1. Орталық атқарушы органдар уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынан туындайтын стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды.
3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың әрбір бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеу негізінде бір ғана стратегиялық әріптес айқындалады.
4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс орталық атқарушы орган мен стратегиялық әріптес арасында стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Стратегиялық әріптестің кінәсінен шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) стратегиялық әріптес өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда, шарт стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен тиісті орталық атқарушы органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылуға жатады.
6. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актісін орталық атқарушы орган және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес құрылған комиссия қабылдайды.»;
7-тармақтың 17) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 7, 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.».
8. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;»;
2) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалады.»;
3) 31-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ филантроптық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.».
9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;».
10. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 10) тармақшасындағы «іске асыруды, іске асыру» деген сөздер «оның іске асырылу» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
75-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Коммуналдық мүлік қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарға осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген тәртіпке сәйкес кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.».
12. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 6) тармақшасындағы «іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың» деген сөздер «оның іске асырылу мониторингін және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша да жүргізіледі.».
13-тармақ 2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңдері;»;
2) 15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «кезеңі үшін» деген сөздерден кейін «, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызмет үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 16-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «олардың тура алдындағы немесе олардан кейінгі» деген сөздер «көрсетілген кезеңнің тура алдындағы немесе одан кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың» деген сөздер «оның іске асырылу мониторингін және» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2), 4), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) демеушілік қызмет - демеушінің осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен демеушілік көмек көрсету жөніндегі қызметі;»;
«4) ерікті қайырмалдықтар - пайдаланушыларға олардың әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін берілген ақша, сондай-ақ өзге де мүлік;
4-1) корпоративтік қайырымдылық - кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ерікті қызметі;
4-2) кіші отан - аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
4-3) кіші отанға қолдау көрсететін адам - кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) кіші отанды қолдау - патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қайырымдылық волонтері - қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 11-1) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган - қайырымдылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«11-1) қаражат жинау - ерікті қайырмалдықтарды және (немесе) қайырымдылық көмекті тарту процесі;»;
«18) электрондық қайырымдылық - электрондық тәсілмен жүзеге асырылатын ақша түріндегі ерікті қайырмалдықтарды тарту жөніндегі қызмет.»;
2) 3-баптың 1-тармағы «Қайырымдылық жасаушылар», «қайырымдылық жасаушылардың,», «қайырымдылық жасаушының» деген сөздерден кейін тиісінше «, қайырымдылық ұйымдары», «қайырымдылық ұйымдарының және», «, қайырымдылық ұйымының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстар, жануарлар мен өсімдіктер қайырымдылық объектілері болады.
3. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері қайырымдылық субъектілері болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қайырымдылық субъектілері мен объектілері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
4) 1-тарау мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Электрондық қайырымдылық
Электрондық қайырымдылыққа байланысты ақша аударымдарын қайырымдылық жасаушылар және (немесе) қайырымдылық ұйымдары Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырады.
4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық
1. Корпоративтік қайырымдылықты дамыту туралы шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді.
2. Ішкі құжаттар қайырымдылық көмектің қағидаттарын, негізгі бағыттарын, пайдаланушыларға оны көрсету тәртібін, кәсіпкерлік субъектісі бюджетінің шығыс бөлігін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
3. Көрсетілетін қайырымдылық көмектің мақсаттары осы Заңның 2-бабына сәйкес айқындалады.»;
5) 6-бапта:
2-тармақтағы «қайырымдылық жасаушылардың» деген сөздер «қайырымдылық субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылықты жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады.
5. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы бекіткен қайырымдылық бағдарламасына біржақты тәртіппен өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ.
6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекет қайырымдылық ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді.»;
6) 7-бапта:
1-тармақ «қайырымдылық жасаушылар» деген сөздерден кейін «, қайырымдылық ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган:
1) қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ береді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
8) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қаражат жинауды жүзеге асыруға;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жылына бір реттен сиретпей орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберіндегі кірістер мен шығыстар, қол жеткізілген мақсаттар туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс;»;
9) 11-бапта:
1-тармақ «Қайырымдылық жасаушы» деген сөздерден кейін «немесе қайырымдылық ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Қайырымдылық жасаушы» деген сөздерден кейін «немесе қайырымдылық ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдаланушыға өз мүлкін берген қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының одан осы мүлікті пайдалану туралы есепті талап етуге құқығы бар.
