Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі № 429-1 Заңы
(2021.05.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2020.30.12. № 397-VI Заңын қараңыз (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2021.05.01. № 407-VI Заңын қараңыз (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары
3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу
3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi
6-бап. Алып тасталды
7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары
8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау
9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары
10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты
11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары
12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу
12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары
13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау
14-бап. Алып тасталды
15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау
16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары
17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану
18-бап. Алып тасталды
19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру
20-бап. Алып тасталды
21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.
10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;
2) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;
5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
7) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) есепке алатын бақылау аспаптары - электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары - уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;
Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесін, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін қараңыз
9) коньяк спирті - этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;
10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
11) қойма үй-жайлары - тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
12) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
14) пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;
15) сақтау - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);
16) сәйкестендіру - өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) стационарлық үй-жайлар - сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi. Осы Заңда стационарлық үй-жайларға жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелері, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелері, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханалары теңестіріледі;
18) сусыз спирт - құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) сыраны құю - сыраны тасымалдауды және сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;
19) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;
20) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;
21) фирмалық мамандандырылған дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;
22) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) этил спиртi - спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректер;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;
2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау;
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау;
3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді:
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу;
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;
4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу;
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;
6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттік есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау;
7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
9) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы бапта көзделген этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелетін биоэтанол өндірісіне және айналымына қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеудi мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.
5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Алкоголь өніміне:
1) арақтар және айрықша арақтар;
2) ликер-арақ өнімдері;
3) шарап материалы;
4) шараптар;
5) коньяк;
6) бренди;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) сыра;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) сыра сусыны жатады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Арақтар мен айрықша арақтар арақ-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнімі болып табылады.
2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ликер-арақ өнімдері жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, шарап материалын, жүзiм шараптарын, коньяк, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынған спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен басталатын алкоголь өнімі болып табылады.
Күштi ликер-арақ өнімдері этил спиртінің көлемдік үлесі отыз проценттен басталатын ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.
Күштiлiгi төмен ликер-арақ өнімдері этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарымнан отыз процентке дейiнгi ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Шарап материалы этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі жарым процентпен аспайтын, хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім шырынын не жеміс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесінде алынған, алкоголь өнімі болып табылады, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнімін, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Шарап материалдарынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі проценттен аспайтын алкоголь өнімі шарап болып табылады.
6 - 12. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Коньяк этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі болып табылады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Бренди этил спиртінің көлемдік үлесі отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін болатын, түпкілікті өнімдегі сусыз этил спиртінің көлемінен елу проценттен аспайтын мөлшердегі шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай сақталған этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі болып табылады.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.
16. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде пайда болған этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерін, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатын, олардың қайта өңделген өнімдерін, дәмді хош иісті заттар мен хош иістендіргіштерді қоса отырып не қоспай, этил спиртін қоспай, сырадан (кемінде дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызы) және (немесе) сыраның ашытылған сөлінен (кемінде шикізат массасының 40 пайызы) дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім.
6-бап. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекiтедi.
Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;