Шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда әрбір фрагменті 2,5 ш. мм-ден аспайтын фрагменттерге кесілген (ұсақталған) немесе жағылған құжаттар кепілді түрде жойылған болып саналады.
Бұл ретте жоюға іріктелген «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар немесе істер мәтінді оқу мүмкіндігін болдырмайтындай дәрежеде міндетті түрде ұсақталады.
166-6. Жоюға іріктелген «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар, істер және басылымдар жеке актімен ресімделуі немесе жоюға іріктелген құпия емес құжаттармен бірге жалпы актіге (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) енгізілуі мүмкін. Бұл ретте актінің 2-бағанында істің (құжаттың) тақырыбынан кейін «ҚБП» белгісі қойылады.
166-7. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар істер жойылғаннан кейін тіркеу есепке алу нысандарында «Жойылған. № акті (күні)» белгісі қойылады.
9. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа
жұмысқа ауысқан кезде істер мен құжаттарды қабылдап алу,
беру, құжаттарды бір бөлімшеден екіншісіне беру
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 167-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша өзіндегі орындаудағы барлық істері мен құжаттарын, жинақталған анықтамалық материалдарды осы бөлімшенің басқа қызметкеріне береді.
Бұл жағдайда құжаттарды беруші қызметкер екі данада қызметтік істерді қабылдап алу-беру туралы акті жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күні шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына да құжаттарды беруші және қабылдап алушы қызметкерлер қол қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді. Бір данасы БҚҚБ-ның мұрағатына (бұдан әрі - мұрағат) сақтауға беріледі, ал екінші данасы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі құжаттарының есебін жүргізу мен сақтауға жауапты адамда қалады.
Актінің негізінде осы құрылымдық бөлімшенің қызметкері ТБК-ге құжаттарды басқа қызметкерге беру туралы белгі қояды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 168-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
168. Құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде өзіндегі барлық құжаттарды, оның ішінде істерді, картотеканы, өзге де қызметтік құжаттарды екі данада жасалған акті бойынша жаңадан тағайындалған қызметкерге (немесе бөлім меңгерушісінің нұсқауы бойынша басқа адамға) береді. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен актінің бір данасы мұрағатта сақтау үшін БҚҚБ-ға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 169-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
169. Қызметкер жұмысынан босаған, демалысқа шыққан, сырқаттануы бойынша немесе ұзақ іссапарға шыққан кезде оның орындауындағы қызметтік құжаттар Кеңсенің бөлім басшысының не оның орынбасарының нұсқауы бойынша басқа қызметкерге дереу беріледі. Осы бөлімшенің қызметкері ЭҚАБЖ-ның ТБК-де құжаттардың берілгені туралы белгі қояды. Егер қызметкер оралғаннан кейін құжаттар орындалмай қалса, олар карточкаға тиісті белгі қойыла отырып, оған қайтадан беріледі.
170. Құжаттарды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру мынадай тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс:
Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының қарары болмаған жағдайда - құрылымдық бөлімшелер басшыларының (олардың орынбасарларының) уағдаласуы бойынша;
құжатқа Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінің атына тапсырмасы бар қарары болған жағдайда, мұндай құжаттарды басқа бөлімшеге орындауға беру тек Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауы негізінде іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы мүмкін болады.
10. Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды іске жинақтау
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 171-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
171. Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды жинақтау және жүйелеу, істерді Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мен мұрағатта сақтау, есепке алу мерзімдерін айқындау үшін қызмет етеді.
Номенклатураға кіргізілген істердің тақырыптары жұмыстың мазмұнын көрсетуі тиіс, ол бойынша құжаттар олардың түрлері (қаулылар, өкімдер, хаттамалар, жоспарлар, есептер, хат жазысулар және басқалары) көрсетіле отырып, істерге топтастырылады.
Жыл сайын (желтоқсанда) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі істер номенклатурасы нақтыланады және мұрағатпен келісіледі. Осы номенклатураның негізінде Кеңсе істерінің жиынтық номенклатурасы жасалады, егер функциялары мен құрылымында тұжырымдамалық өзгерістер болмаса, 5 жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үлттық мұрағатымен келісіледі. Істер номенклатурасын Кеңсе Басшысы бекітеді және келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «БЭҚАЖ істер номенклатурасы» анықтамалығына да қажетті өзгерістер енгізіледі.
Ағымдағы іс жүргізуде құжаттарды істерге қалыптастыру
172. Істің нөмірі Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің индексі мен істің номенклатура бойынша нөмірінен тұрады (мысалы, № 5 - 8, мұнда 5 - құрылымдық бөлімшенің индексі, 8 - номенклатура бойынша істің нөмірі).
