35) қамқоршылық кеңестерге жəрдем көрсетеді;
36) мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының сапалы кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
37) мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мəдениет жəне өнер, дене шынықтыру жəне спорт мамандықтары бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
38) облыстық əдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
39) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз етеді;
40) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
41) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке əдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
42) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
43) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
«4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) мектепке дейінгі жастағы жəне мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
2) бастауыш, негізгі орта жəне кешкі (ауысымды) оқыту нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім жəне интернат үлгісіндегі білімнің білім беру ұйымдары (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) арқылы ұсынылатын орта білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағдарламаларын қоспағанда, балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады жəне таратады;
4) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде, кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім қызметтеріне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
6) мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді сатып алуды жəне жеткізуді ұйымдастырады;
7) кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру бойынша қызметтер ұсыну сапасын қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жəне мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жəне оларға күрделі жəне ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді;
10) отыз жылдан астам пайдаланылып отырған, кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын жəне қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жай-күйін авариялығы тұрғысынан зерттеп қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан, кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп қарауды əрбір бес жыл сайын қамтамасыз етеді;
11) жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, бастапқы əскери даярлық бойынша жарыстарды, спорттық жарыстарды, орындаушылар конкурстары мен кəсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды жəне өткізуді қамтамасыз етеді;
12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі, орта жəне қосымша білімнің білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау жəне жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тəрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарына қажетті əдістемелік жəне консультациялық көмек көрсетеді;
15) білім бөлімінің бірінші басшысын лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады;
16) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады жəне олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
17) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
18) қамқоршылық кеңестерге жəрдем көрсетеді;
19) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрмен сапалы түрде қамтамасыз етеді;
20) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
21) əдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
23) жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жəне тұрғынжаймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
24) білім беру ұйымдарында оқуын бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жəрдемдеседі;
25) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз етуге жəрдемдеседі;
26) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстарды мəслихатқа енгізеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттің қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
28) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
29) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды жəне одан алып қайтуды ұйымдастырады;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 6-1-бап алып тасталсын.
17-тармақ 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
17. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 15) тармақшасында:
«Заңына» деген сөзден кейін «жəне «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
«астананың жергілікті өкілді органы» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«астана аумағында» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«астанада» деген сөз «Астана, Алматы қалаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
екінші бөлікте:
«Астана аумағында», «астана аумағында» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Заңына» деген сөзден кейін «жəне «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
«астананың жергілікті өкілді органы» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«астанада» деген сөз «Астана, Алматы қалаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«астананың» деген сөз «Астана, Алматы қалаларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
18-тармақ 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
18. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бап мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
«9-7) ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-7-бабы 2-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асырған;».
19. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 62-1) тармақшасындағы «тау-кендік телім шегінде жер астындағы жəне жер бетіндегі» деген сөздер «жер астындағы жəне жерасты тау-кен қазбаларымен байланысатын шахта үстіндегі ғимараттар мен құрылысжайлардағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «жол парағын» деген сөздер «республикаішілік тасымалдауда жолпарағын» деген сөздермен ауыстырылсын.
21-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Заң жобасын əзірлеу кезінде əзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу жəне түсіндіру бағдарламасының жобасын əзірлейді.
Ақпараттық сүйемелдеу жəне түсіндіру бағдарламасында əзірлеуші органның жергілікті өкілді жəне атқарушы органдарды тарта отырып, халықпен жария жəне өңірлік тыңдаулар өткізуі көзделуі мүмкін.
Бұл ретте əлеуметтік маңызы бар заң жобалары бойынша тыңдаулар жария талқылау өткізу кезеңінде не олар Қазақстан Республикасының Құрылтайында екінші оқылымда қаралғанға дейін өткізіледі.»;
11-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын.
