Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысы
(2014.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.10.12. № 1572 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.04. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық
емес активтерді қоспағанда, қаржы құралдарының
тізбесі
1. Шетелдік:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
3) корпоративтік бағалы қағаздар;
4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
5) акциялар;
6) репо және кері репо операциялары;
7) депозиттер (салымдар);
8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);
9) стандартты туынды қаржы құралдары;
10) құрылымдық өнімдер;
11) валюталар;
12) ақша нарығы қорлары.
2. ҚР Үкіметінің 2010.29.12. № 1438 қаулысымен алып тасталды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстандық:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының облигациялары;
2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары.
3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигациялары.