593-бап. Жалпы ережелер
594-бап. Төлемақы төлеушiлер
595-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
596-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
597-бап. Салықтық кезең
9-параграф. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
598-бап. Жалпы ережелер
599-бап. Төлемақы төлеушілер
600-бап. Салықтық кезең
601-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
602-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
10-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
603-бап. Жалпы ережелер
604-бап. Төлемақы төлеушілер
605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
606-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
70-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ
1-параграф. Мемлекеттік баж
607-бап. Жалпы ережелер
608-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
609-бап. Алу объектілері
610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
611-бап. Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
612-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
614-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
615-бап. Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату
617-бап. Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
618-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
619-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
620-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
621-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
622-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
623-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
2-параграф. Консулдық алым
624-бап. Жалпы ережелер
625-бап. Консулдық алым төлеушiлер
626-бап. Алу объектілері
627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
628-бап. Консулдық алым төлеуден босату
629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi
71-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері
632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
637-бап. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу
638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
639-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу
640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері
72-тарау. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
645-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері
648-бап. Салықтық есептілікті ұсыну
649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері
650-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу, ұстау және аудару
73-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
651-бап. Салық салынатын кірісті айқындау
652-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі
653-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу тәртібі
74-тарау. БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
654-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық салудан босатылған кірістері
655-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі
656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі
657-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны тапсыру
658-бап. Жекелеген жағдайларда бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі
659-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру
75-тарау. ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛҒЫЗБАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕЙТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
660-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайлары
661-бап. Халықаралық шартты қолдану тәртібі
662-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерге салық салу мақсатында бейрезидент-заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі
663-бап. Шығыстарды пропорционалды бөлу әдісі
664-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды пропорционалды бөлу әдісін қолдану кезінде бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректерін түзету тәртібі
665-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі
667-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістерін салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салықтық мөлшерлемені қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі
668-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерін салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
669-бап. Бейрезиденттiң тұрақты мекеме арқылы халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түскен кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
670-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісін салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
671-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
672-бап. Бейрезиденттің төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен қайтарып алуға өтініш беру тәртібі
673-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау және оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі
674-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешімге шағым жасау және шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару тәртібі
675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар
676-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама
677-бап. Салық жинаудағы көмек
20-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
76-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
678-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері
679-бап. Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі
77-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-параграф. Жалпы ережелер
680-бап. Жалпы ережелер
681-бап. Патенттiң немесе оңайлатылған декларацияның негiзiнде арнаулы салық режимдерiн қолданған кезде кірістерді айқындау тәртiбi
682-бап. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердiң кірістерін салықтық есепке алуда тану ерекшелiктерi
683-бап. Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары
684-бап. Салықтық кезең
2-параграф. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
685-бап. Қолдану тәртібі
686-бап. Патент құнын есептеу
3-параграф. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
687-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу
688-бап. Оңайлатылған декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдері
689-бап. Жекелеген салық түрлері мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну
4-параграф. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі
690-бап. Салық салу объектісі
691-бап. Кірістер
692-бап. Шегерімге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібі
693-бап. Қосымша тіркелген шегерім
694-бап. Салық салынатын кірісті азайту
695-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу
696-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салық декларациясын тапсыру мен салықтарды төлеу тәртібі
78-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕР ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
697-бап. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық салу ерекшеліктері
1-параграф. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
698-бап. Жалпы ережелер
699-бап. Салықтық кезең
700-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшеліктері
701-бап. Салықтарды төлеу және салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері
2-параграф. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
702-бап. Жалпы ережелер
703-бап. Салық салу объектiсі
704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
705-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi
