3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
7-тармақтың сегізінші абзацы 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3. Мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне және өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді және бұл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органын хабардар етеді. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тиісті жазба енгізілген күннен бастап өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы деп танылады.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру туралы шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.»;
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі
1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзуға құқылы. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының міндеттемелерді орындамағаны анықталған кезде уәкілетті орган белгілейтін тиісті актілер жасалады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы және бұзушылықтарды күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзу туралы кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
2. Қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы бұл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын, мемлекеттік кіріс органдарын, уәкілетті органды, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметті жүзеге асыру туралы шарттың біржақты тәртіппен бұзылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын осы шартта көзделген тәртіппен біржақты түрде бұзады.»;
9) 12-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болған кезде қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға белгіленген тәртіппен шарт жасасуға міндетті.
Мердігерлер жүзеге асыратын қызметтің қосалқы түрлері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаты бойынша қызметтің басым түрлеріне сәйкес келуге тиіс емес.»;
10) 13-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 17-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі акциялары бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар арасынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды, сондай-ақ бірыңғай үйлестіру орталығы ұсынған адамдар арасынан тәуелсіз директорды сайлайды.»;
13) 18-баптың бірінші бөлігінде:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;»;
«4) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну;»;
10) тармақшадағы «жүргізу жатады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
12) арнайы экономикалық аймақтың маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
13) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
14) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
15) арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
16) арнайы экономикалық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;
17) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу;
18) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу жатады.»;
14) мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы
1. Бірыңғай үйлестіру орталығының қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен реттеледі.
2. Бірыңғай үйлестіру орталығының мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды тиімді және тұрақты дамыту мақсатында бірыңғай үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
18-2-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері
Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктеріне:
1) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық аймақтардың жер учаскелерін бөлу, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, басқарушы компаниялардың акционерлерімен, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарымен және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3) басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару;
4) Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөнінде қызметтер көрсету, оның ішінде:
арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;
арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарларын және жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық аймақтарды қаржыландыру (бюджетті жасау және шоғырландыру) жоспарларын әзірлеу, басқару модельдерін, ішкі бизнес-процестер мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына енгізу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметін жетілдіру, арнайы экономикалық аймақтарды ілгерілету жөніндегі жоспарды әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметкерлерін оқыту жөнінде ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу;
нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу жөнінде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
отандық арнайы экономикалық аймақтар мүмкіндіктерін халықаралық нарықтағы әлеуетті қатысушылардың нысаналы тобына ілгерілетуді қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақтарға әлеуетті салалық және инфрақұрылымдық инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, көрмелер, конференциялар және семинарлар өткізу;
жобаларға талдау жүргізу;
қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлері жатады.»;
15) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыну енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Атқарушы органның басшысымен не басқарушы компанияның атқарушы органы функцияларын жеке-дара атқаратын адаммен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап он бес жұмыс қүні ішінде жүргізеді.»;
3-тармақтағы «талаптарды» деген сөз «біліктілік талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бірыңғай үйлестіру орталығы арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.»;
17) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражаттар;».
8. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын;
2) 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 4-тармағын;
3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 7-тармағы 3) тармақшасының сегізінші абзацын, 7) тармақшасының төртінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 27-і.
№ 362-V