139. Жоба:
1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің тапсырмалары мен хаттамасы негізінде;
3) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 140-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 140-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
140. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін - 20 (жиырма) жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы адам ұзартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда, олар Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет Регламентіне сәйкес енгізіледі. Енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
142. Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге келіп түскен жобалар, жобаны Үкіметтің мәжілісіне немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар туралы, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер туралы хабарлайды.
143. Үкімет мәжілісіне шығару туралы олар бойынша шешім қабылданған жобалар Үкімет мәжілісіне тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 144-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 144-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен 144-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет мәжілісіне шығарылатын жобалар бойынша:
1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды.
2) жобаларды тиісті елтаңбалық бланкіде, сондай-ақ жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы титулдық жолында көрсете отырып, электрондық құжат нысанында ресімдейді;
3) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектегеннен кейін жобаларға (қағаз жеткізгіштерде және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес), сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама қояды және онымен бір мезгілде жобаларды ЭЦҚ-мен келіседі.
Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;
4) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады.
Үкімет мәжілісі өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттардың топтамасын БҚҚБ-ға ұсынады.
Бұл ретте, құжаттар:
1) Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының:
2) ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Заң бөлімі мен БҚҚБ меңгерушілерінің;
4) Премьер-Министр орынбасарының (міндетті бөлуге сәйкес) бұрыштамаларын қамтуы тиіс.
Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ қаулы жобаларын Үкімет мәжілісінің қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.
Үкімет мәжілісінде Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған қаулылардың жобалары бойынша кейіннен қаулы жобасын, оның ішінде электрондық құжат форматында Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде қол қояды.
Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 144-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 144-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
144-1. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттар топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Заң бөлімімен, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.
145. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет мәжілісіне енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 146-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 146-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.
Үкіметтің кадрлық мәселелер, сондай-ақ марапаттық (қызметтік, әскери және азаматтық) атыс және суық қару мәселелері бойынша қаулы жобалары бойынша келісу талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 147-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне арналған мерзім жоба (жоба бойынша материалдар) дауыс беру үшін таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы дауыс беруге арналған мерзімді қысқартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 148-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге жазбаша жауаптарын жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берген болып есептеледі.
149. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдау үшін дауыс берсе, сырттай дауыс беру өтті деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 149-1-тармақпен толықтырылды
149-1. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылары бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 150-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 150-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
150. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыруды және өткізуді БҚҚБ жүзеге асырады.
Бұл ретте, Кеңсе Басшысы қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жобаларға тиісті тапсырмаға қол қояды, осыдан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері Үкімет мүшелерін ЭҚАБЖ бойынша тиісті тапсырма туралы хабардар етеді. «Қызмет бабында пайдалану үшін» жобалары фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз тасығышта жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 151-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
151. Үкімет қабылдаған жобаны БҚҚБ бұрыштама қоюды (келісуді) және қол қоюға ұсынуды қамтамасыз ету үшін құзыретіне қаралып отырған жобаның мәселелері жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте жобаға қаулы (Премьер-Министр өкімдері) жобаларының Кеңседе келісу парағы (7-қосымша) қоса беріледі. Қаулылар мен өкімдер өтуінің әрбір кезеңінде келісу парағын толтыру Кеңсенің барлық құрылымдық бөлімшелерінде міндетті. Қаулылар мен өкімдер жобаларының келісу парағы қаулы немесе өкім жобасына басқа материалдармен бірге істе болуы тиіс және алып тастауға жатпайды.
152. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 153-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 153-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
153. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттігіне нұсқау болған не қаулыға Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде - тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқарушы адамдардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы қоса берілген жағдайда, орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын және Үкіметтің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Баспасөз қызметі ай сайын Кеңсе Басшысын Үкімет қаулыларын жариялаудың жай-күйі туралы хабардар етеді.
Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі үшін, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың кіргізілгені немесе кіргізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.
Орындаушы шығаруға толық дайын қаулының (өкімнің) түпнұсқасын қалыптастырады және сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін тапсырады, сондай-ақ ЭҚАБЖ арқылы Премьер-Министрдің ЭЦҚ қойылған қаулыны (өкімді) келісу парағына қолын қойғызып, үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкеріне тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 154-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
154. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қаралғаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға қағаз жеткізгіште және онымен бір мезгілде электрондық құжат нысанында ұсынылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 154-1-тармақпен толықтырылды
154-1. Кеңседе қаулылар мен өкімдердің барлық өту сатыларында олардың сапалы және уақтылы ресімделуіне қаралып отырған мәселе құзыретіне кіретін тиісті бөлімше жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 154-2-тармақпен толықтырылды
154-2. Премьер-Министр қол қойған барлық қосымшалары мен материалдары бар қаулының (өкімнің) төлнұсқасын орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін, төлнұсқа файлдарының атауын (ақпараттың байттағы көлемі туралы деректермен) көрсете отырып, арнайы мұқабада мынадай тәртіппен береді:
1) барлық қажетті бұрыштамалары мен қосымшалары бар қаулының (өкімнің) төлнұсқасы;
2) құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткіші;
3) Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері;
4) жоба бойынша бөлімнің анықтамасы;
5) мемлекеттік орган ұсынған барлық қосымшалары (қорытындылар, анықтама-негіздемелер, шешімдер және т.б.) бар қаулы (өкім) жобасы;
6) қажет болған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының міндеттерін жүктеу туралы мөрмен расталған бұйрық көшірмесінің болуы.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 155-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 155-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
155. БҚҚБ орындаушыдан жобаны келісу анықтамасының тізбесінде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдайды және олардың дұрыс ресімделуі мен болуын тексереді, істі түпкілікті қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 156-тармақ жаңа редакцияда
156. Істе барлық қажетті құжаттар болған және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері бұл туралы БҚҚБ меңгерушісіне хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны көбейтуді, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту (беру) үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірмелер ғана жіберілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 157-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
157. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша:
1) Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған түрде қағаз жеткізгіштегі даналар Әділет министрлігіне және әзірлеуші мемлекеттік органға ғана) таратылады;
2) басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі;
3) БҚҚБ-ның бақылау секторына «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.
