Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысы
(2017.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.10.12. № 1572 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.04. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.06. № 731 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.30.06. № 403 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық
емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының
тізбесі
Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде муниципалдық бағалы қағаздар;
3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
7) акциялар;
8) репо және кері репо операциялары;
9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
10) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);
11) туынды қаржы құралдары;
12) құрылымдық өнімдер;
13) валюталар;
14) ақша нарығы қорлары;
15) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
16) биржалық инвестициялық қорлар (ETFs);
17) балама құралдар;
18) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (SPV - special purpose vehicle).