ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған соңғы нұсқасын мәжілістің алдындағы күні көбейтеді:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртаңба қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және оның орынбасарларының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет мәжілісінің алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ жаңа редакцияда
100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.
102. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет мәжілісіне қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет мәжілісіне іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ жаңа редакцияда
104. Үкімет мүшелері, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ-ның тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себептерін нақтылайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептері көрсетілген Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда
106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылған адамдардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильдік құрылғыларына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 107-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.
БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше:
Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Премьер-Министр Хатшылығына береді.
БҚҚБ мәжіліске шақырылған адамдардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.
108. Кюверттік карточкаларды қоюды және мәжіліске қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрінің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер мәжіліске Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулылардың жобаларын қарау мәжілістің күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкіметтің мәжілістерінде қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша жоба жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
117. Үкіметтің мәжілісі барысында Кеңсенің құзыретіне қаралатын мәселе жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тектері мен қабылданған шешімдер көрсетіліп, қысқаша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Үкімет мәжілісінің фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды мәжілістен кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей дирекция жүзеге асырады.
Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болған жағдайда көбейтіліп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 121-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер хаттамалық шешімнің құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіште хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 122-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
122. БҚҚБ Үкімет мәжілісінің хаттамасын Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 123-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 123-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
Хаттамалық шешімнің жобасы келіп түскеннен кейін Заң бөлімі оны бір күн мерзімде келіседі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 124-тармақ жаңа редакцияда
124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін БҚҚБ бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне және хаттамада тапсырмалар берілген адресаттарға өздеріне қатысты бөлікте хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша хаттамалық тапсырмаларды бақылауға қоюды және оларды таратуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 125-тармақ жаңа редакцияда
125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
Кеңесті ұйымдастыруға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында кеңестің өткізілетіні туралы телефонограммаларды жіберуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы болған жағдайда, кеңес өткізуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы негіздемемен бірге бірыңғай ұстанымның болуын растайтын мемлекеттік органдардың хаттары қоса берілген хат енгізеді.
Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған мәселе бойынша мемлекеттік органдарда бірыңғай ұстаным болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары қоса берілген, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы дәлелді негіздемелері бар тиісті хат енгізіледі.
Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 125-1-тармақпен толықтырылды
125-1. Мемлекеттік органдар кеңестерге материалдарды - 3 (үш) жұмыс күні бұрын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына - 7 (жеті) жұмыс күні бұрын және мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын енгізеді.
Материалдары осы тармақта белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін мәжілістің күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.
Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңестерге материалдардың сапасы үшін жауапкершілік жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік органның бірінші басшыларының орынбасарларына жүктеледі.
Ерекше жағдайларда жоспарланып отырған кеңеске не консультативтік-кеңесші органдардың отырысына кандидатураны ауыстыру Үкімет пен Кеңсе басшылығымен келісу бойынша кеңес басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түріндегі хатты Кеңсеге жіберу арқылы жүргізіледі.
126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 127-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
127. Премьер-Министр кеңестері мен отырыстарына материалдар Премьер-Министр хатшылығына кеңес пен кездесу күнінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жіберіледі. Егер шұғыл кеңес оны өткізу күні дайындалатын жағдайда, аталған мерзімдер қолданылмайды.
128. Премьер-Министрдің орынбасарында, Кеңсе Басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.
129. Кеңеске қатысушылардың келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
130. Үкімет (Кеңсе) Басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.
131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші белгілеген тұлға жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 132-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132. Хаттаманы ресімдеуді, құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей - Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі, консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі (сырттай шешімдер), «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстарының хаттамалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей консультативтік-кеңесші органның хатшысы жүргізеді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.
Құрылымдық бөлімше Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.
Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.
БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 133-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133. Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсе Басшысымен келісіледі.
Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен
Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 134-тармақ жаңа редакцияда
134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ қағаз және ЭҚАБЖ бойынша электрондық форматтарда (нысандарда) әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.
Мыналарға:
1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;
2) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ізгілік көмек көрсетуге;
4) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;
5) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданып, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
Заң жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары, Премьер-Министрдің өкімдері, сондай-ақ пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 134-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 134-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 134-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын мемлекеттік органдар Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 (жиырмасыншы) желтоқсанға дейін енгізеді.
Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 18 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 135-тармақ жаңа редакцияда
135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторының жауапты қызметкеріне ұсынады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 135-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
135-1. Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.
Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына, заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет Регламентіне сәйкес жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндеттерін атқарушы адам тиісті жобаларды бірінші басшымен - Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 136-тармақ жаңа редакцияда
136. Кеңседе Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді ұйымдастырады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады.
Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 137-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 137-тармақ жаңа редакцияда
137. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын тұлғаны хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 138-тармақ жаңа редакцияда
138. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 138-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)