718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 501, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөлік терінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөлік терінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші бөлігінде), 621 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді де қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 721-бап жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 721-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
721-бап. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 475-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары осы Кодекстің 184, 185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, бағалаушылар жасаған кезде), 207, 209, 216, 219, 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 234, 235, 236, 237, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 239-1, 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 722-1-баппен толықтырылды
722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктері), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі) - баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.
2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен 722-2-баппен толықтырылды
722-2-бап. Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 214 (3-1-бөлігінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті қызметкерлері құқылы.
723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Кодекстің 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244, 252, 253, 464, 497 (жинау өз құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректер бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 724-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) шекаралық бақылау шекаралық заставаларының (бекеттерінің), бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) ауысымдарының (топтарының) бастықтары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
727-бап. Әскери полиция органдары
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 434-2, 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.