4) нарықта бәсекелестікті дамыту;
5) тұтыну кооперативтерінің қызметін реттеу.».
17-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-баптағы «Үкімет және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 27-2-баптың 2-тармағындағы және 6-тармағының үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын.
18-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 2-тармағының 21) тармақшасындағы «кеңейту» деген сөз «жүзеге асыру және кеңейту» деген сөздермен ауыстырылсын.
19-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді» деген сөздер «уәкілетті орган айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
20-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негіздері
1. Саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, олардың қызметінің кепілдіктерін айқындау Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қатынастарын реттеу Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Саяси партиялардың қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негізделеді. Осы Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, саяси партиялар ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдістерін еркін айқындайды.
4. Саяси партиялардың қызметі адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
5. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа кандидаттар тізімінде өкілдік етуі үшін және мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге бірдей мүмкіндіктер жасауға тиіс.
6. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық қағидат бойынша құрылады.
7. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейді.
9. Мақсаттары немесе әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметіне тыйым салынады.
10. Азаматтардың кәсіби, нәсілдік, ұлттық, этностық және діни белгілері бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
11. Әскерилендірілген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендірілген құралымдар құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
12. Білім беру ұйымдарының оқу процесінде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берілмейді.»;
3) 18-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
21. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың екінші бөлігі:
«бас тартуға» деген сөздерден кейін «, сол сияқты электрондық құжат айналымы жүйесінің бағдарламалық және (немесе) техникалық құралдарын бұғаттау арқылы электрондық құжаттарды адресатқа дейін жеткізбеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
22-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 11-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-4) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындайды;».
23. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-тармақтың 1) - 5) тармақшалары 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-баптың 3-тармағы «аумақтық бөлімшелері» деген сөздерден кейін «, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 2) тармақшасындағы «саясатты әзірлеу және іске асыру» деген сөздер «саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
4) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
5) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
«15-3-бап. Байланыс операторларының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.».
24-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
24. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
34-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
25-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
2) жылжымайтын мүлікке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін іске асыру және қамтамасыз ету;
3) тіркеуші органның құқықтық кадастрды жүргізуі және тіркелген құқықтар туралы жазбаларды енгізуі.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) меншікке қолсұғылмаушылық;
3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы.».
26-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
26. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 7-1) және 7-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-3) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;
7-4) тіркелген тарифтерді бекітеді;».
27-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
27. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «алғашқы статистикалық» деген сөздер «бастапқы статистикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі «процесінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-2) тармақшадағы «біріктірілген деректерді» деген сөздер «ресми статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «статистикалық» деген сөзден кейін «және балама» деген сөздермен толықтырылсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) әкімшілік деректерді ұсыну графигі - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді беретін әкімшілік дереккөздер туралы, әкімшілік деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3), 3-4), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) бағаларды тіркеу - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;
3-3) балама деректер - бастапқы статистикалық немесе әкімшілік деректер болып табылмайтын деректер;
3-4) бастапқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;»;
«4-1) деректер өнімі - балама деректерді өңдеу негізінде қалыптастырылатын өнім;
4-2) деректерді бақылаушы - әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде тартылатын, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маманы;
4-3) деректердің сапасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;»;
7) тармақша «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «сәйкес» деген сөзден кейін «және ұлттық санақ жүргізу кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік» деген сөздер «бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) статистикалық жұмыстар жоспары - ұлттық санақтарды қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді жинау, әкімшілік және балама деректерді ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу жоспары;»;
18) тармақшада:
«өңдеуді,» деген сөзден кейін «талдауды,» деген сөзбен толықтырылсын;
«алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді» деген сөздер «бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақша алып тасталсын;
21-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1) талдамалық ақпарат - бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді талдау барысында, оның ішінде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу мен талдаудың инновациялық әдістері негізінде алынған ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі - телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;
21-3) ұлттық анықтамалық ақпарат - сыныптауыштардың, каталогтардың, анықтамалықтардың, номенклатуралардың және басқа да техникалық-экономикалық ақпараттың жиынтығы;»;