4. Қайырымдылық жасаушыдан немесе қайырымдылық ұйымынан нысаналы сипаты бар қайырымдылық көмек ретінде ақша алған пайдаланушы қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы және пайдаланушы арасындағы шарттық қатынастарда айқындалған мерзімдерде және тәртіппен есеп береді.»;
10) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қайырымдылық гранттары;»;
11) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қайырымдылық бағдарламасы
1. Қайырымдылық бағдарламасын қайырымдылық жасаушы және (немесе) қайырымдылық ұйымы әзірлейді, бекітеді және орындайды.
2. Қайырымдылық бағдарламасы мақсаттарды, міндеттерді, іске асыру кезеңін, болжамды кірістер мен шығыстар сметасын қамтиды.
3. Қайырымдылық жасаушы және (немесе) қайырымдылық ұйымы бір немесе бірнеше қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыруы мүмкін.
4. Қайырымдылық бағдарламасының орындалуы қайырымдылық жасаушының және (немесе) қайырымдылық ұйымының есебімен расталады.»;
12) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бір жүз миллион теңгеден аз соманы құрайтын нысаналы капиталды (эндаументті) басқаруды ұйымның құрылтай немесе ішкі құжаттарында осыған уәкілеттік берілген қайырымдылық ұйымының басқару органы жүзеге асырады.»;
13) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қайырымдылық гранттарының саны мен мөлшерін осы Заңның 19-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ұйымның құрылтай немесе ішкі құжаттарында осыған уәкілеттік берілген қайырымдылық ұйымының басқару органы немесе басқарушы компания белгілейді.»;
14) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату туралы шешімді осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздердің бірі болған кезде ұйымның құрылтай немесе ішкі құжаттарында осыған уәкілеттік берілген қайырымдылық ұйымының басқару органы қабылдайды.»;
15) 22-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғалар;»;
16) 23-баптың 2, 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
17) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Қайырымдылық волонтері
1. Он сегіз жастан асқан адам қайырымдылық волонтері бола алады.
2. Қайырымдылық волонтерінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде қайырымдылық ұйымының немесе пайдаланушының пайдасына қаражат жинауды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қайырымдылық волонтері қайырымдылық ұйымына немесе пайдаланушыға жасалған шартқа сәйкес қаражат жинау туралы есеп беруге міндетті.
4. Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық волонтерлері бола алмайды.»;
18) 28-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
16. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:
1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;
2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді.».
17. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.».
18. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
5) тармақшадағы «жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган - волонтерлік қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) корпоративтік волонтерлік - ұйым қызметкерлерінің өз ұйымының қолдауымен әртүрлі волонтерлік бағдарламаларға (жобаларға) және волонтерлік акцияларға ерікті ұжымдық қатысуы.»;
2) 4-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «жоба іс-шараларын» деген сөздер «волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) корпоративтік волонтерлік;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушының волонтерлерді тарту кезінде немесе волонтерлік ұйымның волонтерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт жасасуға құқығы бар.»;
4) 1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Корпоративтік волонтерлік
1. Ұйымдар корпоративтік волонтерлікті дамыту туралы шешім қабылдаған жағдайда волонтерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді.
2. Корпоративтік волонтерліктің ішкі құжаттары корпоративтік волонтерлік қызметтің қағидаттарын, негізгі бағыттарын және оны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Корпоративтік волонтерліктің мақсаттары осы Заңның 4-бабына сәйкес айқындалады.»;
5) 8-бапта:
1-тармақтың 6) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
6) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігіндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
18-тармақтың 6) тармақшасының бесінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
4) волонтерлік қызметті қолдау және волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге тарту тәртібі жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;»;
5) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
18-тармақтың 6) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізеді;
7-2) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
7) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы және 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
8) 11-баптың 3) тармақшасы «(жобалар) және» деген сөздерден кейін «волонтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;
9) 12-бапта:
2-тармақтың үшінші сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Он сегіз жасқа толмаған волонтерлерді:
1) дүлей зілзалалардың, экологиялық, техногендік және басқа да апаттардың, әлеуметтік жанжалдардың, жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен адамдарға; құқық бұзушылық құрбандарына, босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге қатысуға; сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдемдесуге;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақтарының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда, сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап жүрген немесе ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге;
3) ауыр жұмыстарға, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстарға тартуға болмайды.»;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) волонтерлік қызметті тоқтату.
Волонтермен азаматтық-құқықтық шарт жасалған жағдайда, волонтерлік қызметті тоқтату осы шартқа сәйкес жүзеге асырылады;»;