Қазақстан Республикасының
Заңы
Нотариат туралы
(2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1 Бөлiм. Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат
2-бап. Нотариат туралы заңдар
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу
4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе
4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мазмұны
4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу
4-4-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді ұсыну
5-бап. Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тiл
2-тарау. Нотариустың құқықтық жағдайы
6-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариус
7-бап. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы
7-2-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту
10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру
11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру
12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату
13-бап. Алып тасталды
14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi
15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус
16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру
17-бап. Нотариустың құқықтары
17-1-бап. Консультация беру
18-бап. Нотариустың мiндеттерi
19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу
20-бап. Нотариаттық округ
21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы
21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері
22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары мен бланкілері
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы
24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы
24-3-бап. Тәртіптік теріс қылықтар
25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тарту шағымдану
3-тарау. Нотариаттық палата
26-бап. Нотариаттық палата
26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары
26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы
26-3-бап. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы
27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы
28-1-бап. Республикалық нотариаттық палатаның органдары
28-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның съезі
28-3-бап. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы
29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
29-1-бап. Жеке нотариаттық архив
4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу
30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу
30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау
31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау
32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi
6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы
38-бап. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттердi нотариусқа беру
7-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың негiзгi ережелерi
39-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртібі
40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдерi
41-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауды кейiнге қалдырудың және тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмдерi
42-бап. Нотариаттық iс-әрекеттi жасауды өтiнген адамның жеке басын анықтау
43-бап. Мәмiлелерге қатысушы жеке адамдардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтау
44-бап. Нотариаттық құжаттарға қол қою тәртібі
44-1-бап. Нотариаттық әрекеттерді электрондық нысанда жасау
45-бап. Куәландырылатын мәмiлелер мен айғақталатын құжаттардың мәтiндерiне қойылатын талаптар
46-бап. Нотариаттық iс-әрекет жасау құқығын шектеу
47-бап. Куәландыратын жазбалар жасау, куәлiктер беру және қаулылар шығару
48-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тарту
49-бап. Нотариаттық әрекеттерді тіркеу
50-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктердің, куәландыратын жазбалардың нысаны
51-бап. Нотариаттық куәландырылған құжаттың дубликатын беру
8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру
52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер
53-бап. Мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын тараптарға түсiндiру
54-бап. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттарды куәландыру
56-бап. Өсиеттердi куәландыру
57-бап. Өсиеттердi өзгерту және күшiн жою тәртібі
58-бап. Сенімхаттарды және келісулерді куәландыру
59-бап. Мәмiленiң мазмұны баяндалатын құжат даналарының саны
9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру
60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау
61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау
69-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру орны мен мерзiмi
70-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру тәртібі
71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары
72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары
10-тарау. Ортақ бiрлескен мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру
73-бап. Ортақ бiрлескен меншiк үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк беру
74-бап. Көзi тiрi жұбайының өтiнiшiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру
75-бап. Алып тасталды
11-тарау. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру
76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру
77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру
78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру
79-бап. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру
80-бап. Аударымның дұрыстығын куәландыру
12-тарау. Фактiлердi куәландыру
81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру
82-бап. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру
83-бап. Құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру
13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау
84-бап. Өтiнiштердi беру
85-бап. Ақшаны депозитке қабылдау
86-бап. Депозитке ақша салған адамға оны қайтару
14-тарау. Вексель наразылығын жасау
92-бап. Вексель наразылығы
14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету
92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны
92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі
92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері
92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін жіберу
92-7-бап. Атқарушылық жазбаны беру
92-8-бап. Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту
15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
94-бап. Сақтауға қабылданған құжаттарды және бағалы қағаздарды қайтару
16-тарау. Теңiз наразылықтарын жасау
95-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме
96-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеменiң мерзiмдерi
97-бап. Теңiз наразылығы туралы акт жасау
17-тарау. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету
98-бап. Сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда дәлелдемелердi қамтамасыз ету
99-бап. Нотариустың дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекеттерi
99-1-бап. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру
99-2-бап. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру
18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар
100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы
101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру
102-бап. Нотариустың шетелде жасалған құжаттарды қабылдауы
103-бап. Басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз ету
104-бап. Халықаралық шарт
105-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан», «лицензияны кері қайтарып алу», «Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу», «нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады», «Лицензия кері қайтарылып алынған», «кері қайтарып алу», «нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «лицензиясынан айырылғандықтан», «лицензиясынан айыру», «Нотариусты лицензиясынан айыру», «нотариус лицензиясынан айырылады», «Лицензиясынан айырылған», «одан айыру», «нотариустарды лицензияларынан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың)», «ауылдық (селолық)» «ауылдың (селоның)», «ауылдар (селолар)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың», «ауылдық», «ауылдың», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1 Бөлiм
Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат - бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1) мемлекеттік нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
3-1) ҚР Заңымен 05.05.03 ж. № 408-II алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.
2-бап. Нотариат туралы заңдар
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттық қызмет - бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді.
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.
4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.
5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
Заң көмегін көрсету үшін қажетті нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден алуды адвокаттар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында адвокаттық сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырады.
Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.
9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды:
1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай:
сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер);
ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);
нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру;
2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу;
3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу;
4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну;
5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;
6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу
1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөніндегі қағидаға (бұдан әрi - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдасы нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады.
Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе
1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу процестерін автоматтандыруға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізіледі.
3-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс.
4. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге қолжетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі.
Нотариустар және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.
5. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
7. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық нотариаттық палатаға сенімгерлік басқаруға беріледі.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды
4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мазмұны
1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе:
1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен;
2) мұрагерлік істер тізілімінен;
3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен;
4) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) нотариаттық электрондық репозиторийден тұрады.
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде ақпараттық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады.
2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
3. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды
4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу
1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуді нотариустар жүзеге асырады.
Нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мынадай:
1) нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті.
Сенімхатты куәландыру немесе оның күшін жою бойынша нотариаттық әрекетті бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге сенімхаттың электрондық үлгісін (электрондық нұсқасын) енгізуге міндетті;
2) мұрагерлік істі жүргізуге негіз болып табылатын өтініштер келіп түскен кезде мұраның ашылғаны туралы;