2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Оралмандардың санаттары
Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан оралмандар.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше кірген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.
19-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы
1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға белгілейді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды
19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтінішхат берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үміткерлердің оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.
3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беру не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, тиісті өңірлердің прокуратураларына жібереді.
Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері, прокуратуралар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты этникалық қазақтарға, жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті органдардың ақпараты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2) Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы немесе себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.
4. Этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде беріледі.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын этникалық қазақтар мынадай реттілікпен:
1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар пайдаланады.
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін не себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тартуды өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.
6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына келуге виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.
8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін Комиссияға оралмандардың тізімін жібереді.
8-тармақтың екінші бөлігі 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
9. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, оралман мәртебесін алғаннан соң тұрақты тұруға рұқсат алуға ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді және оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
1-тармақтың екінші бөлігі 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.
Оралман мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.
Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.
3. Оралман мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.
4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.
Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.
5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
1. Күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалары енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар жергілікті атқарушы органдарға өздерінің отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш бере алады және олардың осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы болады.
3. Егер оралмандар өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралмандардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана оралмандар отбасының құрамында енгізіледі.
Бұл ретте оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралмандар (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.
22-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.
2. Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Оралмандар немесе оның отбасы мүшелері оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары оралмандарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-2-тармағында аталған оралмандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.
24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.
2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Оралман мәртебесiнiң тоқтатылуы
Оралман мәртебесi:
1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.
4) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері
1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:
1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;
2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқығы бар;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар.
2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
3) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына жолдама алған жағдайда, күнтізбелік үш күннің ішінде сонда қоныстануға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босатуға;
4) уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
1. Мына адамдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;