ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық,
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік
тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 126-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
53-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға жұмсалатын шығыстар.».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылығын осындай қызметті жүзеге асыратын, қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы ынталандырады.».
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
139-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырады және өткізеді.
Кандидаттың волонтерлік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның жеке қабілеттері мен кәсіби даярлығын ескере отырып, азаматтық қызметке кіру кезінде ескеріледі.».
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 53-баптың 6-тармағындағы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу» деген сөздер «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 236-1) тармақшамен толықтырылсын:
«236-1) стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар - мынадай:
әскери іс-қимылдар және олардың салдарларын жою;
төтенше жағдайлардың туындауы, алдын алу және салдарларын жою;
жаңа аса қауіпті инфекциялық аурулардың туындау, таралу қатері және олардың салдарларын жою;
қолайсыз химиялық, биологиялық, радиациялық факторлардың әсері салдарынан болған аурулар мен зақымданулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, сондай-ақ олардың салдарларын жою;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ең болмағанда біреуіне қатысты шектеуші экономикалық шараларды енгізу жағдайында мүше мемлекеттердің нарықтарында дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың болмауы немесе болмау қатері жағдайларында медициналық қолдануға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;»;
2) 7-бапта:
97) тармақшада:
«іске асыру,» деген сөздер алып тасталсын;
«оны» деген сөз «нәтижелерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:
«104-1) стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындайды;»;
3) 8-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттануы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады, оның іске асырылуына мониторинг және нәтижелеріне бағалау жүргізеді;»;
4) 12-баптың 2-тармағының 32) тармақшасында:
«іске асыру,» деген сөздер алып тасталсын;
«оны» деген сөз «нәтижелерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 23-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың балк-өнімдері.»;
6) 233-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланатын дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың балк-өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда, дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың балк-өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.»;
7) 245-баптың 7-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
6. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
39-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «құрылтайшы» деген сөзден кейін «, қамқоршылық кеңес» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.»;
3) 1-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;»;
мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 5-4) және 5-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру - мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттардың бағыттарын айқындау, мемлекеттік гранттар үшін бюджет қаражатын жыл сайынғы және (немесе) орта мерзімді жоспарлау және айқындау рәсімін жүргізу жөніндегі қызметі;
5-3) мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау - жобаларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді, олардың қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін талдау процесі;
7-тармақтың 3) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-4) стратегиялық әріптес - стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жасалған үкіметтік емес ұйым;
5-5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс - орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі - грант) - үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;»;
7-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-5) тармақша «тапсырысты» деген сөзден кейін «, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның күші оператордың қатысуынсыз гранттар беруге байланысты туындайтын қатынастарға, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетін гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру қағидаттары
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;
4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялылығы мен ашықтығы.»;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
1-2) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды;»;
7) 4-1 және 4-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5) мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
6) жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсынады;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекітеді;
8) Үйлестіру кеңесін құрады, ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
9) орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді;
10) Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жібереді;
11) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;
12) сыйлықақылар беру қағидаларын бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;
7-тармақтың 7) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
14) жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық атқарушы органдар ұсынатын ақпарат негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат береді;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін тексеруді жүзеге асырады;
17) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
18) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Орталық мемлекеттік органдар:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
7-тармақтың 7) тармақшасының отыз үшінші - отыз бесінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) - 11) тармақшаларында көзделген әрекеттер Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
7-тармақтың 7) тармақшасының отыз жетінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына шығарады;
9) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 4-3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «мониторингінің нәтижелері,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай салалар бойынша жүзеге асырылады:»;
15) тармақшадағы «жәрдемдесу бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «жәрдемдесу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету;
2) жануарларға жауапты қарауды қалыптастыру, оның ішінде жануарларға арналған панажайларды қолдау салалары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша да жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салалары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады.»;
7-тармақтың 9) тармақшасының он бесінші және он алтыншы бесінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 5-1-баптағы «, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтер» деген сөздер алып тасталсын;
11) 6-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Заңның 5-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген салалар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.»;
12) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Гранттар
1. Гранттар:
1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
2) орта мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
3) ұзақ мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар.
3. Мемлекеттік гранттар оператор арқылы мемлекеттік грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.
4. Мемлекеттік гранттар:
таратылу процесіндегі;
банкрот деп танылған;
атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;
мүлкіне тыйым салынған;
экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған;
басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті тұлғаларының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылатын;
басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
5. Мемлекеттік грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың:
1) қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар үшін он пайыздан аспайтын;
2) ұзақ мерзімді гранттар үшін бес пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға пайдалана алады.
6. Мемлекеттік емес гранттар беруге және есептілікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған шарттың талаптарында айқындалады.
7. Мемлекеттік гранттарды бағыттары мен келесі қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемі бойынша қалыптастыру, оператордың үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуына конкурстық іріктеу жүргізуі мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізетін мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.»;
13) 6-2-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «азаматтық қоғам институттарының» деген сөздер «үкіметтік емес ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;»;
14) 6-3-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым бір салада ғана сыйлықақы алуға ұсынылуы мүмкін.»;
5-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бір саладағы сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін.»;
15) 6-4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жүзеге асырылуына» деген сөздер «іске асырылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 16) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) мынадай мазмұндағы 6-5-баппен толықтырылсын:
«6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс