мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;»;
3) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;
4) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақы төлеу фактілерін тексеру үшін көліктік бақылау қызметін құруға;».
6. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат):
9-бапта:
26) тармақшаның үшінші абзацындағы «(автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелерін бекітеді.» деген сөздер «(автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;
33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.».
7. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік органдардың», «іс-әрекеттерінен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «әрекеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік органдар» деген сөздер «мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер немесе келісілген әрекеттер (картель) - осы Заңның 10-бабының 1-тармағында және 11-бабының 1-тармағында көрсетілген, бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер;»;
«3-2) кемсітушілік шарттар - басқа нарық субъектісімен (субъектілерімен) салыстырғанда нарық субъектісі немесе бірнеше нарық субъектілері тең емес жағдайға қойылған кездегі тауар нарығына кіру шарттары, тауарды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзгедей беру шарттары;»;
4) 10-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «кемсiтетiн талаптарды» деген сөздер «кемсітушілік шарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «маңызы», «кемсiтетiн талаптар», «іс-әрекеттеріне» деген сөздер тиісінше «мәні», «кемсітушілік шарттар», «әрекеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «аталған іс-әрекеттері, егер жиынтығында олар» деген сөздер «көрсетілген әрекеттері, егер оларға барлық қатысушылар үшін осы әрекеттер жиынтығында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) олардың әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерімен туындаған және тиісті тауар нарығында барлық нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін.»;
6) 12-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы монополияға қарсы орган бекiтетiн Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес мынадай мән-жайларды:»;
7) 24-баптағы «маңызы», «кемсiтетiн талаптар», «іс-әрекеттері» деген сөздер тиісінше «мәні», «кемсітушілік шарттар», «әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 32-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін» деген сөздер «уәкілетті орган белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 5-тараудың тақырыбындағы «Мемлекеттік», «іс-әрекеттері» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік органдардың», «әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 33-бапта:
тақырыптағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік», «іс-әрекеттері», «іс-әрекеттеріне» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік органдардың», «әрекеттері», «әрекеттеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 39-бапта:
5) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың», «іс-әрекеттерінің» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «әрекеттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;»;
17) тармақшадағы «мен мемлекеттік органдардың», «тергеу» деген сөздер тиісінше «, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшаның бірінші абзацындағы «субъектілеріне» деген сөз «субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «мемлекеттік органдарға» деген сөздер «мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-1), 26-3) және 26-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;»;
«26-3) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;
26-4) бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, реттелетін нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді;»;
12) 42-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.»;
13) 47-бапта:
2-тармақтағы «ақпарат және мемлекеттік» деген сөздер «ақпарат және (немесе) мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.»;
14) 48-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудитке жататын нарық субъектілері үшін жыл қорытындылары бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті - келесі жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде;»;
15) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
«48-1-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді.
Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
Алдын ала ескертуде:
1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.»;
16) 50-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады.
Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мәмілелерді жасау Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.»;
17) 54-бапта:
2-тармақтағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.»;
18) 56-1-бапта:
1-тармақтағы «жазбаша жауап» деген сөздер «нұсқама» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «тиiсті» деген сөз «жататын мәміленің күшін жою қажеттігі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Нұсқама» деген сөз «Мәміленің күшін жою қажеттігі туралы нұсқама» деген сөздермен ауыстырылсын;
«органның» деген сөзден кейін «осы» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтың 19) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 8-тарау мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртібі
Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруды бастаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл жөнінде монополияға қарсы органды хабардар етуге міндетті.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тікелей және байланыс мекемесі арқылы да берілуі мүмкін.»;
20) 58-бапта:
2-тармақта:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
4) монополияға қарсы органға келіп түскен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы болып табылады.»;
5) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудің басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне қатысты тергеп-тексеру - тергеп-тексеру объектілерін алдын ала хабардар етпей жүргізіледі.»;
21) 61-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 13-бабының бұзылу нысанасына тергеп-тексеру жүргізілген кезде монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізу арқылы оған қатысты өтініш (шағым) берілген нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға құқылы. Бұл ретте, осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңінде де қолданылады.»;
22) 64-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде тергеп-тексеру объектісінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер сұратуға және алуға;»;
4) тармақшадағы «тергеу», «мамандарын», «тартуға құқығы бар.» деген сөздер тиісінше «тергеп-тексеру», «мамандарын және өзге де адамдарды», «тартуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) тергеп-тексеру объектісінің аумақтарын, үй-жайларын (тұрғынжайын қоспағанда), құжаттарын және заттарын, оның ішінде тергеп-тексеру объектісінің, оның өкілінің, сондай-ақ монополияға қарсы орган тергеп-тексеруге қатысуға тартатын өзге де адамдардың қатысуымен қарап-тексеруге құқығы бар.»;
6-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытындыны уақтылы дайындауға;»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аумақтық органдар тергеп-тексерулер жүргізу туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы құжаттардың көшірмелерін орталық мемлекеттік органға жіберуге міндетті.»;
23) 65-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жүргізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізген жағдайларда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.»;
24) 67-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Тергеу», «тергеу» деген сөздер тиісінше «Тергеп-тексеру», «, тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша қорытынды қоса беріле отырып, тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 69-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «субъектілеріне» деген сөз «субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 70-баптың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалатын нарық субъектісінің және (немесе) мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауын немесе олардың лауазымды адамдарын;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың анықталған фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі не мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттерді;».
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):
12-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 25) тармақшадағы «тексеруіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «тексеруіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.».
9. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
10. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну немесе қайта өңдеу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортқа транзиттеу және тасымалдау үшін өнімді магистральдық құбыржолмен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген оператор мен өнімді жөнелтуші арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.».
11. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою
Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұраққа қою көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған тарифтеуге сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда ақысыз орынтұраққа қоюға, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.».
12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
1) 2-қосымшада:
12-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46 және 198-жолдар алып тасталсын;
95-жол алып тасталсын;
2) 3-қосымшада:
12-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19 және 20-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.».