Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
11) 151-10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «1-тармағында 1) - 4) тармақшаларында» деген сөздер «1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
12) 245-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, олардың шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған кұн салығы салынады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды беру шарты;».
3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
27-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілерін, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және пайдалану кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ стандарттарын қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілерін, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін салу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.».
4-тармақ 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., №1-2, 4-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №6, 46-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №15, 82-құжат; 2014 ж., №11, 64-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-баптың 11-1) тармақшасындағы «инвестициялық басым жобаларды іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын;
3) 12-2-бапта:
тақырыптағы «Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға» деген сөздер «Инвесторларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «инвестициялық басым жобаны» деген сөздер «инвесторды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «инвестициялық басым жобаны» деген сөздер «инвесторды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
«инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
«инвестициялық басым жобаны» деген сөздер «инвесторды» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
4) 15-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидияларды беру көзделетін болса, әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидиялар беру туралы шешімі қажет болған жағдайда беріледі.».
5. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №21, 122-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 18-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) қызметінің негізгі нысанасы - Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмнің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлау болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;»;
«27-1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;»;
2) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
«9-1-бап. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым:
1) Астана қаласының брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;
2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді;
3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
4) жаңартылатын энергия көздері саласында индустриялық-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады;
5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;
6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;
7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады;
8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады.
9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.».
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат):
134-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «функцияларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы функцияларын» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №15, 119-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №3, 19-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы - жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға;
4-2) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі - жоба) - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;»;
«9-1) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі - бірыңғай үйлестіру орталығы) - міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау;»;
3) 5-бапта:
8-2) және 8-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
8-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 8-4), 8-5), 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-4) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
8-5) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;»;
7-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацы 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«12-1) жобаларды іріктеудің тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
12-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
4) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі»;
2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орындылығын қарайды және арнайы экономикалық аймақты кұру тұжырымдамасының уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкестігін тексереді және қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша негізделген жауап жібереді.
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны сарапшылық кеңестің қарауына жіберуге тиіс, ол арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс уәкілетті органға қабылданған күннен бастап құрылады.
Сарапшылық кеңестің құрамы құрылатын арнайы экономикалық аймақтың қызмет түрінің ерекшеліктері ескеріле отырып бекітіледі.
Сарапшылық кеңес арнайы экономикалық аймақты құру туралы уәкілетті орган ұсыныс енгізген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды әзірлейді.»;
«7. Уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қоршаған ортаға әсері бағаланған арнайы экономикалық аймақ құрудың тиісті техникалық-экономикалық негіздемесінің тұжырымдамасын, сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізеді.»;
8-тармақтың бірінші бөлігіндегі «басым» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің негіздемесін (қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды) ұсына отырып, уәкілетті органға енгізеді.
Ұсынысты бірнеше заңды тұлға бірлесіп беруі мүмкін.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстың орындылығы туралы мәселені уәкілетті орган осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
2) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен;
4) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізсіз болған жағдайларда, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамайды.
Орталық немесе жергілікті атқарушы органдар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс енгізген жағдайда, техникалық-экономикалық негіздемені түзетуге бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің орындылығы туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты енгізген тұлғалар қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін түзетуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган қажет болған жағдайда, құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін техникалық-экономикалық негіздеменің түзетуі аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Инвесторлар техникалық-экономикалық негіздеменің тәуелсіз сараптамаларын жүргізе алады.
Мемлекеттік органдардың құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптамалар жүргізуі түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме уәкілетті органға берілген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзім ішінде аяқталуға тиіс.
Уәкілетті орган түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін қоса беріп, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.»;
5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқарушы компанияға, автономды кластерлік қорға арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Басқарушы компания, автономды кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге кұқылы.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері басқарушы компанияға, автономды кластерлік қорға жалға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Басқарушы компания, автономды кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін беруі мүмкін.»;
6) 9-баптың 2-тармағында:
4) тармақшадағы «инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған» деген сөздер «2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;»;
7) 11-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
7-тармақтың төртінші абзацы 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1-1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінімді жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
7-тармақтың алтыншы абзацы 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.»;