«Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қаржы ұйымдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.»;
«18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;»;
«19) осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
«35) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;»;
«18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;»;
«Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын айқындайтын ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.»;
«Ең төмен резервтік талаптарды бұзған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Ұлттық Банкi банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты қайтарады.»;
«3-4) екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының үй-жайлардың жайластырылуына қойылатын талаптарды сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
«6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Даму Банкінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
«9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы және өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;»;
«13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;»;
«16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігінің салалық орталығының функцияларын жүзеге асырады;
17) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;»;
«Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етуге жатпайды.»;
«Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда, уәкілетті орган өз функцияларын орындау үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.»;
«Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіптік ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстан Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.»;
«2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қашықтықтан қадағалау;»;
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттарды қарау;»;
«6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;»;
«8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;»;
«14) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;»;
«1. Қашықтықтан қадағалау бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының бірі болып табылады және оны уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.»;
«1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.»;
«4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда, Қазақстан Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
«7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;».
3. Осы Заңның 1-бабы 52-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;».
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлғалар (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркеуге жатады.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес есептік тіркеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде белгіленген талаптар сақталмай, қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жалғастырылған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сотқа көрсетілген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою беруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 715-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ жұмыс берушінің өз жұмыскерлеріне, бұрын осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған зейнеткерге, заңды тұлғаның өз құрылтайшыларына (акционерлеріне, қатысушыларына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.
5. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заңның 1-бабы 28-тармағының 9) және 13) тармақшалары, 29-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 49-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бірге бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын қайтаруға міндетті.
6. Осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацы бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
7. Мынадай деп белгіленсін:
1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңды іске асыру мақсатында қажетті және осы Заңға сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау құқығы берілді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша;
бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атынан басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық туралы және банк қызметін, сақтандыру нарығына қатысушылардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпарат алмасу туралы жасалған халықаралық шарттар және келісімдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 3 шілде
№ 262-VI