12) 111-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «сараптама комиссияларының (сараптама топтарының)» деген сөздер «сараптама топтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 133-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке» деген сөз «екі қабаттан жоғары жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 145-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсат алмай салынған құрылысты мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келтіру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
15) 146-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды ұсынушылардың дерекқорына енгізілген отандық өндірістің материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген, Қазақстанда шығарылған материалдарды, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-2-бапта:
10-32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-32) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару қағидаларын, сондай-ақ «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібін әзірлеп, бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-45) тармақшамен толықтырылсын:
«10-45) жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;»;
2) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді және бөлуді жүзеге асырады;»;
3) 13-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы.»;
8-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
4) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының ережесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға қолданылады.»;
8-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
5) 47-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте екі жүз және одан көп пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері бар көппәтерлі тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі түріндегі кондоминиум объектісін басқару нысанынан тікелей бірлесіп басқару нысанына ауысуға пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы кондоминиум объектісін басқару нысаны ретінде мүлік иелерінің бірлестігін таңдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін жол беріледі.»;
8-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
6) 51-3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің шешімі бойынша;»;
7) 67-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «пайдалануға» деген сөзден кейін «кезектілік тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «пайдалануға» деген сөзден кейін «кезектілік тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 69-бапта:
1-тармақта:
8-тармағының 8) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша «тұрғынжайы» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша:
«олардың» деген сөзден кейін «соңғы бес жыл ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғынжайы» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша:
«олардың» деген сөзден кейін «соңғы бес жыл ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғынжайы» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «Республикасының» деген сөзден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармағының 8) тармақшасының он бірінші, он екінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғынжайға мұқтаждарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына есепке қою кезінде соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде және Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайдың немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестің болмауы туралы талаптар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары «Тұрғынжаймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару қағидаларына, сондай-ақ «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібіне сәйкес қойылады.
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді және бөлуді жергілікті атқарушы органдар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылған комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырады.
Осы Заңның 74-бабының ережелері жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке қою, оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу кезінде қолданылмайды.
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді.»;
9) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алу құқығы
Қазақстан Республикасының азаматы (жұбайымен (зайыбымен) және кәмелетке толмаған балаларымен бірге) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін жұбайының (зайыбының) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайы немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайында елу және елуден астам пайыз мөлшеріндегі үлесі болған және соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды немесе тұрғынжайдағы үлесті иеліктен шығарған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжай ғана немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған бір тұрғынжай ғана алуға құқылы.»;
10) 71-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына» деген сөздер «бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару қағидаларына, сондай-ақ «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 10) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
үшінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «тізімдерінде» деген сөзден кейін «бастапқы есепке қойылған күніне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «қандастарды» деген сөзден кейін «және олардың отбасы мүшелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «қандастардың тізімдерін» деген сөздер «қандастардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың тізімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Бірыңғай республикалық электрондық базада және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуына немесе таратылуына, сондай-ақ олардың шекараларының өзгеруіне байланысты тұрғылықты жерін ауыстырған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қоятын өңірді бастапқы есепке қойылған күні сақталып, сол аумақтағы нақты тұратын жеріне сәйкес ауыстыруға тиіс.»;
11) 72-бапта:
8-тармағының 11) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша «тұрғынжайлары» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша:
«олардың» деген сөзден кейін «соңғы бес жыл ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғынжайлары» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша:
«олардың» деген сөзден кейін «соңғы бес жыл ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғынжайлары» деген сөзден кейін «немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «Республикасының» деген сөзден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармағының 11) тармақшасының оныншы - он төртінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
8) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық» деген сөздер «олар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сатып алған» деген сөздерден кейін «немесе олардың сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша міндеттемелері болған» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелерінде соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу және елуден астам пайыз үлесі болған жағдайда «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.»;
8-тармағының 12) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
12) 73-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларының ережелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
13) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды бөлген кезде осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінің кемінде жиырма пайыз тұрғынжайы жетім балаларға және ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Егер жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиісті тұрғынжайлардың көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғынжайлардың қалған көлемі осы баптың 3-тармағында аталған адамдарға беріледі.
3. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жесір әйелдерге (тұл ер адамдарға), сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшесі (мүшелері) және (немесе) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі (мүшелері) бар өзге де санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиісті тұрғынжайлардың көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғынжайлардың қалған көлемі осы баптың 4-тармағында аталған адамдарға беріледі.
4. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінен қалған тұрғынжайлардың көлемі бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамдарға жатпайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
5. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған кірістері ескеріледі.
6. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
7. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы Заңның 68-бабының 10) тармақшасында айқындалған санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы орган комиссиясының шешімімен бір жылдан кешіктірілмей, тұрғылықты жері бойынша тұрғынжайлармен қамтамасыз етіледі.
8. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес қабылдайды.»;
14) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
«74-1-бап. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау
Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес көрсетіледі.»;
15) 75-бапта:
8-тармағының 15) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру кезінде тұрғынжай беру нормалары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында айқындалады.»;
5-1-тармақ «Республикасының» деген сөзден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 76-баптың 3-тармағы:
«жалдаған тұрғынжай» деген сөздерден кейін «олардың келісімімен және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
17) мынадай мазмұндағы 119-3 және 119-4-баптармен толықтырылсын:
«119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері
Егер тұрғынжай бұрын купондық тетік арқылы немесе 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін өзгеше тәсілмен жекешелендірілген болса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіруден бас тартуға негіз болмайды.
8-тармағының 17) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
119-4-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп танудың ерекшеліктері
Осы елді мекенде немесе Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы жалғыз тұрғынжайда елу немесе елуден астам пайыз үлестің болмауы туралы талап осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға қолданылмайды.».
9-тармақ 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
9. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін бекітуге;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 9-46) тармақшамен толықтырылсын:
«9-46) Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін әзірлейді;».
10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 2), 3-2), 6-1), 6-2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкім аппараты - әкімнің және жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме;»;
«3-2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы - өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, талдауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де шаралар кешені;»;
«6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы - осы Заңда айқындалған шектерде және тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастық жиыны өкілдік берген жергілікті өзін-өзі басқару органы;
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны - осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге елді мекен тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) тікелей қатысуы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ету мәселелері, оларды әкім және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары шешеді;»;
2) 6-баптың 1-тармағында:
1) және 12-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті аумақтың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;»;
«12-3) астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеп, ұсынған облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 14-2), 14-3), 14-4), 14-5) тармақшалармен және 15) тармақшадағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) елді мекендерді санитариялық тазалау қағидаларын бекіту;
14-3) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеудің өзге де шараларын, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау;
14-4) абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша халықтың пікірін зерделеу, талдау және есепке алу;
14-5) әкімнің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру қорытындыларын қарау;»;
«16) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жатады.»;
10-тармағының 2) тармақшасының он бірінші жəне он екінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдануға құқылы.»;
3) 10-баптың 3-тармағындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 19-бапта:
10-тармағының 4) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір адам астана, бір облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
5) 21-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын: