«17-1) жергілікті бюджет комиссияларының жұмысына қатысуға;
17-2) қажеттілігіне қарай бюджетті нақтылауға бастамашылық жасауға;»;
10-тармағының 5) тармақшасының жетінші - он алтыншы абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақ 6) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) кездесулер мен жиналыстар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халықты олардың өткізілетін уақыты мен орны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен жылына кемінде екі рет кездесулер мен жиналыстар өткізуге міндетті.»;
4-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) мәслихаттың бір сессиясы ішінде сөз сөйлеу құқығынан айыру;
4) мәслихат сессиясына қатысу құқығынан айыру.»;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатына бір күндік жалақысынан айыру түріндегі жаза қосымша қолданылуы мүмкін.
Мәслихат депутаттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындауды, сондай-ақ мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеуді мәслихат аппараты жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жазаларды қолдану туралы мәселеге мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы бастамашылық жасауы мүмкін.»;
10-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
6) 21-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша жүгінуге құқылы.»;
екінші бөліктегі «бір айдан» деген сөздер «күнтізбелік он бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
7) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстар, аудандар мәслихатының депутаты мәслихат төрағасының тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ өз құзыреті шегінде және әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде өз функциясын атқару үшін іссапарға жіберілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша іссапар шығыстары төленеді.»;
10-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
8) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатына Қазақстан Республикасының Президенті мәслихатты таратқан жағдайда және ол жұмысқа орналасқанға дейін немесе зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ай сайын оның орташа айлық жалақысы мөлшерінде, бірақ өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан асырылмай мәслихаттың үлгілік регламентінде айқындалған тәртіппен жәрдемақы төленеді.»;
9) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті
Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мəслихат аппаратының тəртіптік жəне конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тəртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мəслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мəселелерін шешеді;
7) мəслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тəртіптік жауапкершілігі мəселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мəслихат сессияларын, мəслихаттың тұрақты жəне уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мəслихат шешімдерінің жобаларын, мəслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі жəне мəслихат төрағасы немесе мəслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
10) 27-бапта:
1-тармақта:
10-тармағының 10) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2) мемлекеттік техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім беру сапасын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 54), 55) жəне 56) тармақшалармен толықтырылсын:
«54) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру жəне олардың қызметі үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
55) Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға тікелей қатысу құқығын іске асыруы үшін жағдай жасайды;
56) жергілікті қоғамдастықтардың мүшелеріне осы Заңға сəйкес олардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.»;
1-9-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіпке сəйкес жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді жəне бөлуді жүзеге асырады;»;
11) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-10), 14-5), 42-1), 42-2), 42-3), 44) жəне 45) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-10) тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіпке сəйкес жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді жəне бөлуді жүзеге асырады;»;
10-тармағының 11) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«14-5) кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын жəне қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта жəне кешкі (ауысымды) оқыту нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру ұйымдарында жəне интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру ұйымдарында жəне балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз етеді;»;
«42-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру жəне олардың қызметі үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
42-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға тікелей қатысу құқығын іске асыруы үшін жағдай жасайды;
42-3) жергілікті қоғамдастықтардың мүшелеріне осы Заңға сəйкес олардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»;
10-тармағының 11) тармақшасының жетінші жəне сегізінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«44) жетім балаларды жəне ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды əлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асырады;
45) мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды əлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асырады.»;
12) 33-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның үшінші абзацындағы «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармағының 12) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 14-2) жəне 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-2) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтажы, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер құрылысының эскиздік жобасын келіседі;
14-3) кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын жəне қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта жəне кешкі (ауысымды) оқыту нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру ұйымдарында жəне интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру ұйымдарында жəне балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз етеді;»;
13) 35-бапта:
1-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді жəне зираттар мен өзге де жерлеу орындарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;
10-тармағының 13) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1-3-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) өзінің сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті жергілікті қоғамдастық жиынына ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-5 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің əкімі Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тəртіппен жəне мерзімдерде халықпен кездесулер өткізеді жəне:
1) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысын таратады;
2) жергілікті қоғамдастық жиындарына бастамашылық жасайды.»;
«4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің əкімі өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асырады.»;
14) 38-1-бапта:
10-тармақтың 4) тармақшасындағы «жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын» деген сөздер «аудандық маңызы бар қаланы, кентті, ауылды, ауылдық округті дамыту жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту жоспарын əзірлеу жəне бекіту əдістемесін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган бекітеді.»;
15) 39-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдерінің сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы олардың жыл сайынғы есептерін тыңдау жəне талқылау;»;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді дамыту жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармағының 15) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру жəне тарату туралы шешімді осы Заңға сəйкес жергілікті қоғамдастық жиыны қабылдайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) əкімін жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы болжамды жиын күнінен он күн бұрын хабардар етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 жəне 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тəртібі жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу регламентінде айқындалады.
Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган əзірлеп, бекітеді.»;
«9-1. Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің талқылауға жəне шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді пайдалана отырып өткізуге жол беріледі.».
11. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Даму Банкінің үлестес тұлғалары
Ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің жəне аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары Даму Банкінің үлестес тұлғалары болып табылмайды.».
12. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-2-бапта:
1-тармақтағы «, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторының акцияларын» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы» деген сөздер «кемінде жетпіс бес пайыз акциялары» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-6-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «жол парақтары мен тауар-көліктік құжаттармен» деген сөздер «республикаішілік тасымалдаудағы жолпарақтармен жəне тауар-көлік құжаттарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «жол парақтары» деген сөздер «республикаішілік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолпарақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы «уақыты туралы» деген сөздерден кейін «республикаішілік тасымалдаудағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 46-баптың 3-тармағы «жүкқұжатындағы жəне» деген сөздерден кейін «республикаішілік тасымалдауда» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-2-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бір мезгілде электр жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жəне балансында жиырмадан астам жылу көздері бар, өздеріне қатысты оңалту рəсімі қолданылған, коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын (борыштарын) субсидиялауды резерв есебінен жүзеге асырады.».
15. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге жəне тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мəдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мəслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жəрдемақы беріледі жəне тұрғынжай сатып алу немесе салу үшін əлеуметтік қолдау ұсынылады.
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға əлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталған соң əлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.».
16-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, əмбебап дизайн жəне (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, білім беру ұйымдарында білім алу үшін оларға арнаулы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды, сондай-ақ əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады жəне олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады жəне таратады;
7) отыз жылдан астам пайдаланылып отырған, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін авариялығы тұрғысынан зерттеп қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік ұйымдарды сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп қарауды əрбір бес жыл сайын қамтамасыз етеді;
8) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітеді;
9) жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
10) өңірлік кəсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
11) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
12) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
13) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітіп, орналастырады;
14) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бюджет қаражаты жəне бюджеттен тыс қорлар есебінен білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектісін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
16) облыстық жəне аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тəрбиеленушілеріне жəне жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға жəне білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тəрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп ұстауға жəне орта білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай жəне материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді сатып алуды жəне жеткізуді қамтамасыз етеді;
18) облыстық ауқымда жалпы білім беретін пəндер бойынша олимпиадаларды жəне ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кəсіптік шеберлік конкурстарын, облыстық ауқымда бастапқы əскери даярлық бойынша жарыстарды ұйымдастыруды жəне өткізуді қамтамасыз етеді;
19) өңірлік жеңімпаз болып табылатын білім алушылардың жалпы білім беретін пəндер бойынша олимпиадаларға, білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
20) өңірлік жеңімпаз болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық жəне (немесе) халықаралық деңгейдегі кəсіптік шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тəрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
22) облыстық деңгейде жүзеге асырылатын, балаларға арналған қосымша білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
23) мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау жəне педагогтерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
24) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп қарауды, оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
25) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
28) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жəрдемдеседі;
29) жыл сайын 15 сəуірге дейін білім беру жəне денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органдарға ауылдық жерде кадрлардың қажеттігі туралы өтінімдерді ұсынып, берілген өтінімдерге сəйкес кейіннен жұмысқа орналастырады;
30) облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады;
31) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
32) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уəкілетті органның цифрлық объектілерінде статистикалық байқау деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
33) кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
34) кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы адамдарға жағдайды қамтамасыз етеді;