23-1) тармақшадағы «біріктірілген деректерді» деген сөздер «ресми статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-баптың 7) тармақшасындағы «статистикалық және әкімшілік» деген сөздер «статистикалық, әкімшілік және балама» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.»;
6) 8-бапта:
6-тармақ «қызметте» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсынуға жол беріледі.»;
7) 12-бапта:
15-2) тармақшадағы «алғашқы статистикалық» деген сөздер «бастапқы статистикалық және әкімшілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-4) тармақшамен толықтырылсын:
«15-4) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасады;»;
19) тармақшадағы «әкімшілік деректерді статистикалық» деген сөздер «әкімшілік деректерді, балама деректерді ресми статистикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келіседі;
23-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келіседі;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
8) 12-1-бапта:
2-тармақ 5) тармақшадағы «келмеуін анықтау мақсатында жүргізіледі.» деген сөздер «келмеуін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін анықтау мақсатында жүргізіледі.»;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы «мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары» деген сөздер «деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «4) және 5)» деген сөздер «4), 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 4) тармақшасындағы «мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары» деген сөздер «деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары, сарапшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 5) тармақшасындағы «мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары» деген сөздер «деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта:
2) тармақша «тіркеу үшін» деген сөздерден кейін «әкімшілік деректерді, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын, сарапшыларын тартуға;»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер әкімшілік деректер, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін қашықтан бақылау және тексерулер нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;»;
23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік бақылау нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына ұсынуға;»;
9) 13-бапта:
бірінші бөліктің 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
10) 16-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық анықтамалық ақпаратты қолдануға;»;
2) тармақшадағы «, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен және 3) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітуге және оларды өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға;
2-2) әдістеме өзгерген жағдайда әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын, жарияланған статистикалық ақпаратты қайта қарауға және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде өзгерістер тарихын жариялауға;»;
«4) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.»;
11) 18-баптың 1) тармақшасындағы «ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
12) 19-бапта:
1-тармақтағы «жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін» деген сөздерден кейін «, әкімшілік деректерді ұсыну графигін» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін» деген сөздерден кейін «, әкімшілік деректерді ұсыну графигін» деген сөздермен толықтырылсын;
«алдағы күнтізбелік жылға» деген сөздер «күнтізбелік үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі» деген сөздер «статистикалық жұмыстар жоспарына жылына бір реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ол бекітілетін жылдың 1 сәуіріне дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін» деген сөздер «статистикалық жұмыс жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 23-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін пайдалану кезінде ұлттық анықтамалық ақпарат қолданылады.
Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін уәкілетті мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әзірлейді және бекітеді.»;
8-тармақтағы «өзекті сипат беру алғашқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер» деген сөздер «жаңартып отыру бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 23-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау;»;
2) тармақшада:
«статистика тіркелімдерін» деген сөздер «статистикалық тіркелімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«интернет-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және оларды өзекті ету» деген сөздер «интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты» деген сөздер «графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «кестесінде көзделмеген статистикалық» деген сөздер «графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 24-бапта:
бірінші бөлік 4) тармақшадағы «ақпараты дереккөз ретінде қызмет етеді.» деген сөздер «ақпараты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) балама деректер дереккөз ретінде қызмет етеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері уәкілетті органға балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес өтеусіз негізде ұсынады.»;
16) 25-бапта:
1-тармақтағы «әкімшілік деректер» деген сөздерден кейін «және (немесе) балама деректер» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштер электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшірілуге жатады және көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат таратылған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.»;
17) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ұлттық санақ жүргізу кезіндегі ресми статистикалық ақпарат оның аяқталу қорытындылары бойынша таратылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық және талдамалық ақпарат уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеулі негізде беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Деректер өнімін таратуды оның меншік иесі немесе иеленушісі қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізіледі.».
28-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
28. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
28-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
29-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
29. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «қабылдайды» деген сөз «бекітеді» деген сөзбен ауыстырылсын.
30-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
30. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
73-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Үкімет» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
31-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
31. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) магистральдық құбыржол саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;».
32. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-баптың 2-тармағындағы «деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
32-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді