Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар тұлға туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және сәйкестендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фото- және кинотүсiрілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және кинотүсiрілімдер, бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса беріледi.
5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк оралады және (немесе) оларға мөр басылады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi, тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иелiктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкілеттік берілген лауазымды адам қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруды не оған тыйым салуды жүзеге асырады. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға не оған тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды.
4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады.
5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға, кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.
41-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінің ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарлары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.03.10. № 131-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) автоматты режимде жұмыс істейтін және көлікте және жол шаруашылығында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын жолдағы жағдайды фото-, бейне түсірілім арқылы, көлік құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, оның салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін, жол жүрісіне басқа да қатысушылардың іс-қимылдарын айқындау арқылы тіркеп-белгілейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен байқау аспаптарының көрсеткіштері;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда; 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижесі;
2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісінің тікелей анықталуы.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 8, 11 және 12-тармақтарында, сондай-ақ 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау респонденттерге қатысты бармай жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк білдіру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі, ал істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңдарында белгіленген, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3, 6-4 және 6-5-баптарында және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14 және 15-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздер болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 8-1-тармағын қоспағанда, 129-бабында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:
1) хаттама жасалған күнi мен орны;
2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;
5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;
6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ол болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.
6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.
7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге ол жасалғаннан кейін қолхат алынып дереу табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның (тұлға өкілінің) өтінуі бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште табыс ету не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бөлік жаңа редакцияда
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.10.07. № 20-VIІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ішкі істер органдарының (73, 73-3, 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 127, 127-2, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 147-1, 149, 150, 154, 156-1 (екінші және үшінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 423, 423-1, 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (үшінші бөлігі), 440-1, 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 443-1 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 456-2 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 461, 462, 463, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші және 4-1-бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 662, 663, 665, 667, 669, 674, 675-баптар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (416 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462-баптар);
3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы бөліктің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери міндеттілер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;