23. «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің талап арызы», «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігіне», «мəселелері бойынша Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің сот сараптамасы» деген сөздер тиісінше Қазақстан Республикасы «Уəкілетті органның», «уəкілетті орган», «уəкілетті органның талап арызы», «уəкілетті органға», «мəселелері бойынша уəкілетті органның», «уəкілетті органның сот сараптамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
23-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жеке сот сарапшысы - сараптама мамандығына сəйкес келетін кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының мүшесі болып табылатын, уəкілетті орган берген сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі жекеше практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;»;
8) тармақша «азаматтық» деген сөзден кейін «, əкімшілік» деген сөзбен толықтырылсын;
23-тармағының 2) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сот сараптамасы органының сарапшысы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сот сараптамасы органында ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) сот сарапшысы - арнаулы ғылыми білімі бар жəне осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өздеріне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес сот сараптамасы органының сарапшысы, жеке сот сарапшысы жəне өзге де адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) уəкілетті орган - сот-сараптама қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қаралып отырған жолданым шеңберінде қажетті ақпаратты алу не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, сот сарапшысының өз міндеттерін адал орындамағанын куəландыратын басқа да ақпарат болған кезде, осындай ақпаратты алу;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сот сараптамалары түрлерінің жəне біліктілігін уəкілетті орган беретін сараптама мамандықтарының тізбесін əзірлеп, бекіту;»;
4) жəне 8) тармақшалардағы «сот сараптамасы органдарында» деген сөздер алып тасталсын;
14) жəне 24) тармақшалар алып тасталсын;
4) 14-бапта:
23-тармағының 4) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-əрекетін саралау туралы қаулы жеке сот сарапшысына қатысты шығарылған;
7) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен асырып, дəлелсіз себеппен бұзған не одан өтуден бас тартқан жағдайларда тоқтатыла тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда:
1) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы іс жүргізу қозғалғанда - сот шешім қабылдағанға дейін;
2) жеке сот сарапшысы осы Заңның 24-бабы 8) жəне 9) тармақшаларының талаптарын бірнеше (күнтізбелік бір жыл ішінде екі жəне одан көп) рет бұзғанда - алты айға;
3) аттестаттаудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен асырып, дəлелсіз себеппен бұзғанда не одан өтуден бас тартқанда - бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
4) сараптамаларды жүргізу мерзімін күнтізбелік он бес күнге дейін бұзғанда - үш айға, күнтізбелік отыз күнге дейін бұзғанда - алты айға;
5) материалдарды орындамастан негізсіз қайтарғанда алты айға тоқтатыла тұрады.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) адам үш айдан асырып, аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда уəкілетті органның талап қоюы бойынша сот тəртібімен жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату немесе одан айыру туралы тиісті мəліметтер бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.»;
23-тармағының 5) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
5) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасы органының сарапшылары, сондай-ақ жеке сот сарапшылары туралы мəліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.»;
23-тармағының 6) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесі
1. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесі - бұл сот-сараптама қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе.
2. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне сот сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу, олардың нəтижелері туралы мəліметтер, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мəліметтер енгізіледі.
3. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне қолжетімділік сот сарапшыларына жəне басқа да адамдарға, оның ішінде сүйемелдеуді жəне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға беріледі.
Сот сарапшылары жəне басқа да адамдар, оның ішінде сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін сүйемелдеуді жəне оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы цифрлық жүйеде қамтылған мəліметтерді ашпауға жəне таратпауға міндетті.
Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қамтылған мəліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қамтылған мəліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
5. Уəкілетті орган сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидаларын айқындайды.
6. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, сот сараптамалары органы жəне уəкілетті орган ақпаратты жинау мен талдау үшін қолдана алады.»;
23-тармағының 7) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
7) 19-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органының сарапшыларына;
2) жеке сот сарапшыларына;
3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тəртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын тиісті мамандықтағы сот сарапшыларынан, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардан» деген сөздер «сот сараптамасы органының сарапшылары, сондай-ақ жеке сот сарапшылары болып табылатын тиісті мамандықтағы сот сарапшыларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Сот сарапшысының біліктілік даярлығы
1. Осы Заңның 19-бабының 5 жəне 6-тармақтарында аталған адамдарды қоспағанда, сот сарапшысы біліктілігін алуға ниет білдірген адам сот сарапшыларының міндетті біліктілік даярлығынан өтуге тиіс.
