6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
23) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 208-баптың 9-тармағы сегізінші абзацындағы «төлемдер бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«бейрезидент кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.»;
24) 232-баптың 5-тармағының 7) тармақшасындағы «кредиттік серіктестік пен» деген сөздер алып тасталсын;
25) 250-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «кредиттік серіктестікті және» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 26) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 293-баптың 4-3-тармағында:
бірінші бөліктегі «Астана Хаб» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, «Астана Хаб» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген» деген сөздер «бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
1-тармақтың 27) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 299-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залал деп осы Кодекстің 241-бабында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, осы бөлімде көзделген шегерімдердің жылдық жиынтық кірістен асып кетуі танылады. Залал әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша айқындалады.»;
5-тармақтағы «2, 3 және 4» деген сөздер «2, 3, 4 және 4-1» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 28) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 300-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залалдар талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша салық салынатын кіріс есебінен кейінгі салықтық кезеңдерде өтеледі.»;
29) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«345-бап. Зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім
1. Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске салықтық шегерім мынадай мөлшерлерде қолданылады:
1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінде.
2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасында салықтық шегерім қолданылады.»;
30) 346-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;»;
31) 360-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын) кірістердің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасына азайтылған сомасы ретінде айқындалады.»;
32) 386-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
33) 394-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 172-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын;»;
34) 427-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы «қосалқы бөлшектер;» деген сөздер «қосалқы бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздермен ауыстырылып, 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
35) 428-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы «қосалқы бөлшектер;» деген сөздер «қосалқы бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздермен ауыстырылып, 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
36) 429-бапта:
5-тармақта:
екінші бөліктегі «431 және (немесе) 433 және (немесе) 434-баптарында» деген сөздер «431 және (немесе) 434-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «431 және (немесе) 433-баптарын» деген сөздер «431-бабын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацындағы «432 және 433-баптарына» деген сөздер «432-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 431-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «432, 433 және 434-баптарында» деген сөздер «432 және 434-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «432, 433 және 434-баптарында» деген сөздер «432 және 434-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 432-баптың 4-тармағындағы «429 және 433-баптарына» деген сөздер «429-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 433-бап алып тасталсын;
40) 434-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «өндірушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.» деген сөздер «өндірушілердің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) салықтық кезең үшін шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Кәсіпкерлік субъектілерінің осы тармақшада көзделген тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық органдарына валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша жүзеге асырады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытынды жасалған күнгі жағдай бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы тиісті сұрау салу жібереді.»;
алтыншы бөліктегі «2) тармақшасында» деген сөздер «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік төртінші абзацындағы «мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.» деген сөздер «мөлшерде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, салықтық кезең үшін шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері үшін - есепті салықтық кезең үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.»;
41) 463-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Спирттің барлық түріне және толысылған шарапқа акциз мөлшерлемелері спиртті және толысылған шарапты одан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы кестесінің 7, 9, 10, 11, 12 және 13-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. | 2205, 2206 00 және 2208-ден | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, толысылған шараптан, сыра қайнату өнімінен басқа) | 2550 теңге/литр 100% спирт |
»;
«
9. | 2204-тен | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204-тен | Толысылған шарап (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204-тен | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын толысылған шарап | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 79 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнімі | 0 теңге/литр |
»;
42) 464-бапта:
2-тармақтағы «Акциздік маркалардың» деген сөздер «Сәйкестендіру құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшадағы «немесе акциздік» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес айналымнан шығару туралы хабарламаға сай ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары.»;
43) 465-баптың 6-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «акциздік маркалар», «акциздік маркаларды» деген сөздер тиісінше «сәйкестендіру құралдары», «сәйкестендіру құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 467-бапта:
тақырыптағы «шарап материалына» деген сөздер «толысылған шарапқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «шарап материалына» деген сөздер «толысылған шарапқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «шарап материалын» және «шарап материалы» деген сөздер тиісінше «толысылған шарапты» және «толысылған шарап» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 469-баптағы «акциздік маркалардың», «акциздік маркалар» және «акциздік маркаларды» деген сөздер тиісінше «сәйкестендіру құралдарының», «сәйкестендіру құралдары» және «сәйкестендіру құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 475-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акцизді алкоголь өнімін өндірушілер таңдау бойынша:
есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін;
осы Кодекстің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарлар тиеп-жөнелтілген (берілген) күні төлейді.»;
47) 480-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «акциз маркаларын» деген сөздер «сәйкестендіру құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 484-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады.»;
49) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 492-баптың 4-тармағында:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «В санатындағы» деген сөздер «егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, В санатындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүк автомобильдеріне:
егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, С санатындағы (СЕ, С1Е, С1-ді қоса алғанда) автомобильдер;
автомобиль шассиіне орнатылатын қатты жабық шанағы немесе вагон үлгісіндегі шанағы бар, өнеркәсіптік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауға арналған, шанақтың ішінде жүкті жинауға және бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған жүк бөлігін бөлетін қалқасы бар В санатындағы мамандандырылған жүк автомобильдері (автомобиль-фургондар);
борттық платформасы бар жалпы мақсатқа арналған В санатындағы жүк автомобильдері (пикап автомобильдерді қоспағанда) жатады;»;
1-тармақтың 50) тармақшасы 2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
50) 497-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері.»;
екінші бөліктегі «запастағы жерді» деген сөздер «босалқы жерді және ядролық қауіпсіздік аймағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 51) тармақшасы 2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 519-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) радиоактивті қалдықтарды орналастыру және ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында орналасқан ғимараттар, құрылысжайлар.»;
52) 528-баптың 1) тармақшасы «гараждар» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындары» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 529-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойманың, тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың, орынтұрақ орнының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойма, тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,»;
алтыншы абзац «гараж» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орны» деген сөздермен толықтырылсын;
54) 552-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.»;
55) 554-бапта:
1-тармақтың 55) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «20» деген цифрлар «30» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақ кестесінің 1.74 және 1.75-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.74. | Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру | 3 000 |
1.75. | Сыра қайнату өнімін өндіру | 2 000 |
»;
1-тармақтың 56) тармақшасы 2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
56) 577-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының аумағында, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған радиоактивті қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағы кестесінің 1.2.6.1, 1.2.6.2 және 1.2.6.3-жолдарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолданылады.»;
57) 606-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органға төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.»;
58) 609-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сотқа берілетін әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан;»;
59) 610-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотқа берілетін әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:»;
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тексеру актілері бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан:»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан - 0,5 АЕК;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап арыз (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.»;
60) 623-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соттар қарайтын істер бойынша - Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті әкімшілік талап қою, арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;»;
61) 634-баптың 2-тармағы 6) тармақшасының екінші абзацындағы «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
1-тармақтың 62) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
62) 683-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мынадай қызмет түрлерін:
акцизделетін тауарларды өндіруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткізуді;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты өткізуді;
лотереялар өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
консультациялық және (немесе) маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
сауда базарын жалға алуды және пайдалануды;
кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) меншікті жылжымайтын мүлікті (тұрғынжайларды қоспағанда) жалға беруді және басқаруды;
сауда объектілерін (сауда базарларын) қосалқы жалға беруді және осындай жалға берілетін объектілерді басқаруды;
екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе осындай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған ғимараттың аумағында қонақүй қызметтерін көрсету саласындағы қызметін;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.»;
63) 21-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бөлім. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын тұлғаларға, экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға, инвестициялар туралы келісім, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу»;
1-тармақтың 64) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
64) 709-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «Арнайы» деген сөз «Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
65) 712-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялық басым жоба шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша 100 пайызға азайтады.»;
үшінші бөліктегі «инвестициялық келісімшарттың шеңберінде қызметтің басым түрі бойынша» деген сөздер алып тасталсын»;
66) 712-2-бапта:
1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялар туралы келісімде айқындалған, инвестициялар туралы келісім шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы алынған қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асырудан түскен кірістер бойынша 100 пайызға азайту;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.»;
67) 21-бөлім мынадай мазмұндағы 80-2-тараумен толықтырылсын:
«80-2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-4-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалса;
2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды және мұнай өнімдерін экспорттаушыларды қоспағанда, экспортқа бағдарланған тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін экспортқа бағдарланған тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жиынтық жылдық кірісте экспортқа өткізуден түсетін кірісі кемінде жетпіс пайызды құрайтын заңды тұлға түсініледі;
3) деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаға қатысуды қоса алғанда, деңгейлес мониторингте тұрған ірі салық төлеуші болып табылса;
4) акцизделетін тауарларды өндіру қызметін жүзеге асырмаса;
5) арнаулы салықтық режимдерді қолданбаса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, ол жасалған күннен бастап күшін жояды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салық төлеуші инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғандағы күнге дейінгі салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
Егер инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде осындай келісімдер үшін көзделген соманың кемінде тоқсан пайызы қаржыландырылған жағдайда, осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды.