алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы «Микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацындағы «Микроқаржы ұйымының» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер.
1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.
2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалар деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы - заңды тұлға түсініледі.»;
5) 211-1-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты не көрінеу анық емес мәліметтерді беруі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер алып тасталсын;
6) 211-2-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы және екінші бөліктің бірінші абзацындағы «микроқаржы ұйымдары», «Микроқаржы ұйымдары» деген сөздер тиісінше «микроқаржылық қызмет», «Микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпелердің 2-тармағындағы «микроқаржы ұйымы» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 212-бапта:
тақырыптағы «қаржылық және» деген сөздер «қаржылық немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы -»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «әрекет» деген сөз «іс-әрекет» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
ескертпедегі «нысаны уақтылы ұсынылмаған» деген сөздер «нысанын ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімі бұзылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 213-бапта:
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «талаптардың нормативтерiн» деген сөздер «талаптарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
он екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпелердің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.»;
9) 214-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацындағы «микроқаржы ұйымдарына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 215-бап алып тасталсын;
11) 220-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту мерзімдерін бұзуы -»;
ескертпелердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау орындалуға жататын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
12) 223-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер тиісінше «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 224-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 226-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 227-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы және екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер алып тасталып, «жүктеген» деген сөз «жүктелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
«микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелерінің операторлары мен» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер алып тасталып, «жүктеген» деген сөз «жүктелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер алып тасталып, «жүктеген» деген сөз «жүктелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 15) тармақшасының тоғызыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.»;
16) 228-бапта:
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы және он екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 16) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.»;
17) 232-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 239-бапта:
тақырыптағы «Заңды тұлғаның» деген сөздер алып тасталып, «бұзуы» деген сөз «бұзу» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 18) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«3. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі -
есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5-тармақтың 18) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлiк есепке алуды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілігін бұрмалауға алып келген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есепке алу әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі -
тиісті түрде есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
5-тармақтың 18) тармақшасының сегізінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
ескертпе «есептілікті» деген сөзден кейін «, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 247-бапта:
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 252-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу -
ескерту жасауға алып келеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244, 252 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 253, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (өзінің құзыретiне алғашқы статистикалық деректерді жинау кіретін бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
22) мынадай мазмұндағы 724-1-баппен толықтырылсын:
«724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
5-тармақтың 22) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.»;
23) 804-бапта:
екінші бөліктегі «(86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245,» деген сөздер «214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты),» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері (Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463, 464 (екінші бөлігі).»;
24) 810-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші және 2-1-бөліктерінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасаған жағдайда қолданылмайды.».
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 80-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы «Банкінің» деген сөзден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 82-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы «Банкінің» деген сөзден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 90-6-баптың 13) және 17) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 112-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 154-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 196-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 201-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;