1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353 (жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар бөлігінде), 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 687-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353 (пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 688-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде) (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде), 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353 (уран өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 689-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 690-1-баппен толықтырылды
690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 691-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
691-бап. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган
1. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (теміржол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583, 633, 634-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бірінші бөлігінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
692-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 250, 464, 637 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 451 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 454, 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде), 456 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 692-2-баппен толықтырылды
692-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 79, 639, 640, 641-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 694-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
694-бап. Әдiлет органдары
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Әділет органдары осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 695-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 695-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
696-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327-1, 327-2 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 332, 333, 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 698-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 698-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;