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 173-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
173. Істерді жинақтауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізуге жауапты қызметкерлері номенклатураға сәйкес жүзеге асырады. Құжаттардың мазмұны номенклатура бойынша істің тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Іске керексіз нобайлықтарды, көбейтілген көшірмелерді және т.с.с. қосуға жол берілмейді.
Іске шешілген мәселелер бойынша құжаттар тігіледі, бұл ретте құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың ресімделуінің дұрыстығы (қолдар, күндері, тіркеу нөмірлері, бұрыштамалар, қосымшалары, қарарлары, орындалғаны және «Іске» жіберілгені туралы белгілер) карточкамен салыстырылады. Орындалмаған және дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға қайтарылады.
Іске, әдетте, бір күнтізбелік жылдың құжаттары қосылады.
Ағымдағы жылда қойылған мәселелердің шешімі келесі жылдың іс қағаздарын жүргізумен аяқталған жағдайда, құжаттар индексі сақтала отырып, олар шешілген жылдың істеріне тігіледі.
Тұрақты және уақытша сақталатын құжаттар жеке істерге топтастырылады.
Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.
Әрбір том беттері дербес нөмірленген жеке істі білдіреді. Барлық томдағы тақырыптар бірыңғай болуы тиіс, осы томның ерекшеліктері ғана қосымша көрсетіледі.
Істің тақырыптары қысқа, қорытылған нысанда іс құжаттарының негізгі мазмұны мен құрылымын білдіруі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
174. Бір мәселе бойынша құжаттар мынадай тәртіппен қалыптастырылады:
мәселенің пайда болуына негіз болған құжат;
мәселе шешілген құжат;
осы мәселені шешуді негіздейтін қорытындылар, анықтамалар және басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен немесе қисындық ретпен).
Тұрақты және уақытша сақтау мерзімді құжаттары бар істі Мұрағатқа тапсыруға дайындау кезінде ол кері қарай мынадай тәртіппен қайта қалыптастырады: күнтізбелік жылда соңғы түскен құжат істің соңында, ал күнтізбелік жылдың бірінші құжаты - бірінші болуы тиіс.
Кеңестер хаттамаларына құжаттар мен материалдар әрбір хаттамаға қалыптастырылады. Кеңестерге тиісті құжаттар мен материалдар болмаған кезде хаттамаға қабылданған (келіп түскен) ақпарат қоса беріледі.
Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды қалыптастыру
175. Үкімет мәжілістері хаттамаларының түпнұсқалары істе жеке топтастырылады және нөмірлері бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
176. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды үкіметтік шешімдерді шығару секторы ресімдейді, олар әр хаттама бойынша жеке томдарға топтастырылады.
Бір хаттамаға қатысты құжаттар мәселелерді қараудың ретіне орай жүйеленеді және орналастырылады. Істің басында - өзіне қатысты құжаттармен бірге хаттаманың бақылау данасы, одан әрі әрбір мәселе бойынша мынадай тәртіппен топтастырылатын құжаттар:
мәселенің реттік нөмірі, оның қысқаша мазмұны және орындаушының тегі көрсетілген тақырыптық парақ;
осы мәселе бойынша мәжіліс хаттамасынан үзінді;
тарату көрсеткіші мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің анықтамасы;
осы мәселені шешуге қатысты хронологиялық тәртіппен жинақталған басқа да құжаттар.
Егер мәжілістің бір хаттамасына материалдар екі және одан көп томдарға жинақталса, онда барлық томның толық мазмұны бірінші томға, ал екіншісіне және одан кейінгілеріне - мазмұнның тек осы томға қатысты бөлігі ғана орналастырылады.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне
құжаттарды қалыптастыру
177. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары істе бөлек жинақталады. Әр томға мазмұны жасалады.
178. Орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына осы қаулыны немесе өкімді шығаруға негіз болған барлық құжатты: шешім жобасын, келісу парағын, келіспеушіліктер хаттамасын, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамаларын және басқа да қажетті құжаттарды (қорытындыларды, ұсынуларды, хаттамалық шешімдерді, Басшылық қарарларын, министрліктер қорытындыларын, мәліметтерді және т.с.с.) беруге міндетті.
179. Қаулылар мен өкімдерге құжаттар істе айлар бойынша жинақталады.
Істің ішінде құжаттар қаулылар мен өкімдердің нөмірлері ретімен орналастырылады.
Әрбір қаулыға (өкімге) құжаттар арнайы мұқабада мынадай тәртіппен орналастырылады: қаулы немесе өкім жобасының келісу парағы, қаулының (өкімнің) бақылау данасы, оларға қосымшалар, әзірлеушінің түсіндірме жазбасы, тарату көрсеткіші, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамалары, барлық қосымшасымен және бұрыштамалармен қоса жоба мен оның нұсқалары, қорытындылар және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің өзге де анықтамалары (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Әр іске мазмұны жасалады.
Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын
бақылау жөніндегі құжаттарды қалыптастыру
180. Бақылау жасалатын актілерге, қаулыларға, өкімдерге номенклатураға сәйкес бақылаулық жинақтаушы папкалар (істер) жүргізіледі.
Ондағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
бақылаудағы актінің, қаулының, өкімнің көшірмесі;
бақылаудан алу туралы анықтама (бақыланатын құжаттан кейін тігіледі);
жекелеген тармақтардың орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
181. Президент актілерін, Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер ауыспалы болуы мүмкін және олар толық шешілгенге және бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы тиіс, одан кейін мұрағатқа беріледі.
11. Құжаттарды дайындау және бөлімдерден мұрағатқа беру
182. Мұрағат Кеңсе қызметінде пайда болған барлық іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды және тұрақты да, уақытша да сақталатын істерді қабылдайды, есепке алады және сақтайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 183-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен қарашасына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
Құжаттың түпнұсқаларын анықталмаған жағдайда Кеңсе Басшысына баяндау үшін орындаушымен құрылым бөлімшенің басшысымен және орындаушымен қол қойылған анықтама құрастырылады.
184. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда осы бөлімшенің қызметкері ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған сәттен бастап екі айдың ішінде барлық қолда бар құжатты істерге жинақтайды, істерді ресімдейді және сақтау мерзімдеріне қарамастан мұрағатқа береді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 185-тармақ жаңа редакцияда
185. Құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының даналары БҚҚБ-ның және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 186-тармақ жаңа редакцияда
186. Мұрағаттық сақтаудағы құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 187-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
187. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері істерді мұрағатқа тапсырар алдында мынадай дайындау жұмыстарын орындайды:
карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкалары дерекқорының есептік деректерін (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың (сақтау бірлігі - электрондық құжат)) әрбір іс бойынша құжаттардың іс жүзінде болуымен салыстыру;
төлнұсқада басқа ұйымдарға жолданған, келесі жылы орындауға ауыстырылатын, бөлімшеде басшылыққа алу үшін қалған және т.с.с. құжаттарды карточкалар бойынша салыстыру;
құжаттардың осы іске дұрыс тігілуін (құжаттар мазмұнының іс номенклатурасы бойынша тақырыпқа сәйкестігін) тексеру;
артық даналарын, керексіз нобайлық жазбаларды алып тастау (құжаттар тігілгенге дейін қыстырғыштар алынбайды).
188. Тұрақты сақталатын істер және жеке құрам жөніндегі құжаттар қатты мұқабаға (8-қосымша) тігіліп, металл қыстырғыштар алынып тасталады, парақтар оң жоғарғы жағында қара графит қаламмен мәтінге тигізілмей нөмірленеді, ішкі тізімдеме (9-қосымша) жасалады. Ішкі тізімдеме оларды сақтау мерзіміне қарамастан, «Ескертпе» деген бағанда тиісті негіздемелерге (актілерге, қызметтік жазбаларға) сілтемемен жоқ құжаттар көрсетіле отырып, барлық істе жасалады.
Істің соңында қызметкер санмен және жазумен істегі парақтардың саны көрсетілетін куәландыру жазбасын (10-қосымша) ресімдейді.
189. Тұрақты сақталатын істердің мұқабаларындағы барлық жазба қара сиямен немесе қара тушьпен анық жазылады.
190. Уақытша сақталатын құжаттары бар істер тігілмейді, тігінділерде қалдырылады, олардағы парақтар нөмірленбейді.
191. Мұрағат қызметкерлері құжаттардың іске жинақталуын тақырыптары мен сақталу мерзімдері бойынша тексереді.
Мұрағат істерді Кеңсенің осы құрылымдық бөлімшесінің істері номенклатурасының жылдық бөлімдері бойынша қабылдайды, онда тұрақты және уақытша сақтауға қабылданған істер саны туралы белгі қойылады.
Осы Нұсқаулықты бұза отырып ресімделген істер қайта ресімдеу үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады.
192. Құжаттарды Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінен Мұрағатқа қабылдап алу және тапсыру осы бөлімшенің басшысы мен қызметкері және мұрағаттың меңгерушісі қол қойған актімен (11-қосымша) ресімделеді. Істердің бекітілген номенклатурасына мұрағат осы бөлімше бойынша қабылданған істер саны туралы белгі қояды.
Мұрағат қызметкерлері құжаттарды өңдеуді жүргізеді, сақталатын істердің құрамы мен мазмұнын ашатын тізімдеме жасайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 193-тармақ өзгертілді
193. Мұрағаттық құжаттардың мұрағатта сақталуы үшін жауапкершілік мұрағат меңгерушісіне жүктеледі.
Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істерден алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Орталық мемлекеттік мұрағат, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты басшылығының жазбаша өтінішхатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.
194. Мұрағат қызметкеріне мұрағаттық құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына мемлекеттік сақтауға белгіленген мерзімдерде дайындау және тапсыру жүктеледі.
195. Мұрағат мекемелерге де, жекелеген азаматтарға да Үкіметтің мұрағаттық құжаттары бойынша анықтамаларды олардың жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 196-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
196. БҚҚБ мұрағаттық құжаттық материалдарды тұрақты, уақытша сақтауға немесе жоюға түпкілікті іріктеу жүргізетін, тұрақты жұмыс істейтін Сараптау комиссиясын құрады.
12. Машинамен жазу, көшіру-көбейту жұмыстары және диктофон жазбасы
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 197-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
197. Кеңсе басшылығының құжаттарын басуды, Үкімет мәжілістерінің фонограммаларын толық жазуды және оларды қағазға басып шығаруды жедел басқарылуын БҚҚБ жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК-ның компьютерлік-диктофондық бюросы (бұдан әрі - компьютерлік-диктофондық бюро) қамтамасыз етеді. Барлық қалған машинамен жазу жұмыстарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше орындайды.
Компьютерлік-диктофондық бюрода қызметтік қажеттілікке байланысты өзге де құжаттарды басуға жол беріледі, ол БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Құпия құжаттар компьютерлік-диктофондық бюроға құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы арқылы беріледі.
198. Басу үшін компьютерлік-диктофондық бюроға берілетін қолжазбалар орфографиялық ережелер сақтала отырып, анық жазылған болуы тиіс. Қалай болса солай және түсініксіз жазылған нобайлық жазбалар немесе қаламмен түзетілген құжаттар басуға қабылданбайды.
199. Құжаттарды басу кезінде пайдаланылған нөмірі бар бланкілер арнайы журналда есепке алынады, онда бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басылған күні көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 200-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
200. Құжаттарды ксерокөшіру «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК-ның кешіру-көбейту бюросында (бұдан әрі - көбейту-көшіру бюросы) Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттар ксерокөшірмесін жасау тәртібіне (12-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
Құпия құжаттарды БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының қызметкерлері ғана ксерокөшіруге береді.
201. Үкімет мәжілістерінің, Үкімет пен Кеңсенің Басшылығында өткен кеңестердің фонограммаларын жазу және оларды толық жазу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
202. Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің фонограммалары олардың нұсқауы бойынша ғана жазылады және, әдетте, толық жазылмайды, кеңестердің хаттамаларын дайындау үшін жауапты Кеңсе қызметкерлері хаттамаларды жасау кезінде тұжырымдарды нақтылау мақсатында дербес тыңдау үшін пайдаланылады.
13. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылау
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 203-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
203. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады, оның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде осы Нұсқаулықтың бұзылуы фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысына осы Нұсқаулықтың бұзылуына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Құжаттарды тіркеуге арналған
ТІРКЕУ-БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫ
(карточканың бет жағы)
Құжаттың түрі | Парағы | Қосымшасы | Бақылау |
Кіріс № | Кірген күні | Корреспондент | Тел. |
Шығыс № | Шыққан күні | Адресат | Жөнелтуші |
Сипаты | Жеткізу түрі | Тілі |
Қысқаша мазмұны |
Қарарлары |
Бөлім | Орындаушы | Еске алу | |
Орындалу мерзімі | Ұзартылды | дейін | |
Іс жүзінде орындалған мерзімі | Мәселенің шешілуі | | |
№№іс | № том | Парақтары | № акт |
| | | | |
Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні |
| | | |
(карточканың сырт жағы)
| Орындалу барысы | |
Күні, №, сауал қайда жолданды | Күні, шығыс №, кім қол қойған | Алған күні |
Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні | Индексі, қолы, алған күні |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
№ ______ АКТ
Біз, төменде қол қоюшы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкерлері____________
___________________________________________________________________
200__жылғы «__» ____________________________ ішінде
___________________________________________________________________
________________________________________________________________бар,
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ келіп түскен
№ ___ пакетті ашу кезінде осы актіні жасадық.
Осы акт үш данада жасалды. Актінің бірінші данасы іс жүргізу және мұрағат секторында қалдырылды, екіншісі - құжаттармен бірге арналған жеріне берілді, ал үшіншісі - авторға жіберілді.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қолдары ___________
___________
___________
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Кеңсеге келіп түсетін, олар бойынша шешім қабылдауды талап етпейтін (қойылған мәселелері жоқ) мынадай құжаттар тіркелмейді:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;
3) облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;
4) Кеңсеге мәлімет үшін келіп түсетін хаттардың көшірмелері;