706-бап. Жекелеген салық және бюджетке төленетін төлемдер түрлерін төлеу мерзімдері
707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері
21-БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
79-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ
708-бап. Жалпы ережелер
709-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу
710-бап. Салықтық кезең және салықтық есептілік
80-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
711-бап. Жалпы ережелер
712-бап. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға салық салу
22-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
81-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
713-бап. Төлеушілер
714-бап. Салық салу объектiсi
715-бап. Есептеу тәртібі
716-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
717-бап. Салықтық кезең
718-бап. Төлеу мерзімдері
719-бап. Салық декларациясы
23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
82-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар
721-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
722-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
723-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды салықтық есепке алу ерекшеліктері
83-тарау. ҚОЛ ҚОЮ БОНУСЫ
724-бап. Жалпы ережелер
725-бап. Төлеушiлер
726-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі
727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, геологиялық зерделеуге, кен іздеушілікке, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері
728-бап. Салықтық кезең
729-бап. Қол қою бонусын төлеу мерзiмдерi
730-бап. Салық декларациясы
84-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
731-бап. Жалпы ережелер
732-бап. Төлеушілер
733-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
734-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері
735-бап. Салық декларациясы
85-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
736-бап. Жалпы ережелер
737-бап. Төлеу ерекшеліктері
738-бап. Төлеушілер
1-параграф. Көмірсутектерге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
739-бап. Салық салу объектісі
740-бап. Салықтық база
741-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі
742-бап. Салықты есептеу тәртібі
743-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
2-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
744-бап. Салық салу объектісі
745-бап. Салықтық база
746-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
3-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жер-асты суларына және емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
747-бап. Салық салу объектісі
748-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
749-бап. Салықтық кезең
750-бап. Төлеу мерзімдері
751-бап. Салық декларациясы
86-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ
752-бап. Жалпы ережелер
753-бап. Төлеушілер
754-бап. Салық салу объектісі
755-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс
756-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кіріс
757-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы кіріс
758-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер
759-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы
760-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салықты есептеу сомасы
761-бап. Есептеу тәртібі
762-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасын есептеуге арналған пайыздардың деңгейлері мен мөлшері
763-бап. Салықтық кезең
764-бап. Салықты төлеу мерзімі
765-бап. Салық декларациясы
87-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЛАМАЛЫ САЛЫҚ
766-бап. Жалпы ережелер
767-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу тәртібі
768-бап. Салықтық мөлшерлеме
769-бап. Салықтық кезең
770-бап. Салықты төлеу мерзімі
771-бап. Салық декларациясы
88-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫ, КӨМІРСУТЕКТЕР БОЙЫНША ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ, РОЯЛТИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНІМДІ БӨЛУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮЛЕСІ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЗАТТАЙ НЫСАНДА ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
772-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі
773-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi
24-БӨЛІМ. БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ
89-ТАРАУ. БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ
774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер
775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі
776-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі;
3) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 3-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
3) әлеуметтік төлемдер - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
4) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар;
5) бересі - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт (бұдан әрі - дисконт) - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құны арасындағы айырма;
10) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (бұдан әрі - бюджетке төленетін төлемдер) - осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерді қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;
11) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен айқындалған, теңгенің шетел валютасына бағамы;
12) веб-қосымша - салық төлеушінің электрондық салықтық көрсетілетін қызметтерді алуына және оның салықтық міндеттемелерді орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;
13) грант - белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
15) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметті дамыту, білім мен спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін жеке тұлғаларға қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық емес ұйымдарға берілетін мүлік;
16) дивидендтер - бұл:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша кірісті қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын кіріс;
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алуы, эмитент-заңды тұлғаның акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алуы кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын кіріс;
акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген бағасы арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған бағасы арасындағы теріс айырма;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
осы Кодекстің 322 - 324-баптарында көрсетілген кірістерді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістерді қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын кіріс.
Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
К = Қа - Қк,
мұнда:
К - мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
Қа - мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің қайта бағалау мен құнсыздануын есепке алмағанда, беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күнгі баланстық құны;
Қк:
төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялар санына тиесілі мөлшері;
төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тиесілі, бірақ оны сатып алу және (немесе) пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушы жүргізген жарғылық капиталға жарналар төлеуге жұмсалатын шығындардың сомасынан аспайтын мөлшері.
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады;
17) дизайнерлік көрсетілетін қызметтер - көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлардың интерьерлерін жобалау бойынша көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;