712-5-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуі көрсетілген келісім жасалған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес, осындай келісім (Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік) жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені есептеуді осындай міндеттеме туындаған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес мынадай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүзеге асырады:
қосылған құн салығы;
акциз;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай келісім жасалған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерлерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.»;
1-тармақтың 68) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 774-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мынадай қызмет түрлерін:
консультациялық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдар;
7) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.»;
69) 777-баптың 1-тармағында:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерчент ІD - төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;
3) тауарлармен электрондық сауда - тауарларды жеке тұлғаларға өткізу бойынша интернет - алаң арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
4) шетелдік компания - бейрезидент-заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтің шетелдік ұйымының өзге нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер - жеке тұлғаларға телекоммуникациялар желісі және Интернет арқылы көрсетілетін қызметтер.»;».
70) 778-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесін, оның ішінде мерчент ІD деректерін;»;
71) 779-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтаруға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын, осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тармақша 2021 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;»;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшем шарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары);
осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.».»;
3) 33-баптың 2) тармақшасында:
бес жүз тоқсан алтыншы, бес жүз тоқсан жетінші және бес жүз тоқсан сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінде.
2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасында салықтық шегерім қолданылады.»;
алты жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;»;
сегіз жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын) кірістердің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасына азайтылған сомасы ретінде айқындалады.»;
4) 43-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«
12 | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 79 теңге/литр |
»;
5) 57-4-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «686» деген цифрлардан кейін «, 686-3» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 57-10-баппен толықтырылсын:
«57-10-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған кешенді салықтық тексерулер қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі қосылмай аяқталады деп белгіленсін.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 23) тармақшасын;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 49) тармақшасын;
3) 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын;
4) 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші - он бірінші абзацтарын, 7), 8) және 13) тармақшаларын;
5) ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 50), 51) және 56) тармақшаларын;
6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 26), 27) және 28) тармақшаларын, 55) тармақшасының екінші абзацын, 62), 64) және 68) тармақшаларын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 желтоқсан
№ 85-VII ҚРЗ