4. Тараптар мен мүдделi адамдардың бiреуiн хабардар етпей дәлелдемелердi қамтамасыз ету тек кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.
5. Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шараларды қолдану үшiн куәнiң немесе сарапшының тұрғылықты жерi бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды.
6. Нотариус азамат пен маманды көрiнеу жалған айғақ немесе қорытынды бергенi және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауап беретiнi туралы ескертедi.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 99-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
99-1-бап. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру
Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариус дайындаған электрондық құжат мазмұнының нотариусқа ұсынылған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей заңды күші болады.
Электрондық құжаттың қарапайым жазбаша нысанда жасалған мәмілелерге, жеке басты куәландыратын құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар электрондық нысанда берген құжаттарға қатысты қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыруға жол берілмейді.
Электрондық құжатты оның қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру үшін дайындауды нотариус қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық түрін дайындау және оны нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру жолымен жүзеге асырады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 99-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
99-2-бап. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру
Қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариусқа ұсынылған электрондық құжат мазмұнының нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған электрондық құжатпен бірдей заңды күші болады.
Нотариусқа ұсынылған электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуға тиіс. Құжатты берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге және оның тиесілілігі расталуға тиіс.
18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы.
Халықаралық шарттар
100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы
1. Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердiң құқық нормалары негiзiнде нотариаттық iс-әрекет жасайды.
2. Нотариус Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделсе, басқа мемлекеттердiң заңдарында белгiленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру
Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматы өлген соң шетелдiк азаматқа тиесiлi мүлiктi қорғауға байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенімгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
102-бап. Нотариустың шетелде жасалған құжаттарды қабылдауы
1. Нотариус басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң органы заңдастырған жағдайда қабылдайды.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
2. Заңдастырылмаған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады.
103-бап. Басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз ету
Нотариус басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
104-бап. Халықаралық шарт
1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттерден өзгеше ережелер белгiленсе, нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген нотариаттық iс-әрекеттер жасауды нотариаттың құзыретiне жатқызса, нотариус нотариаттық iс-әрекеттi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
105-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету
3. Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметiн реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңмен сәйкес келтiрiлуге тиiс және осы мерзiм iшiнде оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
4. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 1997 жылғы шілденің 14-і.
№ 155-1