5) тармақшадағы «қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен» деген сөздер «ауыр жұмыстармен, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «қатысуға құқығы бар.» деген сөздер «қатысуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ балдары тең болған жағдайда жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісі болған кезде артықшылық алуға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық қызметке кірген кезде волонтерлік қызметінің есепке алынуына құқығы бар.
Сондай-ақ азаматтық қызметке кірген кезде кандидаттың жеке қабілеттері мен кәсіби даярлығы ескеріледі;
12) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге қатысуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Волонтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алады.»;
10) 14-бапта:
7-тармақтағы «қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен» деген сөздер «ауыр жұмыстармен, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Волонтерлік ұйым өз ұйымында волонтерлердің есебін жүргізуге құқылы.»;
11) 16-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
12) 17-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Мемлекет волонтерлерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда мемлекеттік наградалармен наградтау арқылы волонтерлік қызметті ынталандырады.
4. Мемлекет волонтерлік ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді.».
19-тармақ 2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 4-тармағында:
үшінші бөлікте:
«алынған кіріс» деген сөздерден кейін «, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған кіріс» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
оныншы бөлік «айналысу кезеңдері» деген сөздерден кейін «, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13 және 19-тармақтарын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 7-тармағының 3) тармақшасының жетінші, сегізінші және он бірінші абзацтарын, 5), 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 16) және 17) тармақшаларын;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағы 6) тармақшасының бесінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 4 шілде
№ 134-VІІ ҚРЗ