мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, тексерілетін субъектілердің қызметін құзыреті шегінде тексеруге қатысады;
24-2) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және жүргізуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
35) және 35-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 5) тармақшасының жиырмасыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«35) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
35-1) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарына және (немесе) өзге заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;»;
мынадай мазмұндағы 38-2) тармақшамен толықтырылсын:
«38-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;»;
6) 15-бапта:
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын айқындайтын ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;»;
7) тармақша алып тасталсын;
10), 11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
12) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, қаптау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге және екінші деңгейдегі банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
13) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;»;
31), 32), 33), 34), 36) және 37) тармақшалар алып тасталсын;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;»;
11-тармақтың 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
51) тармақша «банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
52-4) тармақша «банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;»;
55) және 56) тармақшалар алып тасталсын;
58) тармақшадағы «ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
63) тармақшадағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекітеді, оларда есептіліктің нысандарын, тiзбесiн, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;»;
65-1), 66) және 67) тармақшалар алып тасталсын;
11-тармақтың 6) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
68) тармақша «банктер» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
68-1) тармақша алып тасталсын;
69) және 69-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасын және қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;
69-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;»;
69-2) тармақша «үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және» деген сөздер «үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) тармақша алып тасталсын;
79) тармақшадағы «Қазақстан Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
81), 83), 84), 86), 86-1), 86-2) және 86-3) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
8) тармақшадағы «уәкілетті ұйымдар» деген сөздер «қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 6) тармақшасының отыз алтыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) дербес өзі не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;»;
21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалар «ерекше» деген сөздің алдынан «құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7) және 23-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-5) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-6) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекітеді;
23-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі операцияларды есепке алу бойынша есепке алу саясатын бекітеді;»;
7) 16-бапта:
екінші бөлікте:
«бес» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен Қазақстан Ұлттық Банкiнің Төрағасы» деген сөздер «, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-бапта:
бірінші бөліктегі «бірақ айына кемiнде бір рет» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «кезектен тыс» деген сөздер «жоспардан тыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 20-1-баптың сегізінші бөлігінде:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«актілерінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 20-3-бап:
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;
8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген басқа мемлекеттік органға ауысудан бас тарту;»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкінің берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) сол штат бірліктерін атқарып жүрген қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметшісінің келісуімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төмен тұрған лауазым ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.»;
11) 20-4-бапта:
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «және өзге де» деген сөздер «және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қарай Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:»;
12) 4-1-тарау мынадай мазмұндағы 20-6 және 20-7-баптармен толықтырылсын:
«20-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің демалысы
1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне екi лауазымдық айлықақы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күндік жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
2. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
3. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
20-7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары
1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстар Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен өтеледi.
2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және ведомстволарының іссапарға жiберiлген жұмыскерлерінің бүкіл іссапар уақыты ішінде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.»;
13) 22-баптың бесінші бөлігі алып тасталсын;
14) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Резервтiк талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төмен резервтік талаптардың нормативтерiн белгілейді.
11-тармақтың 14) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын айқындайтын ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.
Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап кемінде бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
11-тармақтың 14) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Ең төмен резервтік талаптарды бұзған кезде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Ұлттық Банкi банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты қайтарады.»;
15) 48-бапта:
«бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Заңына» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 51-1-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша:
бір-біріне жалпы мемлекеттік маңызы бар, болжанатын әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беру;
қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға байланысты:
қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шаралары жөніндегі;
Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту бойынша шаралар кешені жөніндегі;
мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкеп соғатын төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары жөніндегі, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы жөніндегі;
екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен сауықтыру бойынша шараларды қаржыландыру жөніндегі мәселелер міндетті түрде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің алдын ала қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
екінші бөлікте:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) макропруденциялық саясатты қалыптастырады;
3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;»;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «, халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
17) 51-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«51-2-бап. Макропруденциялық саясат»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.»;
екінші бөліктегі «жүйе құраушы» деген сөздер «жүйелік маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Жүйе құраушы» деген сөздер «Жүйелік маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру» деген сөздер «макропруденциялық саясатты қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;»;
2-1) тармақшадағы «жүйе құраушы» деген сөздер «жүйелік маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дербес өзі немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде олармен бірлесіп Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шығарады;»;
18) 51-3-бапта:
2-тармақтағы «жүйе құраушы» деген сөздер «жүйелік маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілге салынған активтерді өз меншігіне айналдыруы және (немесе) банктің оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған үшінші тұлғаға өткізуі арқылы соттан тыс тәртіппен жүргізіледі.»;
екінші бөлік алып тасталсын;