Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды.
Уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдеген көшіп келушілер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу
Уақытша тұруға арналған рұқсат:
1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша - жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар өздеріне келген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына үш күн ішінде хабарлауға міндетті.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.
Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді;
3) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді;
6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
7) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды;
7-1) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
8) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-1-бап. 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
2-1) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды
5-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
9) көшіп келушілерге шекаралық аймаққа келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;
11) босқын мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді және оларды кері қайтарып алады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды
4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;
4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;
6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылды
4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;
4-4) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
8) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;
11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
1. Ұлттық қауіпсіздік органы:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;
3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
4) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;
5) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
6) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-3) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;
6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
7) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) оралман куәлігін береді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
12) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;