ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің
құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 54-бапта:
бірінші бөліктегі «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктегі «ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда» деген сөздер «айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.»;
2) 64-бапта:
бірінші бөлікте:
«73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«79 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-1-бөлікте:
бірінші абзацтағы «73, 73-1 (1-1-бөлігінде), 73-2 (1-1-бөлігінде) және 73-3-баптарда» деген сөздер «73 және 73-3-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «, 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі» деген сөздер алып тасталсын;
3) 73-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда» деген сөздер «тұрғын үйде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 73-1 және 73-2-баптар алып тасталсын;
5) 127-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы -»;
6) мынадай мазмұндағы 127-2-баппен толықтырылсын:
«127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг)
1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) -
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 461-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 593-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
9) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«126,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«127,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы «127-1,» деген цифрлар «127, 127-1, 127-2,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
65) тармақшадағы «135-бап» деген сөздер «127, 127-1, 127-2, 135-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 15 сәуір
№ 73-VІІІ ҚРЗ