы орган отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан оның мүшелері қол қояды.
Келісу комиссиясы шешімінің не алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесі шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының қорытындылары бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы шешімінің немесе алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не прокуратураға жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте көрсетілген хабарламаны жіберу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның сотқа жүгінуіне кедергі болып табылмайды.
24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын тиісті мемлекеттік органда не ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетілген жағдайда осы адам жұмыс істейтін мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы, келісу комиссиясының немесе алқалы органның мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
2. Өзі жұмыскері болып табылатын мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не осы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында адам осы мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына жүгінген кезде мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде уәкілетті мемлекеттік орган аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, жұмыскермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасқан, жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабары бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген басшымен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалады.
4. Адам осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісімнің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның осы Заңның 24-4-бабының 2-тармағында көзделген хабарламасы келіп түскен мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы, егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында осындай келісім жасалған болса, осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін және оның нысанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
24-4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың құқықтары
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарды қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты алуға;
2) уәкілетті мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзінің хабарын қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес шағым жасауға;
3) осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім алу үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуге;
4) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл ішінде оны тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуіне байланысты деп пайымдаған жағдайда келісу комиссиясының немесе алқалы органның осы мәселелерді осы Заңның 24-2-бабында көзделген тәртіппен бұрын қарамауы шартымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2. Адам осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының негізінде жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жүгіну негізділігі анықталған жағдайда жолданым келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік органның не басқа ұйымның басшысына осы Заңның 24-2 және 24-3-баптарында белгіленген тәртіппен осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелерді қайтадан қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:
1) хабарлама жіберілетін мемлекеттік орган не ұйым басшысының тегі мен аты-жөні;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы;
4) мемлекеттік орган не ұйым басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адаммен, егер бұрын осы адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу міндеті туралы, сондай-ақ мұндай келісім жасалған жағдайда адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария еткені үшін жауаптылығы туралы ескерту.
Бұл ретте мемлекеттік органның не ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жолданымы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысын өткізуге және қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға міндетті.»;
10-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Заңның 11-бабы 9-тармағының күші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
11. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 52-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген міндетті орындаған жағдайда мемлекет мемлекеттік қызметшіге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қорғау шараларына кепілдік береді.»;
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 59-баптың бірінші бөлігінде:
11-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік саяси қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;»;
11-тармақтың 4) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 61-бапта:
1-тармақта:
11-тармақтың 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік әкімшілік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;»;
2-бап. Осы Заң:
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 12) тармақшасын, 11-тармағының 3) тармақшасының бірінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының бірінші, екінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2) 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 3 қаңтар
№ 188-VІІ ҚРЗ