Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын өзге де қызмет түрлерінен қомақты кірістер алынған;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда, осы Заңның 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендетуге бастамашылық жасауға;»;
19) тармақша алып тасталсын;
12) 14-1-бапта:
1-тармақта:
2-тармақтың 12) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес үшінші - тоғызыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай:
тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;
неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;
амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші және (немесе) бесінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;»;
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;»;
«4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабардар еткен кезде жария тыңдауларды өткізуге;»;
2-тармақтың 12) тармақшасының он үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес он үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
4-1) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшаның бесінші абзацындағы «бекітудің тәртібін айқындауға;» деген сөздер «бекітудің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында:
реттелетін нарық субъектісінің босату бағалары туралы хабарламаға немесе ақпаратқа немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратқа сараптама нәтижелері бойынша уәжді қорытындыны;
табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субьектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың өсетiнi туралы хабардар еткен кезде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты;
сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеудің нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпаратты орналастыруға;»;
ескертпе алып тасталсын;
13) 15-баптың 1-тармағында:
2-тармақтың 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітумен;»;
6) тармақша алып тасталсын;
14) 15-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлері көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделетін амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.»;
2-тармақтың 15) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 15-2-бап алып тасталсын;
16) 15-3-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға ұсынады.
2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды уәкілетті орган айқындайды.
Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Инвестициялық бағдарламада (жобада) бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.
3. Уәкілетті орган, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынылған кезінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган қол қойған уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.
Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен оны бекітуге ұсыну, оны іске асыру және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде түзетуге құқылы.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.
Табиғи монополия субъектісі осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде ескерілмеген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын ауыстыруға немесе алып тастауға құқылы.»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, бір мезгілде уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға:»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган ұсынылған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.»;
9-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің немесе оның шекті деңгейінің өзгеруіне, жаңа объектілерді салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапының міндеттемелерді орындамауы, конкурс (тендер) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күш салдары) бойынша орындамаған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету арқылы келесі жылға ауыстырылуы мүмкін. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы іс-шараларын орындау мерзімдерін қайталап ауыстыруға жол берілмейді.»;
17) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға өтінімді олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей ұсынады.
2. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтілген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлгенге дейін күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде беруге мiндеттi.»;
18) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктері тартылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;»;
2) тармақшадағы «кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын» деген сөздер «күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
2) тармақшадағы «қабылдаудан кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын» деген сөздер «қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қабылдаудан кемiнде күнтізбелік жеті күн бұрын» деген сөздер «қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жария тыңдаулар жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны өтінім берушіден мерзімді, бірақ бес жұмыс күнінен кем емес мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.»;
4-тармақтағы «он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 18-бапта:
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей, оларды қайта қарау үшін өтінім беруге міндетті.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;
6-тармақтағы «бойынша» деген сөзден кейін «тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)» деген сөздермен толықтырылып, «жалпы тәртiппен» деген сөздер «тәртiппен» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 18-1-бапта:
1-тармақта:
2-тармақтың 20) тармақшасының үшінші - он бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес үшінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
3) тармақша алып тасталсын;
4) және 4-1) тармақшалар алып тасталсын;
Осы Заңның 2-бабына сәйкес бесінші - сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.»;
3-тармақ алып тасталсын;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектісі мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметтен алынатын кірістер оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс;
2) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
3) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) көлемдері мен сапасының төмендеуіне алып келетін, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және ұсынуға қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге алып келмеуге тиіс.
Табиғи монополия субъектісінің тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
21) 18-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополия субъектісін - заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ оның қызметінің тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополия субъектісінің өтінішіне электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште берілетін уәкілетті органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.»;
22) 18-4-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қолдау принциптерін сақтай отырып өткізеді.» деген сөздер «қолдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;
7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;
8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;
9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.»;
2-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;»;
4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.»;
«8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;
2) егер тұтынушыларға залал келтірген бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің қолданылуы кезеңінде анықтаса, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін өзгертуге бастамашылық жасауға және табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
9-тармақта:
«Осы бапта» деген сөздер «2-1-тармағын қоспағанда, осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 22) тармақшасының он жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«және өңірлік электр желілері компанияларына» деген сөздер алып тасталсын;
23) 23-бапта:
бірінші - төртінші бөліктер алып тасталсын;
2-тармақтың 23) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бесінші бөлік алып тасталсын.
3. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат):
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;».
5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тариф астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.»;
2) 20-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;»;