2. Сот сарапшыларының біліктілік даярлығын сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жұмыс істеп жүрген сот сарапшылары жүргізеді.
3. Сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өтуін сот сараптамасы органы уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының қатысуымен сот сараптамасы органы əзірлеп, бекіткен сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өту тəртібі туралы ережеге сəйкес ұйымдастырады.»;
23-тармағының 9) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
9) 22-баптың 1-тармағындағы «сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар» деген сөздер «сот сараптамасы органының сарапшылары жəне жеке сот сарапшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-бап 7) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) жəне 9) тармақшалармен толықтырылсын:
23-тармағының 10) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«8) сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қолдаухаттар мен өзге де құжаттарды қоса алғанда, сот сараптамасын өткізудің барлық кезеңін көрсетуге;
9) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, сұрау салуда белгіленген ақылға қонымды мерзімде мəліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ өзге де қажетті ақпаратты беруге міндетті.»;
23-тармағының 11) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
11) 25-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алған адамдар Палата мүшелері болады.»;
5-тармақтағы «лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын» деген сөздер «сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 26-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Палата төрағасы лауазымға екі жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бір адам Палата төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Палата төрағасын сайлау баламалы негізде жүзеге асырылады.»;
13) 28-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аумақтық палаталар басшыларының қызметін бақылайды;»;
23-тармағының 13) тармақшасының төртінші абзацы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
3-тармақтағы «лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамның» деген сөздер «жеке сот сарапшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармағының 14) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
14) мынадай мазмұндағы 28-1 жəне 28-2-баптармен толықтырылсын:
«28-1-бап. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы
1. Жеке сот сарапшыларын тəртіптік жауаптылыққа тартуды жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы жүзеге асырады.
Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы - Палатаның тəуелсіз органы. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімдері міндетті сипатқа ие.
Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының құрамына Палата басқармасының ұсынуы бойынша сот-сараптама практикасының кемінде бес жыл өтілі бар бес жеке сот сарапшысы кіреді.
Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы туралы ережені жəне тəртіптік жауаптылыққа тарту тəртібін Палата басқармасы уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі екі жылды құрайды. Бір адам жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды.
2. Тəртіптік іс жүргізуді қарау кезінде жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы өз отырыстарына жолданымдар мен шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты жолданым немесе шағым қаралатын жеке сот сарапшыларын шақыруға міндетті.
Қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабар берілген, жоғарыда аталған адамдардың келмеуі тəртіптік іс жүргізуді қарауға кедергі келтірмейді.
Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы тəртіптік іс жүргізуді бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тəртіптік іс жүргізу жеке сот сарапшысы еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі қараудың немесе тəртіптік жауаптылыққа тартудың жалпы мерзіміне кірмейді.
3. Жеке сот сарапшысының Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасының, Сот сарапшысының əдеп кодексінің, Палата жарғысының, Палатаның басқару органдары шешімдерінің жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті негіздердің болуы тəртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болады.
4. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы жеке сот сарапшысына мынадай тəртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) кезектен тыс аттестаттауға жіберу.
5. Жеке сот сарапшысының тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тəртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.
Тəртіптік жаза бұзушылық жасалған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін.
6. Осы баптың 4-тармағында көзделген тəртіптік жаза шаралары жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады жəне қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
7. Егер жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
8. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясы жеке сот сарапшысына қатысты тəртіптік жаза шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешімнің көшірмесі жеке сот сарапшысына жіберіледі.
9. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімін Палатаның тəртіптік комиссиясына осы шешім жария етілген күннен бастап үш ай ішінде даулауға болады.