Үкімет қаулыларының төлнұсқалары БҚҚБ-да қалады. Үкімет қаулысының төлнұсқасындағы Премьер-Министрдің қолы елтаңбалық мөрмен расталады, бұл ретте елтаңбалық мөрдің бедері Премьер-Министрдің лауазымы атауының деректемелері мен жеке қолын ішінара жабатындай қойылады.
Үкімет қаулысын ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылдаған мемлекеттік орган оны А-4 форматындағы қағаз жеткізгіште басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналым ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесін айқындау туралы мөртаңбамен растайды және белгіленген тәртіппен тіркейді.
Кеңсе Әділет министрлігіне бағытталған, ЭЦҚ-мен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін тарату кезінде аталған мәліметтерді автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Қаулыларды таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін істі ағымдағы мұрағатқа сақтауға орналастырады және электрондық құжат айналымы жүйесінің ТБК дерекқорына есептік деректерді енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 159-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159. Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 160-тармақ өзгертілді
160. Кеңсенің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қаулылар мен өкімдердің көшірмелерін өз бетінше түсіруге тыйым салынады.
Қаулылар мен өкімдердің Үкіметтің елтаңбалы мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз болады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 161-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161. Қаулылардың (өкімдердің) түпнұсқалары танысу үшін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның нұсқауы бойынша ғана БҚҚБ меңгерушісі арқылы ұсынылуы мүмкін.
Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына сұрау салу және қайтару туралы мәліметтерді үкіметтік шешімдерді шығару секторының тиісті қызметкері есепке алу журналында тіркейді. Журнал нөмірленген, тігілген және парақтар саны көрсетіле отырып мөр қойылған, БҚҚБ қызметкерінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген болуы тиіс. Журналдың дұрыс толтырылуы және оның сақталуы үшін БҚҚБ меңгерушісі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері жауапты болады.
8. Қызметтік құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді және есепке
алу нысандарын сақтау мен пайдалану ережелерін сақтау
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162-тармақ өзгертілді
162. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар шектеулі түрде таралатын қызметтік ақпаратты жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағаздарды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалануы мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.
Кеңсе құжаттарының көшірмелерін БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатынсыз кімге болса да беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Кеңсенің құжаттарын біреуге беруге және рұқсатсыз олардың көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
Құжаттардың, олардағы қызметтік ақпараттың сақталуы үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен іс жүргізушілері жауапты болады.
Құжаттарды жоғалтқаны, олармен жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны, қызметтік ақпаратты жария еткені үшін кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 163-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
163. БҚҚБ Премьер-Министр берген өкілеттіктер сертификаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификаттар көшірмелері оларға қол қойылған күні бойынша жеке топтастырылады және құпия іс жүргізу секторында сақталады.
164. Елтаңбалы мөрлерді сақтау және қолдану тәртібі Үкіметтің жеке қаулысымен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 165-тармақ өзгертілді
165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері - Кеңсе басшылығы хатшылығының тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.
Қаулылардың, өкімдердің және хаттардың бланкілері баспаханалық тәсілмен нөмірленеді.
Бланкілердің есебін жүргізу және Кеңсе бөлімшелеріне беру құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 166-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
166. Кеңсе қызметкерлері құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін және осы Нұсқаулықтың басқа да ережелерін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жауапқа тартылады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 8-1-бөліммен толықтырылды
8-1. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасау
166-1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары бар құжаттардың көшірмелерін және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жататын мәліметтерді қамтитын басқа құжаттарды, бүлінген және ескірген елтаңбалы бланкілерді, басқа қатаң есептегі бланкілерін, жедел сақтау мерзімі, бірақ кемінде 1 (жыл) өткеннен кейін іріктелген өзге де құжаттарды (оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәлімет үшін келіп түскен және тіркеусіз қабылданған хаттарының түпнұсқаларын) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасай отырып, жою үшін қалыптастырады (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Актілер жасалғаннан кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісіледі.
Елтаңбалы бланкілердің бүлінген және/немесе ескірген тізбелерін қамтитын актілер БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілуге жатады.
166-2. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) екі данада жасалады. Актілер бекітілгеннен кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторына есепке алу үшін беріледі.
166-3. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілген құжаттарды жоюға бөлу туралы акті қабылданғаннан кейін ғана жойылуға жатады. Қарап тексеруден кейін іріктелген құжаттар шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда ұсақтау немесе жағу арқылы жойылуы мүмкін.
166-4. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар мен басқа материалдарды осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен актіні (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) ресімдемей, тұтас түрде жоюға тапсыруға тыйым салынады.
166-5. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар және басқа, оның ішінде анықтамалық және қолжазба құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде тіркеуге және сақтауға жауапты адамның қатысуымен шредерлік (қағаз кесетін) машиналарды пайдалана отырып ұсақтау немесе қажет болған жағдайда оларды жағу арқылы жойылады.